Левамизол (декарис және т.б.) – 0,05 г № 2 және 0,15 г № 1, аскаридоз кезінде ересек адамдарға 150 мг, ал балаларға 2,5 мг/кг 1 рет. Дайындық және диетаның керегі жоқ. Емдік әсері стронгилоидозға және аздап анкилостомидозға бар. Негізі бұл дәріні қазіргі кезде иммуномодулятор ретінде қолданады.
Нафтамон (алкопар және т.б.) – 0,5 г қапталған түймедағын аскаридозда, анкилостомидозда, энтеробиозда, трихоцефаллезда, трихостронгилоидозда қолданады. Таңғы ас алдында 2 сағат бұрын түймедақты шайнамай сумен бірге ішу керек. Ересектерге және 10 жастан үлкен балаларға 5 г, 3-тен 6-ға дейінгілерге 2-2,5 г, 6-дан 8-ге дейінгілерге 3 г, 8-ден 9-ға дейінгілерге 4 г-нан 3-5 күн қатарынан беріледі. Қажет болса 2-3 аптадан кейін қайталайды.
Нафтамонды колданғанда оған алдын ала дайындық керек емес, бірақ соның өзінде де ащы тамақты, тұзды және қуырылған тағамды, сүтті ішуге болмайды. Бұл дәрі ішті өткізеді, сондықтан ішті өткізетін дәрілерді пайдаланбайды. Кейде лоқсу, құсу және іш өту уақытша байқалады. Бауырдың функциясы бұзылғанда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |