Празиквантель (билтрицид, азинокс және т.б.) - түймедағы 0,6 г № 6, шистосоматоз және трематодозға әсері өте жоғары келеді, одан соң өкпе мен бауырдың описторхозына әсері жақсы. Одан басқа да ауруларға (клонорхоз, фасциолез, парагонимоз, метагонимоз, гименолепидоз, тениаринхоз, тениоз, дифиллобатриоз және цистицеркоз және т.б.) қолданылады.
Празиквантельмен емдеу үшін әр құрттарға арнайы кестелі тәсіл пайдаланылады. Шистосоматозды емдегенде 40-75 мг/кг, күніне 2-3 рет, ұзақтығы 10-28 күнге дейін, описторхозда, клонорхозда және парагонимозда 75 мг/кг, күніне 3 рет, метагонимозда, фасциолопсидозда, тениаринхозда, тениозда, дифиллоботриозда және гимеполепидозда 20 мг/кг, күніне 1 рет. Бұл дәрінің аздап болса да жанама әсерлері бар: ұйқышылдық, бас айналу, іш өту, тершеңдік, дененің қызуы, терінің аллергиялық бөртпесі байқалады. Көздің цистицеркозында, бауыр зақымданғанда және жүкті әйелдерге қолданбайды.
Фенасал (никлозамид және т.б.) – түймедағы 0,25 г №30 және №60, тениаринхозға, дифиллоботриозға, гименолепидозға және тениозға қарсы қолданылады. Емдеу тәсілі жалпы кестемен өтеді: ересектерге 2-3 г, 2 жастағы балаларға 0,5 г, 2-ден 5-ке дейін 1 г, 5-тен 12-ге дейін 1,5 г, 12 және одан ересектерге 2-3 г беріледі. Лоқсу, аллергиялық реакция және нейродерматит байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |