Мебендазол (вермокс және т.б.) - түймедағы 0,1 г №6 және 2% - суспензиясы ішуге арналған. Бұл дәріні әртүрлі ауруларға өз кестесімен қолданған жөн. Аскаридозды және энтеробиозды емдегенде 2,5 мг/кг тәулігіне 1 рет 3 күн қатарынан беріледі. Странгилоидозды және трихоцефалезді емдегенде сол мөлшерді 3-5 күн қатарынан береді. Трихинелезді емдегенде 0,3-0,6 г 1 тәулікке 3 рет, 10-14 күн қатарынан береді. Эхинококкозды емдегенде – 0,5 г күніне, бірінші 3 күн 2-3 рет тәулігіне, келесі 3 күнде, содан соң 25-30 мг/кг тәулігіне 3-4 рет беріледі.
Мебендазолды гельминттерге, энтеробиоз және трихоцефалезге, одан кейін аскаридозға, анкилостомидозға, странгилоидозға, тениозға, трихинеллезге, эхинококкозға және аралас инвазияға қолданылады. Алдымен адам ашыққан жөн, сосын тиісті диетаны ұстау керек, содан соң барып дәріні пайдаланады. Бұдан кейін ішті өткізетін дәрілердің қажеті жоқ. Бұл дәріні қолданғанда іші өту, іші ауру және аллергиялық өзгерістер болуы мүмкін. Жүкті және бала емізіп жүрген әйелдерге беруге болмайды.
Альбендазол (зентал) - 0,2 г түймедағы, энтеробиозға, аскаридозға, трихоцефалезға, анкилостомидозға, странгилоидозға және трихинеллезге қолданылады. Энтеробиозға берілетін мөлшері – 0,2 г күніне 1 рет, аскаридозға – 0,4 г күніне 1 рет; трихоцефалезге – 0,4 г тәулігіне 1 - 3 күн қатарынан беріледі; анкилостомидозға және стронгилоидозға сол мөлшерді 3-5 күн береді; трихинеллезге 10 мг/кг тәулігіне 3 рет 10-14 күн қатарынан береді.
Альбендазолды пайдаланғанда жанама әсерлері байқалады: бас айналу, бас ауыру, ішектің, бауырдың және бүйректің қызметінің бұзылуы, қан түзілуінің тежелуі, қан қысымының көтерілуі және аллергиялық реакциялар кіреді. Көздің ішкі тор қабығының ауруларында және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Пирантел (гельминтокс және т.б.) - түймедағы 0,125 г №6 және 0,25 г №3, 6; шайнайтын түймедағы 0,25 г; 5% - 10 және 15 мл флаконы балаларға ішуге арналған. Бұл энтеробиозға, аскаридозға, анкилостомидозға, ең азы трихоцефаллезге қолданылады. Энтеробиозды және аскаридозды емдегенде 1 рет 10 мг/кг мөлшері тағайындалады, 2-3 аптадан кейін энтеробиозға осы мөлшермен тағы да 1 рет беріледі; анкилостомидозда сол мөлшермен 3 күн қатарынан беріледі.
Пирентел препаратымен емдеу кезінде кейде жанама әсерлері болып тұрады: лоқсу, құсу, іш өту, бас айналу, басы ауырады, ұйқысы келеді және денесі бөртеді. Бауырдың жетіспеушілігінде және жүкті әйелдерге қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |