Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу



бет16/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

Топтық пікірталас
Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қандай да бір сұрақты талдау. Оқушыларға бір – бірлерімен білімдерімен, ойларымен, уәждерімен бөлісу ұсынылады. Пікірталасты жүргізуде басты шарт:

  • оған қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын сыйлау;

  • туындаған қайшылықтардың құрылымдық шешімін бірге іздеу.

Топтық пікірталас шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да қолданылуы мүмкін. Және бірінші жағдайда оның міндеті: алғашқы ақпаратпен алмасу, қайшылықтарды анықтау, ал екінші жағдайда – алынған мағлұматтарды қайта ойлауға, мәселені өзіндік көруін басқа көзқарастармен және ұстанымдармен салыстыруға мүмкіндік. Топтық пікірталас түрі диалогтық қатынасты дамытуға, ойлаудың өзіндік болуына көмектеседі.

Үзілістермен оқу және блум сұрақтары


Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілінің шартты аты
Дайындық жұмыстары:
1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: - Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); - Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре.
2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с.
3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.
Ұстаз нұсқаулар береді және мәтінмен жұмыстың ережелерінің сақталуын мұқият қадағалай отырып, үзіліспен оқу үрдісін ұйымдастырады. (Сипатталған стратегия өзіндік оқуда ғана емес, мәтінді естіп қабылдауында да қолданылуы мүмкін).
Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын сұрақтардың түрлері:
- «ауыстыру» және талдау (ақпаратты жаңа түрге ауыстыру және оқиға-лардың, фактілердің, ойлардың, құндылықтардың арасындағы өзара бай-ланысты анықтау);
- жады (формалды деңгей) – алынған ақпаратты тану және шақыру;
- бағалау – алынған ақпаратқа пікірлер мен ойлар құрылатындай субъек-тивті-жеке көзқарас;
- синтез – алынған ақпаратты логикалық жалпылау, себеп-салдарлық бай-ланыстарды бүтіндей қабылдау;
- анализ – құбылысты үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» мәнмәтінде «жекені» ерекшелеу;
- қолдану – ақпаратты сюжеттік мәнмәтінде немесе оның сыртында мәсе-лені шешештін құрал ретінде қолдану;
Ескерту: үзіліспен оқуды шақыру және рефлексия сатысында техно-логияның басқа тәсілдерімен толықтыра отырып, ұғыну сатысында қолданған орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет