§ 1. Ӛзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы
Ӛзіндік
жұмысты түсіндірудегі келістер
Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда зерттеушілер дәстҥрлі тҥрде
оқушының сыныптағы жҧмысын еске алады. Алайда, мектеп
оқушысының оқу іс-әрекетін ҧйымдастыру сыныптық жҧмысымен
қатар, оқу пәні бойынша оның сыныптан тыс және ӛзіндік жҧмысын да
қамтиды. Неғҧрлым аз зерттелген және де оқу іс-әрекетін
психологиялық талдау тҧрғысынан неғҧрлым қызықты оқушының,
студенттің ӛзіндік жҧмысы болып табылады. Дәл осы ӛзіндік жҧмыстан
оның мотивациясы, мақсаттылығы, және де ӛзіндік ҧйымдасуы, ӛз
бетіншелігі, ӛзін-ӛзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары
байқалады. Ҥйренушінің ӛз бетінше жҧмысы оның оқу процесіндегі
позициясын қайта қҧрудың негізі ретінде қызмет етеді.
Ӛзіндік жҧмыс, бҧрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу
орнында
оқытудың
маңызды
және
кеңінен
талқыланатын
проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу
орнында оқытудың қазіргі кҥнгі әдістемелерінде ол міндетті тҥрде
оқытушының ҧйымдастырушы рӛлімен теңестіріледі. Дидактикада
ӛзіндік жҧмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс,
немесе мҧғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша
даралық және ҧжымдық іс-әрекетінің алуан тҥрлі тҥрлерін тҥсінеді
(А.А. Миролюбов).
Сыныптан тыс және мектептен тыс жҧмыстың жалпы
педагогикалық анықтамасы, ол бойынша бҧл оқушылардың іс-
әрекетінің
алуан
тҥрлері
(мектепте
сабақтан
тыс
уақытта
ҧйымдастырылатын және ӛткізілетін, тәрбиелік және білім беру
сипатындағы), кӛптеген зерттеушілердің оқушылардың ӛз бетінше іс-
әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты
мектепте
факультативтік
курстарды
ҧйымдастырудың
жалпы
контексінде дамытуда ӛзіндік жҧмыстың бірнеше тҥрі туралы айтылған,
оларға бір ғана «оқудан тыс» деген тҥсінікпен біріктірілген сабақтан
тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жҧмыстар жатады. Оқудан тыс
жҧмыстың негізгі ҥш айырмашылығы тҧжырымдалады: оқушылардың
оған ӛз еркімен қатысуы, сабақтан тыс ӛткізу, ӛз бетіншіліктің
236
басымдылығы. Оған қойылған талаптар сабақтағы және сабақтан тыс
жҧмыстардың байланысын, ӛз еркімен алынған сыныптан тыс
тапсырмаларды...
орындаудағы
міндеттілікті,
сыныптан
тыс
сабақтардың мақсаттылығы мен ҥнемділігін, оқушыларды толықтай
қамту және т.б. қамтиды (С.Ф. Шатилов).
Ӛзіндік жұмыстың анықтамасы
Осы проблеманың жалпы педагогикалық және әдістемелік
сҧрақтарын жеткілікті жан-жақты тҥсіндіруде оның психологиялық
жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ кӛрсетілген болып қалады.
Осы проблеманы қарастыру ҥшін бастапқы жағдайларды анықтайық.
Біріншіден, мектеп оқушысының ӛзіндік жҧмысы оның сабақ
ҥстінде оқу іс-әрекетін дҧрыс ҧйымдасуының салдары болады, оның ӛзі
оны ӛз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды
мотивтендіреді. Осыған сәйкес мҧғалім ҧйымдастыратын және
басқаратын оқушының оқу жҧмысы (мҧғалім тапсырмасы бойынша
сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша ӛзіне берілген
ӛз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бҧл мҧғалім
ҥшін ӛзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес,
сондай-ақ оның оқушыларда оқу пәнін жаңа оқу тапсырмаларын
орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын
саналы тҥрде ҧғынуды білдіреді.
Екіншіден, берілген тҥсініктемеде ӛзіндік жҧмыс – ҥй жҧмысына
қарағанда неғҧрлым кең тҥсінік, яғни мҧғалімнің келесі сабаққа
дайындау сыныпта ҥйге берген тапсырмаларын орындау. Ӛзіндік жҧмыс
оқушының мҧғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс
жҧмысын қамти алады. Бірақ тҧтастай бҧл оқушының қандайда бір
материалды меңгерудің дайын немесе ӛзі ӛндірген бағдарламасынан
таңдап алып, қатарласа шҧғылдануы.
Ҥшіншіден, ӛзіндік жҧмыс ҥйренушінің оқу іс-әрекетінің ӛзгеше
тҥрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық
ерекшеліктерімен сипатталады. Бҧл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы
формасы, оның сыныптағы жҧмысымен байланысты ӛз-ӛзіне білім беру
формасы.
Ҥйренушінің ӛзі ҥшін ӛзіндік оқу жҧмысы психологиялық
тҧрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей
мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы тҥсінілуі тиіс. Ол ҥйренуші
тарапынан оған енетін бірқатар әрекеттердің орындалуын ҧйғарады: ӛз
іс-әрекетінің мақсатын саналы тҥсіну, оқу міндетін қабылдау, оған
237
тҧлғалық мағына беру (А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы
терминдерінде),
осы
міндеттерді
орындауға
ӛзінің
басқа
қызығушылықтары мен шҧғылдану формаларын бағындыру, оқу
әрекеттерін уақыт бойынша бӛлуді ӛз бетінше ҧйымдастыру, оларды
орындауды ӛз бетінше бақылау.
§ 2. Ӛзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде
Ӛзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар
Енді ӛзіндік жҧмыстың ӛзгешелігін (бҧл сӛздің нақты, іс-әрекеттік
мағынасында)
сыныптан
тыс
жҧмыспен
салыстыра
отырып
қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жҧмыс). Оның
анықтамасын оқытудығы сабақтан тыс жҧмысты ҧйымдастырудың
негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ
ҥстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп,
кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді,
іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші
талап жҧмыс материалының ӛзінің формаларының, процестерінің және
материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы
процесте
ӛз
еркімен
және
белсенді
араласуы,
бҧқаралық
ҧйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.
Егерде ӛзіндік жҧмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы
ӛзгешелік тҥрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен
салыстыра отырып оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады.
Мысалы, нағыз ӛзіндік жҧмыс ӛз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты
«ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мҥмкін. Ол оқушыда бір
жаңа, белгісіз, ӛзі ҥшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген
қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу ҥрдісінде осындай
қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бҧл, ӛз кезегінде мҧғалімнің
жҧмысының оларда осындай қажеттілікті пайда болуна алғышарт
қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мҧғалімі
былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі кҥнгі
«жастар» ағылшын тілін ҥйренемін десе, менің кеңесімді және қолда
бар әдебиеттерді пайдалана алады).
Басқаша айтқанда, осылайша тҥсінілген ӛзіндік жҧмыс бейнесінің
«сыныптан тыс», «ҥй» жҧмысынан ажырататын ерекшелігі оның
негізінде әрқашан да оқушы ҥшін жаңа материал, жаңа танымдық
міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жҧмысқа
қойылатын талаптардың екіншісі сондай-ақ, ӛзіндік жҧмыстың іс-
238
әрекеттің ӛзгеше тҥрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бҧл жерде
тек ҧйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің ӛзі,
яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын
тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан
бастаған шахматшының ӛз бетінше шахмат партиясын талдауы бола
алады. Әрине, мҧндай ӛзіндік жҧмыспен бәрі айналысады деп
ҥміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар ҥшін жағдай
мен алғышарт тудыру сӛздің тура мағынасында дамыта оқудың кӛрінісі
болып табылады.
Оқушылардың ӛз еркімен, белсенді қатысуын талап ету тура пән
аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты оқу іс-әрекетінің тҥрі
ретінде ӛзіндік жҧмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жҧмысқа
қойылатын бҧқаралық талабы, яғни оқушылардың мысалы ҥйірмелерге,
театр-студияларға қатысу сипаты ӛзіндік жҧмыс ҥшін ӛзгеретіні
кӛрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жҧмысын
ҧсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың ӛзара ауызбірлігі
бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша мҧндай жҧмыс ҧжымдық та
бола алады, мҧның ӛзі оның пәндік, тҧлғалық жақтарынан нәтижелігін
арттырады. Осылайша тҥсінілген ӛзіндік жҧмыс – бҧл оқушының
сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған
білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін
даралық жоспар бойынша жҧмыс формасы деп ҧйғаруға болады.
Ӛзіндік жұмыстың іс
-
әрекеттік сипаты
Мектеп оқушыларының жалпы іс-әрекет ретінде қарастырылатын
ӛзіндік жҧмысы кӛпқырлы, кӛпфункционалды қҧбылыс болып
табылады. Ол тек оқу ғана емес, сондай-ақ тҧлғалық және қоғамдық
мәнге ие. Жалпы мойындау бойынша кҥрделі және кӛпмәнді бола
отырып, ӛзіндік жҧмыс терминологиялық тҧрғыдан әлі анықталмаған,
бірақ оның мазмҧны барлық зерттеушілер және оқыту практиктері
тарапынан біржақты тҥрде оқушының мақсатты, белсенді және
салыстырмалы еркін іс-әрекеті мағынасында тҥсіндіріледі. Іс-әрекеттік
анықтауда ӛзіндік жҧмыс – бҧл мектеп оқушысының ӛзінің ішкі
танымдық тҥрткілерінің кҥшіне сай, оның кӛзқарасы бойынша
неғҧрлым ыңғайлы, ҧтымды уақытта ҧйымдастырылатын процесс
кезінде ӛзі қадағалап отыратын және оны іс-әрекет нәтижесі бойынша
мҧғалім тарапынан мектептен тыс жанама жҥйелік басқару негізінде
қадағаланатын жҧмыс (ҥйретуші бағдарлама, дисплейлік техника).
239
Басқарудың ӛзі оның психологиялық моделі контекстінде
тҥсінілетін және де қҧру мҥмкіндігін Л.М. Фридман ашқанын атап ӛту
маңызды [223]. Ол оқушының іс-әрекетін басқарудың субъектілік
(объектілік емес) сипаты, қҧрылымы жайлы, осы басқарудың
динамикалылығы, қаталдығы немесе йілімдігі жайлы, оқушының
тҧлғалық қатысуы (оның мақсатты ҧйғаруының міндеттілігі),
мҧғалімнің тҧлғалық жауапкершілігі және жҧмыстың ҧжымдылық
формасының міндеттілігіне жайлы тҧжырымға негізделген.
Мектеп оқушысының ӛзіндік жҧмысын сырттай басқару сипатын
анықтау ҥшін маңыздысы автордың осындай басқарудың қаталдық
дәрежесі жайлы тҧжырымы болып табылады. Л.М. Фридман бойынша,
оқушының әрекетінің бірізділігі неғҧрлым кӛп «... сыртқы басқарушы
жүйемен берілсе, соғұрлым басқару қатал болады. Осы бірізділігі
оқушы тарапынан мазмұны бойынша кӛп таңдалып және анықталса,
соғұрлым оқушыны басқару йілімді болады... басқару қаталдығы
оқушылардың ӛсуіне қарай азаюы керек». Орта білімді аяқтап, жоғары
оқу орнына ӛту мезгілінде басқару толықтай йілімді болуы тиіс [223,
197 б.]. Осылайша, мектеп оқушыларының ӛзіндік жҧмыстарын
басқарудың йілімдігі, аталған басқаруды жҥзеге асыратын каналдарға,
яғни мҧғалімге, бағдарламаға, міндеттер жҥйесі ретіндегі оқу
материалының мазмҧнына қатысты осы жҧмысты ҧйымдастырудың
жеке әдістемелік проблемасы болып табылады.
Ӛзіндік жұмыстың даралық
-
психологиялық детерминанттары
Ӛзіндік жҧмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы бола
отырып, оның субъекті ретіндегі ҥйренушінің даралық-психологиялық
және тҧлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық
детерминанттарға ең алдымен ӛзін-ӛзі реттеу жатады. Ӛзін-ӛзі реттеу
тҥсінігін психологиялық тҧрғыдан И.П. Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К.
Анохин негіздеген, яғни олардың тҥсінігі бойынша адам - кемеліне
жеткен, ӛзін-ӛзі оқытушы, ӛзін-ӛзі жетілдіруші, ӛзін-ӛзі реттеуші жҥйе.
Ӛзін-ӛзі ретттеудің психологиялық теориясының (О.А. Конопкин, О.К.
Осницкий) жалпы контекстінде ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастырумен
сәйкестендірілетін пәндік ӛзін-ӛзі реттеудің кезеңдері анықталған
болатын [155].
Оқушыларда, ӛзін-ӛзі реттеуді дамыту мақсатында ең алдымен
ӛздерінің мҥмкіндіктері және оларды жҥзеге асыра алу іскерліктері
жайлы, соның ішінде мақсат қҧру және мақсатты тежеу мҥмкіндіктері
жайлы елестетулердің тҧтас жҥйесі қалыптастырылуы керек. Оқушылар
240
тек мҧғалім ҧсынған мақсаттарды тҥсіне алу ғана емес, сондай-ақ
оларды ӛзі қалыптастырып, жҥзеге асқанша тежеу, басқалар жағынан
ығыстыруға жол бермеу және де қызықты болу керек. Оқушы ӛз іс-
әрекетін модельдей алуы, яғни ӛз тәжірибесінен қажеттілік заты жайлы
елестетуді, ал қоршаған жағдайдан – осы затқа сәйкес объектіні іздей
отырып, мақсатты жҥзеге асыру ҥшін маңызды шарттарды бӛлуі тиіс.
Оқушының ӛзін-ӛзі реттеуі ӛз іс-әрекетін бағдарламалай алу іскерлігін
болжайды, яғни іс-әрекеттің сәйкес мақсатына қатысты берілген
шарттарды қайта қҧрау тәсілін таңдауды іске асыру, осы қайта қҧрау
ҥшін қҧралдарды сҧрыптау, жеке әрекеттердің бірізділігін анықтау.
Пәндік ӛзін-ӛзі реттеудің маңызды кӛрінісінің бірі ӛз әрекетінің
аяққы және аралық нәтижелерін бағалай алу іскерлігі болып табылады.
Бҧл жерде маңыздысы қабылданған, объективті критерийлерден ӛз
нәтижелерін бағалаудың субъективті критерийлері айырмашылығының
аса кӛп болмауында. Ӛзін-ӛзі реттеу ҥшін ӛз әрекеттеріне тҥзету жасай
алу, яғни нәтиже қойылған талаптармен сәйкес келу ҥшін ӛз әрекеттерін
қалай ӛзгертуге болатынын елестету маңызды болып табылады.
Сондай-ақ ӛзін-ӛзі реттеу адамның басқа адамдармен ӛзара
қатынас жасау нормалары жайлы, еңбек қҧралдарымен жҧмыс жасау
жайлы тҥсініктерін қамтиды. Бҧл жерде ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру
ҥшін ҥйренушінің жоғарыда аталған тҥсініктеріне оның бойында
бҧрыннан оқудағы сыныптық жҧмыс барысында қалыптасқан дағдылар
мен іскерліктер сәйкес келу керектігі жӛніндегі маңызды ой ерекше
аталынып кӛрсетіледі,. Әрине, адамның пәндік ӛзін-ӛзі реттеуінің ӛзі
ӛзін-ӛзі танудың, ӛзін-ӛзі бағалауды барабарлығының, ойлаудың
рефлексиялылығының, тҧлғаның мақсаттылғының, ҧйымдасқандығы-
ның, ӛз бетіншелігінің, оның ерік сапаларының қалыптасқандығының
жоғарғы деңгейін ҧйғаратын оның тҧлғалық ӛзін-ӛзі реттеумен
байланысты. А.К. Осницкий, егер ӛзін-ӛзі реттеу іскерліктері педагог
пен оқушының ӛзінің мақсатты бағытталған әрекеттерінің пәні болып
табылса, онда олардың жылдам қалыптасуы мҥмкіндігін атап кӛрсетеді.
Бҧл жерде адамның ӛзін-ӛзі реттеуінің дамуы оның дербестілігінің
қалыптасуына ықпал етеді.
Ӛзіндік жұмысты оның субъектінің
іс
-
әрекеті ретінде анықтау
Ӛзіндік жҧмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық
сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тҧрғысынан осы
қҧбылыстың неғҧрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы
241
кӛзқарас бойынша ӛз бетінше жҧмыс субъект тарапынан орындалған
әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген,
қҧрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша
тҥзетілетін жҧмыс ретінде анықталуы мҥмкін. Оны орындау ӛзіндік
сана сезімнің, рефлексиялықтың, ӛзіндік тәртіптіліктің, тҧлғалық
жауапкершіліктің жеткілікті жоғарғы деңгейін талап етеді, оқушыға
ӛзін - ӛзі жетілдіру және ӛзін-ӛзі тану процесі сияқты қанағаттануды
береді.
Жұмысты ұйымдастыру және ӛзін
-
ӛзі ұйымдастыру
Айтылғандардың барлығы арнайы, осы қҧбылыстың психология-
лық табиғатын есепке ала отырып ӛз бетінше жҧмысты қаншалықты
мҧғалімнің, соншалықты оқушының ӛзін-ӛзі ҧйымдастыруының
қажеттілігін атап кӛрсетеді. Осындай ҧйымдастыру процесінде оқу
пәнінің ӛзгешелігі
назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі
және т.б. Сонымен бірге, ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру бірқатар
сҧрақтарды кӛтереді, олар оқушының ӛзінің осы іс-әрекет формасының
субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.
Бірінші сҧрақ – мектеп оқушыларының басым кӛпшілігі ӛзіндік
жҧмыс атқара ала ма? Кӛптеген зерттеулердің материалдары
кӛрсеткендей, бҧл сҧраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар
туралы айтпағанда, студенттердің ӛздері де ӛзіндік жҧмыс атқара
алмайтынын кӛрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің
жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% ӛзіндік
жҧмысты ҧйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мҥлдем ӛз
уақыттарын дҧрыс бӛліп, пайдалана алмайды; 85% оны дҧрыс бӛліп,
пайдалануға болатынын мҥлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы ӛзіндік
жҧмыс алғанның ӛзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және
оқу
мәтіндерін
оқығанда
және
конспектілегенде
баяу
қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау,
мағыналау, қайта ӛңдеу, тҥсіндіру және белгілеу оларда елеулі
қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда ӛз бетінше жҧмысқа
деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың
ҧйғарған әрекеттерді жҥзеге асыра алмайтындығы жӛнінде айтуға
болады. Егер бҧған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі
танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші
сҧраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сҧрақ
туындайды: тиімді ӛз бетінше жҧмысқа дайындық, содан кейін
қабілеттілік тек ҥй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің
242
жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз.
Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ҧйғаруды,
ӛзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, ӛзіндік тәртіпті,
ӛзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жҥзеге
асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін ӛндіру,
нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті
ретінде дамытудың ӛзін-ӛзі жетілдірілу тҧрғысынан жалпы тҧлғалық
дамуды ҧйғарады. Екіншіден, бҧл қабілеттілік тек жаратымды оқу
мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан
оқушыларда ғана
тиімді және ӛздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті
студенттердің ӛздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші
курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген кӛзқарас теріс екенін кӛрсетті
[243].
Әрине, оқушыларда ӛзіндік жҧмысқа қабілетті қалыптастыру
проблемасы (әсіресе, іс-әрекет процесіне және нәтижесіне деген ішкі
мотивация),
оқу
мотивациясын
алдын
ала
кӛтеру,
оқуға
қызығушылықты тәрбиелеу проблемасына айналады. Зерттеушілердің
атап кӛрсетуінше, «мақсатты қалыптастыру барысында... танымдық
белсенділікпен
байланысты
түрткілердің
барлығы
неғұрлым
саналанған және әрекетті бола бастайды, олардың оқу іс-әрекетіндегі
алдын алушы
, реттеуші рӛлі күшейеді, оқушылардың мотивациялық
саланы қайта құрудағы белсенділігі, оқу жұмысының ӛз бетінше және
йілімді мақсаттарын қоюдағы белсенді тырысулары жоғарылайды,
ішкі түрткілердің сыртқы түрткілерден үстемділгі байқалады» [221,
27 б.]. Сонымен бірге, зерттеушілер оқуға деген позитивті
мотивациялық ӛзгерістер, қызығушылықтың қалыптасуы мектеп
оқушысының тҧтастай тҧлғасының ӛзгеруі, жетілдірілуі нәтижесінде
болатынын атап кӛрсетеді.
Ӛзіндік жұмысқа оқыту
Оқушылардың ӛзіндік жҧмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру
міндетін орындауда бҥкіл педагогикалық ҧжым ҥшін проблема
туындайды. Ол осы жҧмыс мазмҧнына оқушыларды мақсатты тҥрде,
әсіресе, орта және жоғары сынып оқушыларын, студенттерді оқытуда
болып табылады. Мҧндай оқыту оқу іс-әрекетінің ӛзінің модельдеу
тәсілдерін қалыптастыруды, оқушылардың ең қолайлы кҥн тәртібін
анықтауларын, оқу материалымен жҧмыс істеудің ҧтымды тәсілдерін
саналы аңғаруын және оны кейіннен ӛңдеуін, терең, сонымен бірге тез
оқу амалдарын игеруді, тҥрлі әрекеттердің, конспекттердің, оқу-
243
практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын қҧруды қамтиды.
Осы тҧрғыда А.К. Маркова ҧсынған оқу жҧмысының тәсілдері ҥлкен
қызығушылық тудыруы мҥмкін:
-
«мәтінді мағыналық қайта ӛңдеу тәсілдері, оқу материалын
үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды
бӛліп кӛрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау,
мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін ӛз
бетінше құру;
-
оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалармен «динамикалық
оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым
ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект,
аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы
тәсілдері);
-
есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын
құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып
мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);
-
зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының
ӛзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, ӛз жұмысын сатылап
тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бӛлуге сүйенетін;
-
қосымша
ақпаратты
іздеудің
жалпы
тәсілдері
(библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар,
сӛздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі
кітапханада сақтау;
-
емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға
дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу
мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, қиын ауызша және жазбаша
тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы
ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның
жарықтығы және т.б.) тәсілдері» [127, 50 б.].
Бҧл жерде ақыл-ой еңбегін ҧйымдастырудың жалпы тәсілдері де,
оқу жҧмысының нақты тәсілдері де, мысалы мәтінмен жҧмыс істеу
келтірілгені айқын. Соңғылардың қалыптасқандағы оқушылар мен
студенттердің барлық оқу пәндері бойынша ӛзіндік жҧмыстарының
негізгі алғышарттарының бірі және де негізі болады.
Тағы атап ӛтейік, жалпы оқушылардың ӛзіндік жҧмысы оқу іс-
әрекеті тҧрғысынан сыныптық оқу іс-әрекетін дҧрыс ҧйымдастыруға
негізделеді. Соның ішінде бҧл мҧғалімнің сыртқы қадағалауынан
оқушының ӛзін-ӛзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның ӛзін-
ӛзі бағалауының қалыптасуына ӛтуі мен олардың байланысына қатысты
және бҧл, ӛз кезегінде, мҧғалімнің бақылау мен бағалауды жетілдіруін
244
ҧйғарады. Осыған сәйкес, мектеп оқушысында нағыз ӛз бетінше
жҧмысқа қабілеттілік қалыптасуы мҥмкін бе деген сҧраққа жауап
педагог пен оқытылушының біріккен іс-әрекетінен, оның субъектіне
ерекше талап қоятын және интеллектуалдық қанағаттану сезімін беретін
іс-әрекеттің ерекше формасы ретіндегі осы жҧмыстың ерекшелігін
саналы аңғаруға байланысты.
Дәрісханадан тыс жұмыс
түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары
Оқытылушылардың ӛзіндік жҧмыстарының ерекшеліктерімен
олардың ҥй жҧмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жҧмыстары
(мектептен тыс), яғни олардың барлық дәрісханалық және дәрісханадан
тыс, сабақтан тыс жҧмыстарының барлық тҥрлері салыстырылуы
мҥмкін. Олардың барлығы қандай да бір континуум қҧрайтыны айқын
(қандайда бір бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының
сыныптық жҧмысы, ал келесі жағынан – оқу іс-әрекетінің ӛзіндік
ҧйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның ӛзіндік жҧмысы
сияқты берілуі мҥмкін (кестені қараңыз).
Мектеп оқушысының ӛзіндік жҧмысы
Негізгі
критерийлер
Оқу жұмысының түрлері
Сынып
(аудитория
-
лық)
жұмысы
Сабаққа
дайындық
ретіндегі үй
жұмысы
Сынып
жұмысына
қосымша
ретіндегі
мектептен,
сыныптан тыс
жұмыс
Оқу пәні
бойынша
мектеп
жұмысымен
қатар
орындалатын
ӛзіндік жұмыс
Басқару кӛзі бойынша
(бақылау):
мұғалім бақылауы
оқушының
ӛзіндік
бақылауы
+
+
+
+
+
Іс
-
әрекетті жүзеге асы
-
ру сипаты бойынша:
сырттан берілген ре
-
жим
ӛз жұмыс режимі
+
+
+
+
+
Түрткі сипаты бойын
-
ша :
мұғалімнен, мектептен
ӛзіндік таным қажет
-
тілігі немесе жетістікке
жету қажеттілігі
+
+
+
+
+
Басқару кӛзі –
мұғалім
-
245
нің қатысуы бойынша:
оның қатысуымен
оның қатысуынсыз
+
+
+
+
+
Оқу іс
-
әрекетінің оры
-
нын тіркеу бойынша:
тіркелінген
(мысалы,
сынып
тіркелмейді)
+
+
+
+
Оқу жҧмысының тҥрлерінің талдауы келесіні кӛрсетеді: ӛзіндік
жҧмыс іс-әрекет тәрізді оқушының ӛзінің танымдық қажеттілігімен,
ӛзін-ӛзі бақылауымен, ӛз жҧмыс тәртібімен, оны орындау орны мен
уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап ӛтетін жайт,
осылайша тҥсінілетін ӛзіндік жҧмысты ҧйымдастыру формалары мен
әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы
зерттеулер материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін
анықтауға мҥмкіндік береді. Ҧсынылып отырған ӛзіндік жҧмысты оқу
іс-әрекетінің ерекше тҥрі ретінде қарастыру келісі
дамыта оқыту
принциптеріне сҥйенеді. Бҧл оқушылардың ӛзіндік жҧмысы олардың
пәндік қҧрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет
субъекті ретінде тҧлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ҧйғарады.
Ӛзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы
Ӛзіндік жҧмысқа оқытудың арнайы бағдарламасы тӛмендегілерді
қамту керек:
-
ҥйренушілердің мектепте, жоғары оқу орнында алған білімдер
жиынтығын тереңдетуде, кеңейтуде ӛз танымдық қажеттіліктерін
диагностикалауы;
-
ӛздерінің интеллектуалдық, тҧлғалық және физикалық
мҥмкіндіктерін анықтау, соның ішінде оқу орнында оқуынан тыс
уақытын объективті бағалау;
-
ӛзіндік жҧмыстың мақсатын анықтау – жақын немесе алыс
мақсатын, яғни ол танымдық қажеттілікті қанағаттандыру ҥшін немесе,
мысалы, оқуды жалғастыру ҥшін керек деген сҧраққа жауап;
-
ҥйренушінің зерттеу объектін немесе осы таңдаудың ӛзі ҥшін
дәйектемесін ӛз бетімен еркін таңдауы (осындай таңдау негізінде,
мысалы шет тілін оқуда, Англия тарихын, Германияның поэзиясын,
музыкасын, Францияның ӛнерін және т.б. таңдау болуы мҥмкін);
-
нақты жоспарды, ӛзіндік жҧмыстың қысқа және ҧзақмерзімді
бағдарламасын жетілдіру. Егер, сабақ кезіндегі ҧстазбен жҧмыс
осындай бағдарлама қҧруға ҥлгі болса, ӛте тамаша болар еді;
246
-
ӛзін-ӛзі бақылау формасы мен уақытын анықтау. Бақылау
формасы ретінде оқушы біреуге керек (сызба, жоба, аударма, реферат
және т.б.), яғни жҧмыс нәтижесі ӛзі ҥшін, ӛзгелер ҥшін тҧлғалық мәнді
жҧмысты таңдап алғаны ӛте орынды болар еді.
Әрине, осындай ӛзіндік жҧмыспен айналыстаын оқушылар саны аз
болуы мҥмкін, бірақ оны ҧйымдастыру шарттары оған әркімнің де
қосылуына мҥмкіндік беруі керек. Қорыта келе, оқытылушының ӛзіндік
жҧмысы оның оқу іс-әрекетінің ӛзгеше формасы ретінде мҧғалім
тарапынан алдын ала осы жҧмыс тәсілдеріне, формаларына және
мазмҧнына оқытуды талап ететінін тағы бір рет атап ӛткіміз келеді. Бҧл
мҧғалімнің
ҧйымдастырушы
және
басқарушы
функциясының
(икемділіктің тҥрлі дәрежесімен) маңыздылығын және сонымен бірге
оқытылушының ӛзін оқу іс-әрекетінің нағыз субъекті ретінде
саналауының қажеттілігін баса кӛрсетеді.
***
Оқытылушының ӛзіндік жҧмысы оның ӛзіндік білім беруі
контекстінде қарастырыла отырып, ӛзіндік реттеу және мақсатты ҧйғару
критерийлері бойынша оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы болып
табылады; ол басқару кӛзіне, тҥрткі сипатына және т.б. байланысты
сараланып жіктеліне алады.
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1.
Оқу іс-әрекетінің дербестілігі нені анықтайды (критерийлері)?
2.
Ӛзіндік жҧмысқа қандай талаптар қойылады?
3.
Ӛзіндік жҧмыстың даралық-психологиялық детерминанттары
ретінде не бола алады?
Ә д е б и е т
Вербицкий А.А. Самостоятельная работа студентов младших курсов //
Высш. шк. России. 1995. № 3.
Осницкий А.К. Психология самостоятельности. М., Нальчик, 1996.
Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов. М., 1994.
247
V БӚЛІМ
ТҤРЛІ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕЛЕРІНДЕГІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС
-
ӘРЕКЕТ
Ешбір басқыншы, ешбір мем-
лекет қайраткері бҧқара мәнін ӛзгерте
алмайды... Алайда, мҧғалімнің бас-
қыншылар мен мемлекет басшылары-
нан айырмашылығы - мен бҧл сӛзді
ең кең мағынасында қолданып
отырмын, олар, мҧғалімдер адамзат-
тың жасырын кҥштерін босатып,
жаңа қиял тудыруға қабілетті.
Николай Рерих. Половодье
1 тарау. Педагогикалық іс
-
әрекеттің
жалпы сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |