Химия және химиялық технология факультеті


Орбитальдар. Орбитальдардың гибридтенуі



бет12/26
Дата16.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50552
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
2. Орбитальдар. Орбитальдардың гибридтенуі.
Енді атом ядросының айналасындағы электронның күйін қарастырайық. Электронның бір орынында тұрмай, әрдайым ядроны айнала қозғалыста болатынын білесіздер. Егер элементтердің ядро айналысындағы қозғалыс сәттерін көптеген (миллиондаған) суретке түсіретін болсақ, және оның бәрін бір суретке біріктірсек электрон бұлттарын алар едік. Енді осы бұлттың ала бір сызықпен қиятын болсақ, ядро айналасындағы электрон бұлтының пішіні, яғни орбиталь пайда болады.

Ядро айналасындағы электрон өзінің бүкіл уақытының 95%-ын өткізетін кеңістік (көлем) орбиталь деп аталады. Орбитальдар s, p, d, f болып бөлінеді.

Көріп тұрғаныңыздай электрон орбитальдарының пішіні (формасы), сондай-ақ энергиясы әр түрлі болады. Бірақ зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, химиялық байланыстың түзілуіне әр түрлі электрондар қатысуына қарамастан, мысылы, СН4 молекуласында барлық байланыстар бір-бірімен бағыты және энергиясы жағынан тең. Бұның себебін (Л. Полинг ашқан ) гибридтену арқылы түсіндіруге болады.
Химиялық байланыс таза электрон орбитальдарынан емес, гибридтелген, яғни будандасқан орбитальдардың қатысуымен түзіледі екен.
Гибридтену дегеніміз формасы және энергиясы әр түрлі электрон орбитальдарының өзара әрекеттесіп бірдей орбитальдар түзілуі. Пайда болған жаңа орбитальдар гибридтелген орбитальдар деп аталады. Енді гибридтердің түрлерін қарастырайық:
sp – гибридтену: 1s және 1p орбитальдарының әрекеттесуі нәтижесінде жүзеге асады.



sp2 - гибридтену: 1s және 2p орбитальдарының әрекеттесуінен пайда болады.

sp3 - гибридтену: 1s және 3p орбитальдарының әрекеттесуінен пайда болады.



СН4-да sp3 – гибридтену жүзеге асады.


3. Химиялық байланыс. Атомдар бір-бірімен әрекеттесуі нәтижесінде химиялық байланыс түзіледі. Нәтижесінде химиялық тұрақты қосылыстар – молекулалар, иондар, кристалдар пайда болады.
Химиялық байланыстың түзілуі нәтижесінде атомдар өзінің сыртқы электрондық қабатын аяқталған электрондық қабатқа, яғни 2 немесе 8 электрондық қабатқа жеткізуге тырысады. Аяқталған электрондық қабат энергиялық жағынан тиімді, сондықтан тұрақты келеді (Коссель және Льюистің октет теориясы). Осы аяқталған электрон қабаты түзілу әдісіне қарай химиялық байланыс – иондық және коваленттік байланыс болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет