И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


Сұрақ.  Қазақ тіл білімінде септік түрлерін грамматикалық және көлемдік деп бөлу мәселесі қалай? Жауап



Pdf көрінісі
бет71/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

Сұрақ. 
Қазақ тіл білімінде септік түрлерін грамматикалық
және көлемдік деп бөлу мәселесі қалай?
Жауап. 
Қазақ тілінің грамматикаларында септік категория-
сын бүлайша екі топқа бөліп қарастыру тәжірибесі жоқ, тек
түркологияда грамматикалық және көлемдік септік түрлеріне
бөлінетіндігі көрсетіледі (ҚТЗ, 57), кейде олай жіктеудің өзі
113


шартты, сондықтан олай бөлуден тиімді қорытынды шығаруға 
болмайды деп атап айтылады (Ы. - ҚТ, 79).
Э. 
В. Севортян септік жүйесіндегі бүл түрлердің көрсетілген 
ерекшеліктерімен бірге көне түркі, көне үйғыр, көне және 
жаңа өзбек, жаңа үйғыр тілдерінде көлемдік септік түлғалары
есімдікте грамматикалық септік түлғаларының үстіне жалғанып 
отыратьгадығын көрсете келіп, былай деді: «Грамматические 
падежи для енисейско-орхонских, древнеуйгурского, старо- и 
новоузбекского и весьма последовательно для новоуйгурского 
являются первичными, а пространственные - вторичными»
(ИСГТЯ, 50).
Сөйтіп, білдіретін мән-мағынасына, атқаратын қызметіне 
қарай атау, ілік, табыс септік жалғаулары әрдайым заттық 
мәнде, бір ғана қызметте жүмсалып зат есімнің таза 
грамматикалық түлгалық көрсеткіші болып, грамматикалық 
септік деген атқа ие болса, барыс, жатыс, шығыс және қазақ
тіліндегі көмектес септіктер екі түрлі мәнде: әрі заттық, әрі 
адвербиалдық мәнде, екі түрлі қызмет атқарып, бірде зат есімнің 
грамматикалық көрсеткіші (зат есімге жалғанып, сөз бен сөзді 
байланыстыру қызметі мен басқа сөз таптарына жалғанып, — 
оларды субстантивтендіріп, зат есімге айналдыруы) болумен 
бірге өзі жалғанған сөзге бағыттық, мекендік, мезгілдік мән 
үстеп, сол контексте адвербиалданып, үстеуге айналдыруы 
арқасында көлемдік септік деп саналады. Бүлай бөліну септік 
жалғаулардың шығу, даму тарихымен де байланысты екен.
Сұрақ. Септік түрлерін грамматикалық және көлемдік деп 
бөлуге негіз болатын, кейбір түркологтар атап көрсеткендей, 
семантикалық (мағыналық) және қызметтік ерекшеліктерден 
басқа да грамматикалық өзгеше сипаттар бар ма?
Жауап. Септік категориясын грамматикалық және көлемдік 
деп екі топқа бөлуге негіз болатын сипаты олардың білдіретін
мағынасы, атқаратын қызметі, шығу, даму тарихымен оірге 
септік түлғаларының сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөз
114


тіркесінің тнпін құрау мәнінің ерекшелігінен де көрінеді. Атап 
айтқанда, грамматикалық септіктің (атау, ілік, табыс) тұлғалары 
өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзге бағындырып, бағыныңқы 
сөзді басыңқымен байланыстырып қана қоймайды, ол екінші 
сөздің де белгілі грамматикалық тұлғада я категориялық 
тұлғада болуын талап етіп, екінші жағынан, басыңқы сөзді 
бағыныңқымен байланысқа тұсіріп тұрады. Ал бұндай қасиет 
көлемдік септік тұлғаларында байқалмайды. Мысалы, қазіргі 
қазақ тілінде барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің 
тұл ғалары (жалғаулары) өзі жалғанған сөзді екінші сөзбен (көбіне 
етістікпен, кейде есіммен де, мысалы, малға бай, үйден үлкен, 
үйде бала, түзде дана, қүрбымен әзіл, т. б.) оның семантикасы- 
на сәйкес сабақтаса байланыстырады, бірақ өзі сөз тіркесінің 
басыңқы компонентінің грамматикалық түлғасына не семанти- 
касына әсер етпейді, оның формалық сипатына бейтарап бола- 
ды, яғни бұл септік формасында түрған сөз тіркесінің екінші 
сөзіне (яғни басыңқы сыңарына) оның қандай түлғада түруына 
қарамай-ақ меңғеріле береді де, ол сөздердің арасындағы бір 
жақты ғана байланыстың көрсеткіші болады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет