Иондық байланыс. Активті металдар мен активті бейметалдар арасында түзіледі. Мысал ретінде NaCl молекуласының түзілуін қарастырайық.
11Na 1s2 2s2 2 p6 3s1 17Cl 1s2 2s2 2 p6 3s2 3p5 Иондар арасындағы электростатикалық тартылыс күшіне негізделген химиялық байланыстың түрін иондық, сондай-ақ гетерополярлы немесе электровалентті байланыс деп атайды (В. Коссель 1916 ж. жасады).
Коваленттік байланыс. Иондық байланыс химиялық қасиеттері бір-бірімен өте алшақ электрондар арасында пайда болады. Ал, қасиеттері ұқсас, немесе бірдей элемент атомдарының арасында коваленттік байланыс пайда болады.
1916 ж. Дж. Льюис, химиялық байланыс түзілгенде атомдар арасында ортақ электрон жұптары (яғни әр атомнан бір-бір электроннан) пайда болады деген болжам айтты. Яғни ортақ электрон жұптарының есебінен аяқталған электрондық қабат түзіледі:
Ортақ электрон жұптары екі атомды бірдей айналып жүреді.
Ортақ электрон жұптары түзілуі нәтижесінде пайда болатын химиялық байланыс коваленттік байланыс деп аталады.
Органикалық қосылыстарда жиі кездесетін байланыстың түрі – ковалеттік байланыс.
Коваленттік байланыстың физикалық мәні: электрон орбитальдарының бүркесуі.
Органикалық қосылыстарда кездесетін байланыстың бір түрі – сутектік байланыс. Құрамында электртерістігі өте жоғары элементтермен (F, O, N) байланысқан сутек атомдары бар қосылыстарда жүзеге асатын байланыс – сутектік байланыс деп аталады.
Сутектік байланыстың күші иондық және коваленттік байланыстарға қарағанда әлсіздеу. Дегенмен қосылыстардың физикалық қасиеттеріне едәуір әсерін тигізеді. Органикалық қосылыстарда: спирттер, фенолдар, органикалық қышқылдарда, белоктарда кездеседі.
Коваленттік байланыстың түрлері.
Коваленттік байланыс электрон бұлттарының бүркесуі нәтижесінде пайда болатынын білеміз. Электрон орбитальдарының бүркесу тәсіліне қарай коваленттік байланыс - және - байланыстырға бөлінеді.
Электрон орбитальдарының атом центрлерін қосатын сызықтың бойында бүркесуінен пайда болатын химиялық байланыс - байланыс деп аталады. - байланыс күші жағынан ең берік байланыс. -байл.83 ккал/моль. - байланыс s - s, s – p, p – p арасында пайда болуы мүмкін және s – sp1, sp2, sp3 гибридтер. орбитальдар арасында
Электрон орбитальдарының атом центрлерін қосатын сызықтың екі жағында бүркесуінен пайда болатын байланыс - байланыс деп аталады. - байланыс тек p – p арасында пайда болады.