І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет20/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
І б лім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту дістемесі

Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері:

а) сөздік қорды толықтыру.
ә) сөздік қорды жандандыру.
б) сөздік қорды нақтылау
в) бала тілінің тазалығын сақтау
ІІ. Студенттер мен оқытушылардың бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Баланың сөздік қорын дамытудың міндеттерін бірлесе талдай отырып, кестені толтырады.

Әр міндеттің мазмұны туралы ауызша пікір аласады.

  1. Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмыстың ерекшеліктері.

  1. Тұрмыстық заттар туралы түсінік бер

І Сәбилер тобы
ІІ Сәбилер тобы
Естиярлар тобы
Ересектер тобы
Мектепке даярлық тобы
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалардың сөздік қорын активтендіру тақырыбына реферат жазу.
3.3.  Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың әдіс- тәсілдері.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамытудың әдіс -тәсілдерімен таныстыру. Іс-тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, ерекшеліктерін айқындау.
Жоспар

  1. Бақылау.

  2. Картинамен жұмыс.

  3. Сөздік жаттығулар.

  4. Жұмбақтар, диафильмдер.

  5. Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру.

  6. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.

Мазмұны:  1. Шолу дәріс. Сөздік қорды дамыту оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері:
Мектепке дейінгі педагогикадағы «тікелей қабылдау» деген терминнің балабақшадағы тіл дамыту оқу іс-әрекетінде сөздік қорын дамытуда қатысы бар. Балабақша үйімен танысу, топсаяхатқа шығу жеке заттарды (киім, ыдыстар, көкөністер т.б.) үлкендер еңбегін тікелей бақылайды. Тікелей бақылау кезінде баланың ойлауы да күрделенеді; объекті жөнінде ұғым пайда болады, оның білгілерін талдап, басқа өзіне таныс нәрселермен салыстырады. Бақылау процесі кезінде тәрбиеші балалардың байқағандарын сөзбен жеткізулерін талап етеді.
Тәрбиеші бақылауға басшылық жасағанда балалардың бір объектімен толық танысып, содан соң екіншісіне көшулеріне рұқсат береді. Бақылау барысында балалар өздеріне таныс заттар, құбылыстар атауларын естеріне түсіріп, бекітіп жаңа сөздермен танысады. Сондықтан тәрбиеші бақылау жұмысын бастамас бұрын, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді нақтылауы тиіс. Мысалы, көше қозғалысын байқауда – оң жақ,, сол жақ, аялдама, көпір, гүлзар т.б. сөздермен таныстыруға болады.
Бақылауды іс-жүзінде пайдаланумен ұштастырса, балалардың объектіге деген қызығушылығы арта түседі. Айталық, кітапханамен танысуға барғанда, балаларға одан жазылып кітап алуға мүмкіндік жасау керек. (м.д. тобы)
Мұндай белгілі бір объектімен танысу сабағын В.И.Логинова белгілі үш түрге бөледі:

  1. Затпен бірінші рет танысу және сөздік қорға соған байланысты жаңа сөздер енгізу.

  2. Заттың сынын, сапасын, ерекшелігін байқау, салыстыру.

  3. Сол затты пайдалану арқылы түсінікті ұғымды кеңейту.

Осы аталған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы міндеті — бақылата отырып, баланың сөздік қорын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланы түрлі материалдармен (мата, әйнек, қағаз, тері, ағаш, металл, пластмасса) танысады және оларды затқа айналдырудың жолдарын (тігу, қию, желімдеу, жабыстыру т.б.) түсінеді. Сөйтіп, балалар заттардың, нәрселердің неден жасалатындығын, қалай жасалатындығын ажырата бастайды. Заттарды жасалған материалына, белгілеріне қарап, салыстырып үйретеді.
Балабақшада балалардың сөздік қорын дамытуда картинамен жұмыс жүргізудің мәні үлкен.
Картинамен таныстыруда балаларға бұрыннан таныс бөлігінен бастаған жөн. Картинада белгіленген балаға белгісіз жәйттарды тәрбиеші өзі түсіндіріп, балалардың пассивті сөздерін кеңейтеді.
Тәрбиеші бағдарлама талабына сай келетін белгілі суретшілердің картиналарын таңдап, өзі танысып, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді белгілейді. Картинаны таныстырғанда сұрақ тәсілі басты роль атқарады және сұрақтар да түрліше өзгертіліп қойылады.
а) картинаның жалпы мазмұнын түсіндіру үшін картина не туралы? Қалай атауға болады?
ә) картинада белгіленген жеке заттарға көңіл бөлу үшін — Бұл не? Қандай нәрсе? Неге ұқсайды?
б) картина бөліктеріндегі байланысты табу үшін – Не үшін керек? Бір-біріне қалай ұқсайды?
в) бала қиялын дамыту үшін тағы да ненің суретін салуға болады? Оны қалай таптың? Деген тұрғыдағы сұрақтарды жалғастыруға болады.
Бала сөзін жандандыруда ұсақ үлестірмелі суреттерді де пайдаланған жөн, тиімді. Барлық топта да балалардың сөздік қорын молайтуда, жандандыру да ойыншықтармен жұмыс жүргізуге болады. Ойыншықтармен таныстыру барысында балаларды ойната отырып оның неден жасалғанын, көлемін, түрін, түсін сипаттау керек. Мұндай сабақ кезінде балалар сөйлейді, жаңа сөздерді меңгертеді әрі ойыншықтарды күтіп ұстау, жинақтылық секілді қастеттерге баулынады.
Сөздік қорды дамытуда сөздік жаттығулар да кеңінен қолданылады. Мұндай жаттығулар көбінесе жоғарғы топтарда өткізіледі. Мысалы, бала тіліндегі қимылды білдіретін сөздерді жандандыру үшін «Кім не істейді?» жаттығуы кезінде балаларға емдейді, оқытады, жүргізеді, тігеді, салады, қалайды,т.б. етістіктерді естеріне түсіреді. Немесе «Сапасын анықта» жаттығуы арқылы балалар сын есімдерді (алма, алмұрт, тәтті; құрт, айран ащы, қышқыл; ағаш, тас, қатты; т.б.) айтады.
Мектеп жасына дейінгі бала тілінің сөздік қорын жандандыруда жұмбақтардың да мәні үлкен. Жұмбақтарды табиғат көріністерін, заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын, байқату кезінде айтқызуға болады.
Мысалы,
Қанаты жоқ — ұшады,
Аяғы жоқ — қашады.
(Жел)
Жүреді бой тастап, ойқастап,
Басында айдары, иекте сақалы бар.
(Әтеш)
Осылайша жұмбақтарды шешіп үйренгеннен кейін, балалардың өздеріне жұмбақ құрастыруға болады. Жұмбақ құрастыру арқылы бала теңеу, салыстыру, эпитет сөздерді пайдаланып, тіл байлығын кеңейтеді, керекті сөзді мағынасына қарай тез табуға жаттығады.
Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытуда диафильмдер көрсету, көркем әдебиетпен таныстыру (бұған кейінірек тоқталамыз) да жиі қолданатын тәсілдер.
Балабақшада балалардың сөздік қорын дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде де жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған сөздік жұмыстың әдістері басқа қызмет түрлерінде де пайдаланылады. Әсіресе тұрмыстық еңбек кезінде (тамақтану, киіндіру, жуындыру т.б.) баланың сөздік қорын кеңейтуге, жандандыруға көңіл бөлінуі тиіс.
Сол сияқты ұжымдық еңбек, ойын барысында балалар сөзге араласып, сөздердің мағыналарына мән беретін болады. Білетін сөздерін естеріне түсіреді, жаңғыртады.
Ұжымдық еңбек кезінде балаларды бірнеше шағын топтарға бөліп, жетекші сайлап соңынан сол жетекші балалар жұмысы жайында баяндайды. Мұндай жұмыста жетекшілікке көп сөйлемейтін балаларды сайлағын дұрыс.
Сөздік жұмысын нәтижелі жүргізудің құралы ретінде ойындарды алуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие педагогикасындағы ойындардың жүргізілу ережелерін басшылыққа ала отырып, балалардың ойын кезіндегі сөйлеу белсенділіктерін арттыруға жұмыстану қажет.
Балабақшада сөздік жұмысын жүргізуде балалар театрының түрлерін де тиімді пайдалануға болады. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту, жандандыру көптеген тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың өзіндік тәсілдері бар:
І. Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру – ең негізгі тәсіл. Тәрбиеші сол сөзді балалардың назарын аударатындай етіп, жәйлап түсінікті етіп, морфологиялық жағынан қатесіз айтуы тиіс. Жаңа сөзді мүмкіндігіне қарай сол затты көрсету арқылы түсіндірсе, бала есінде жақсы сақталады. Мысалы, тәрбиеші құмыра деген сөзді көтеріңкі екпінмен айтып және қолындағы құмыраны көрсетіп, «Балалар мынау сүт құйылған құмыра»,- дейді.
Кей жағдайда таныстырылатын жаңа сөзді оларға бұрыннан таныс синоним, антоним сөздері арқылы түсіндірген тиімді. Немесе жаңа сөзді сөйлем ішінде келтіріп, оның басқа сөздермен байланысын байқауға болады. Мысалы, тәрбиеші бесік сөзін түсіндіруде «бесікте бала ұйықтап жатыр» деген сөзді келтіреді.
Жаңа сөз балалар есінде жақсы сақталуы үшін тәрбиеші оқу іс-әрекетінің соңына дейін балаларға жеке-жеке және хормен айтқызады.
Балалардың назарын жаңа сөзге аударуда ол сөздің шығу тегін де айтқан жөн. Онсыз да бұл неге осылай аталады, не себепті деген сұрақ қойғыш балаларға сөздің түп – төркіні туралы түсінік беру артық болмайды. Қайта баланың тілге деген қызығушылығы, сезінуі күшейе түседі. Мысалы, жұмыс-жұмысшы, құрылыс –құрылысшы т.б.
Балалардың сөздік қорын жандандыруда сұрақтарды кеңінен қолдануға болады. Сұрақ қою тәсілімен әсіресе көп сөйлемейтін, тұйық балаларды сөзге тарту жеңіл.

  1. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.

Сөздік жұмысын жүргізудегі ең тиімді тәсілдерінің бірі болып саналады. Мысалы, «Қуыршақ Сәуленің туған күні», «Біз қайда болдық, не көрдік?» деген дидактикалық ойындар арқылы балалар өз ойларын толық жеткізуге, естілген жаңа сөздерін естеріне түсіруге дағдыланады немесе «Шешуін тап» ойыны кезінде тәрбиеші сипаттайтын анықтауыштар айтады да, балалар анықталатын зат атауларын табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет