I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін "Ә" – әлдеқашан білгенмін;
N – noting: жүйелік белгілеу "+" – жаңа;
S – system: тиімділік үшін "–" – басқалай ойлады;
E – effective: оқу және ойлану "?" – басқалай ойлады.
R – reading
T – thinking
Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі. Тәсіл бірнеше сатымен жүзеге асады.
I саты: Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу:
V «қанат белгімен» оқушыларға әлдеқашан белгілі нәрсе белгіленеді; - «алу» белгісімен олардың түсінігіне қайшы нәрсе белгіленеді; + «қосу» белгісімен оларға қызықты және тосын нәрсе белгіленеді; ? «сұрақ белгісі» егер, бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса қойылады.
II саты: Мәтінді оқи отырып, студенттер жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді.
III саты: Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады:
V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе)
- «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе)
+ «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе
? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)
...
...
...
...
...
...
...
...
IV саты: Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау.
Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер.
Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.
Инсерт-тің кезеңдері үш сатыға сәйкес: шақыру, ұғыну, рефлексия.
Миға шабуыл
Шығармашылықты ынталандыратын «миға әрекет» психологиялық тәсілмен, Алекс Осборн «Қолданбалы елес», 1950, шатастырмаңыз. Және бұл екі сөз тіркесі де «brainstorming» деген ағылшын терминінің орыс тіліндегі нұсқалары, бірақ әртүрлі салада қолданылады және әртүрлі міндет атқарады. Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.
1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын жазу ұсынылады;
2 саты: Ақпаратпен алмасу.
Тиімді пайдалануға ұсыныстар:
1. 1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит;
2. Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады;
3. Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы.
Жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау түрлері мүмкін. Әдетте, оларды бірінен кейін бірін тізбектей жүргізеді, бірақ әрқайысысы іс-әрекетті ұйымдастырудың жеке тәсілі болуы мүмүмкін. Ескерту: жұптық миға шабуыл өз ойларын үлкен дәрісхананың алдында айта алмайтын оқушыларға өте көмектеседі. Жолдасымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түседі. Әрине, топпен жұмыс көбірек оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік береді.