Пиперазин адепинаты (адипразин және т.б.) - 0,2 және 0,5 г түймедағы №6, №10; 5% - 100 мл ерітіндісі балаларға ішуге, әртүрлі нематодтарға, көбінесе аскаридоз бен энтеробиозға қолданылады. Бұл дәріні бергенде алдын ала дайындық және диета ұстаудың керегі жоқ. Бір күнде берілетін мөлшері аскаридозға: 0,4 г-нан 4 г-ға дейін немесе 0,2 г-нан 2 г-ға дейін жасына қарай беріледі. Энтеробиозға осы мөлшерде 5 күн беру керек, содан соң 7 күн демалдырып тағы да бір цикл емдеген жөн. Демалыс күндерінде де тік ішектегі қалып қойған острицаларды жуып шығару үшін жатар алдында клизма жасап тұру керек.
Пиперазиннің улылығы аз, бірақ кейде жеңіл-желпі жанама әсерлері пайда болады: лоқсу, іш ауыру, басы ауыру, демінің тарылуы, аллергиялық өзгерістер көріне бастайды, ал мөлшері көбейіңкіреп кетсе еттері босап, күші кетіп дірілдей бастайды, бүйректің қызметі бұзылуы мүмкін, соның әрекетінен нефротоксикалық жағдайға ұшырайды. Орталық жүйке жүйесінің ауруларында қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |