тіркесінің тнпін құрау мәнінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап
айтқанда, грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғалары
өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы
сөзді басыңқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші
сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық
тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан, басыңқы сөзді
бағыныңқымен байланысқа тұсіріп тұрады. Ал бұндай қасиет
көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі
қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің
тұл ғалары (жалғаулары) өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен (көбіне
етістікпен, кейде есіммен де, мысалы, малға бай, үйден үлкен,
үйде бала, түзде дана, қүрбымен әзіл, т. б.) оның семантикасы-
на сәйкес сабақтаса байланыстырады, бірақ өзі сөз тіркесінің
басыңқы компонентінің грамматикалық түлғасына не семанти-
касына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап бола-
ды, яғни бұл септік формасында түрған сөз тіркесінің екінші
сөзіне (яғни басыңқы сыңарына) оның қандай түлғада түруына
қарамай-ақ меңғеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір
жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: