И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет30/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

сөйлеме, алдырыңыз, мақтанба дегендер бүйрық рай форма- 
сы емес пе? Етістік түбірлері сөйле, ал, мақта екені белгілі. 
Сонда етістіктің болымсыз және етіс түлғаларын да бүйрық 
райдың 2-жақ көрсеткіші демекпіз бе? Дүрысында, “етістік 
түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрімен сәйкес келеді” -  
деу керек.
2-жақ бүйрық рай мағынасы қазіргі тілімізде нольдік форма 
болғанмен, бір кезде оның да өзіне тән грамматикалық түлғасы 
болғанын салыстырма-тарихи фактілер көрсетеді. Қазіргі кейбір 
түркі тілдерінде (өзбек, үйгыр, т. б.) оның көрсеткіші бар: - иң. 
Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында, Қарақалпақстанда 
түратын қазақтар тілінде 2-жақ бүйрық райдың -ғын, -гін, не- 
месе -ғыл, -гіл қосымшасы болуы (бар-барғын) кездейсоқ емес. 
Сондай-ақ бүйрық райдың басқа жақтарында (I. -айын, -ейін, 
-йін, -йын, II. сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, III. -сын, -сін) ар- 
наулы грамматикалық көрсеткіштердің болуы бір кезде тілімізде 
бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрінің жалғауы болғанын 
дәлелдей түседі. Бүйрық райдың 2-жақ көпше түрінің түлғасы 
-ыңдар, -іңдер, -ңдар, ңдер. Демек, көптік, мағынаны білдіріп 
түрған -дар, -дер жалғауы да, -ың, -ің, -ң - бүйрық райдың 
2-жақ көрсеткіші, өткен жіктік жалғаудың 2-жағында жекеше- 
ден бөлек көпше түрінің ерекше грамматикалық түлғасы бол- 
майды, ол мағына көптік жалғауы қосылуы арқылы беріледі: 
оқушысың - оқушысыңдар, келдің - келдіңдер, т. б.
Осы тәріздес жіктік жалғаудың үшінші жағында да бір кез- 
де арнаулы грамматикалық көрсеткіш болганын айқындауға 
болады. Жіктік жалғаудың 1, 2-жақтарында және көсемше 
(-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) формасьгаан кейін 3-жақтың өзінде де 
(-ды, -ді, -ты, -ті: ол түр етістігінен қалыптасқаны өлдеқашан
47


дәлелденген) жалғаудың жұмсалуы бір кезде 3-жақта жіктік 
жалғау болғанын, ол кейін түсіп қалғанын көрсетеді.
Демек, жалғамалы (агглютинативті) тілдердегі нольдік 
түлға сөйлеу процесінде сөздің формалық көрсеткіші түсіп 
қалып, ол түлға білдіретін грамматикалық мағына сақталып 
қалуынан туған немесе сөздердің грамматикалық байланысы- 
нан қалыптасқан. Сөйлеу процесінде сөз алгашқы формалық
көрсеткішіне лаиық қызметте жүмсалғанда, грамматикалық 
мағына формасыз түрған яғни түбір күйінде қолданылған 
сөз (бүйрық райдың 2-жағы) не басқа мағыналы сөз формасы 
(3-жақ жіктік жалғау формасы) арқылы беріледі.
Кейбір грамматикалық түлғалар бірде нольдік форма ретінде 
ешбір морфология лық көрсеткішсіз, бірде нольдік форма бол май, 
арнайы морфологиялық көрсеткіштері сөзге қосылып, жарыса 
қолданыла береді. Оған ілік, барыс, табыс, шығыс септіктері 
мен тәуелдік жалғауын жатқызуға болады. Әрине, бүлардың 
нольдік түлғада қолданылу мүмкіндігі мен шеңбері бірдей, 
біркелкі емес. Барыс, шығыс септіктерінің нольдік түлғалары 
өте сирек кездеседі: қала (га) барды, ол бел(ден) асты. Кейбір 
түрақты тіркес қүрамында бүл септіктердің нольдік түлғалары 
кездеседі, бірақ онда грамматикалық мағына сақтала да бер- 
меген, сондықтан әуелгі түлғасын салыстырмалы-тарихи 
фактілер негізінде ғана айқындауға болады: бой(ға) жету, ер(ге) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет