Дитразин цитрат (лоскуран т.б.) – түймедағы 0,05 және 0,1 г, филяриатозға қарсы, кейде аскаридозға қолданылады. Филяриатозды емдеуге 0,1-0,4 г, тәулігіне 3 рет қолданылады, ұзақтығы 10-28 күн. Аллергиялық өзгерістер көп кездеседі, бауыр мен көкбауыр ұлғаюы және көздің зақымдалуы байқалуы мүмкін. Көз аурулары кезінде мен жүкті әйелдерге берілмейді.
Хлоксил ұнтағы пакетте 0,5 және 1 г бауырдың гельминтозына (описторхоз, фасциоллез және клонорхоз) қарсы қолданылады. Емі 2 күнге созылады. Таңғы жеңіл тамақтан кейін 2 г - нан 5 – 10 г-ға дейін, 2 күнде 20 г және тағы бір кестесі - 5 күн қатарынан 0,06 г/кг немесе 3 күн қатарынан 0,1 г/кг, тәулігіне 2-3 рет, арасы 2 сағаттан сүтпен бірге ішеді. Дәрі өте улы, қазір хлоксил сирек пайданылады. Бұны бауыр мен жүрек ауруларында және жүкті әйелдерге беруге болмайды.
21 тарау. Қатерлі ісік ауруларында қолданылатын дәрілер - «цитостатиктер».
Қатерлі ісік ауруларында қолданылатын дәрілер маңызды орын алады. Бірақ бұл дәрілер толық дамымаған. Олардың таңдаулы әсері толық зерттелмеген. Бұл дәрілердің жанама және улы әсерлері жиі байқалады. Цитостатиктер сүйек кемігін, аш ішекті, кілегей қабаттарын және жыныс бездерін зақымдай отырып жанама әсерлерін тигізеді. Бұларды пайдаланғанда адамға иммунодепрессанттық және тератогендік әсер етеді. Кейбір дәрілер жүрекке кері әсер етеді. Қан түзілуі бұзылғанда, бауыр мен бүйрек аурулары кезінде бұл дәрілерді қолдануға болмайды. Соңғы кезде цитостатиктерді иммундық жүйені жақсартатын дәрілермен қосып береді.
Қатерлі ісік ауруларында қолданылатын дәрілерді келесі топтарға бөледі:
І. Цитотоксикалық заттар:
1. Алкилдік дәрілер: – сарколизин (Sarcolysinum), допан (Dopanum), циклофосфан (Cyclophosphanum), миелосан (Myelosanum) т.б.
2. Антиметаболиттер – метотрексат (Methotrexate), меркаптопурин (Mercaptopurinum), фторурацил (Phthoruracilum).
3. Аралас жасанды дәрілер – цисплатин (Cisplatine) және т.б.
4. Антибиотиктер – дактиномицин (Dactinomycnum), доксорубомицин (Doxorurbicinm), оливомицин (Olivomycinum).
5. Өсімдіктен жасалған дәрілер – винбластин (Vinblastine), винкристин (Vincristine), колхамин (Colchaminum).
6. Гормональді препараттар:
а) андрогендік дәрілер – медротестрон пропионаты (Medrotestroni propionas) және т.б.
б) эстрогендік дәрілер – фосфоэстрол (Phosphoestrolum), эстрамустин (Estramustin).
в) гестагендік дәрілер – гестонорон капроаты (Gestonorone caproate).
г) антиандрогендік дәрілер – фенастерид (Finasteride), флутамид (Flutamide).
д) антиэстрогендік дәрілер – тамоксифен (Tamoxifenum).
7. Ферменттік дәрілер – L - аспарагиназа (Asparaginasum).
8. Интерлейкинді дәрілер – альдеслейкин (Aldesleukin).
Алкилдік дәрілердің әсер ету механизмі: торша құрылысындағы биологиялық субстраттар, сұйық ерітінділердегі СІˉ иондарын бөледі, содан соң ДНҚ-ның нуклеофилді құрамымен байланысты субстраттар алкилденеді (CIˉ йоннан айырлады). Алкилденген заттар ДНҚ-мен әрекеттесіп, ДНҚ-ның тұрақтылығын және біртұтастығын бұзады. Ол торшаның өмір сүруін тоқтатады да, өлуіне әкеліп соғады. Алкилдеуші дәрілер торшаға интерфаза кезінде цитостатикалық әсер береді. Алкилдік дәрілер көптен бері қолданып келе жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |