Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары



бет17/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
лекция.15 дәріс.02.02.23

2 мысал. а) KCN; б) Na2CO3; в) ZnSO4 тұздардың гидролизінің молекулалық және ионды молекулалық теңдеулерін жазыңыз. Осы тұз ертінділерінің реакция ортасын анықтаңыз.
Шешуі:

Калий цианиді KCN – күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұз. Бұл тұз гидролизге анионы бойынша түседі, ертіндіде гидроксид ионы (OH-) артық мөлшерде болады, сондықтан реакция ортасы негіздік pH>7;
Натрий карбонаты Na2CO3 – күшті негізден және әлсіз көп негізді қышқылдан түзілген тұз. Бұл тұз гидролизге анионы бойынша түсіп қышқылдық тұздың анионын –CO түзеді, ертіндіде гидроксид ионы артық мөлшерде болады, сондықтан реакция ортасы негіздік pH>7;
Мырыш сульфаты ZnSO4 – күшті қышқылдан және көп қышқылдық негізден түзілген тұз. Бұл тұз гидролизге катионы бойынша түсіп негіздік тұздың катионы – ZnOH+ түзеді, ертіндіде сутек ионы артық мөлшерде болады, сондықтан реакция ортасы қышқылдық pH>7.
Тотығу-тотықсыздану процестері


Әрекеттесуші заттардың құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
Тотығу дәрежесі деп – молекула тек иондардан тұратын бейтарап бөлшек деген болжаммен есептеліп шығарылған атомның шартты зарядын айтады. Тотығу-тотықсыздану бұл бір-бірімен тығыз байланысқан біріккен процесс. Тотығу процесі тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесін жоғарлатады, ал тотықсыздану процесі тотықтырғыштың тотығу дәрежесін төмендетеді.
Кез -келген элементтің атомы өзінің ең жоғарғы тотығу дәрежесінде оны одан ары жоғарлата алмайды (электронды бере алмайды), ал ең төменгі тотығу дәрежесіндегі оны одан ары төмендете алмайды (электронды қосып ала алмайды). Сондықтан ең жоғарғы тотығу дәрежесіндегі атомдар тотықтырғыштық, ең төменгі тотығу дәрежесіндегі атомдар тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Орта тотығу дәрежесіндегі элемент атомдары тотықтырғыштықта, тотықсыздандырғыштықта қасиет көрсете алады.
Мысалы:


тек тотықтырғыштық қасиет көрсетеді;

тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.





тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
Тотығу-тотықсыздану реакция кезінде атомның валенттілігі өзгермеуіде мүмкін. Мысалы: тотығу-тотықсыздану реакция кезінде сутек және хлор атомдарының валенттілігі реакцияға дейін және реакциядан кейін бірге тең. Олардың тек тотығу дәрежелері өзгереді. Валенттілік атомдардың арасында түзілген химиялық байланыстың санын көрсетеді, сондықтан оның +, – таңбалары болмайды. Тотығу дәрежесінің + және – таңбасы болады.
Тотығу-тотықсыздану реакция екі тәсілмен құрастырылады:

  1. Электрондық тепе-теңдік.

  2. Ионды-электрондық (жарты реакция әдісі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет