І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырма



бет22/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Студенттерге берілетін тапсырма:
І. «Балбөбек», «Зерек бала», Алғашқы қадам», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша сөздік қор бөліміне талдау.
а) 1 сәбилер тобы
ә) 11 сәбилер тобы
б) естиярлар тобы.
в) ересектер тобы.
г) мектепалды даярлық тобы.
ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Әр топқа байланысты жалпылама сөздерді меңгертудің ерекшеліктерін айқындау.

2)
3) Ыдыс-аяқ, ойыншық, жиһаздың жалпы атауы не деп аталады.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, талдау, өткізу.
4.СӨЗДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
4.1. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың маңызы мен міндеті
Мақсаты: Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесімен таныстырып, олардың маңызы мен міндеттерін түсіндіру, меңгерту. Технологиялық карта құрып үйрену, талдауға төселу.
Жоспар

  • Сөздің грамматикалық құрылысы туралы ұғым.

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық құрылысын меңгертудің міндеттері

  • Бір топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Жеке лекциялық сөздер арқылы білдіруге болмайтын түрлі мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі арқылы ғана түсінікті етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы» деп аталады. Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттеуде өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді. Бірақ бала тілінде грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде меңгертіледі, ереже айтылмайды. Бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда төмендегідей міндеттер бойынша жұмыс жүргізіледі:

  1. Балалардың ауызша сөйлеудегі грамматикалық қателерді түзету

  2. Балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру. Оларды жиі қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Жәй және құрмалас сөйлемдерді үйрету

  3. Грамматикалық формалардан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сөздің грамматиклық құрылысын көбінесе өз бетімен еліктеу арқылы үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің морфологиялық және синтаксистік жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер көп байқалады.
Өйткені балалар көбінесе жәй сөйлеген кезде жәй сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы балаларды құрмалас сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге дағдылануы тиіс. Балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуі керек:
а) бір топтағы балаларға арналған ұзақ мерзімдегі сабақ мазмұнын таңдау. Мұндай тақырыпты талдаған кезде тәрбиеші жыл басында өз тобындағы балалардың қандай грамматикалық формалардан қате жіберетінін байқауы тиіс. Ол үшін сұрақ-жауап арқылы тексеру іс-әрекеті өткізіледі. Мұндай сабақ 10-20 минут болады. Тексерудің қорытындысы бойынша жалпы топқа тән грамматикалық формамен жұмыс жүргізіледі және бұл жұмыстың ұзақтығы сол грамматикалық қателерін топтағы балалар толық меңгергенге дейін жалғасады.
ә) бір оқу іс-әрекетіне арнап программалық материал таңдау. Тәрбиеші күнделікті тіл дамыту сабақтарына жоспар жасағанда белгілі бір грамматикалық форманы меңгерту жолдарын тақырып мақсатына енгізіп отыруы қажет. Мысалы, көмекші есімдерді меңгерту. (Зат есімдермен тіркесіп айтылады, мысалы, жаны, қасы, асты, үсті) Осы көмекші есімдерді меңгерту үшін түрлі ойындарды түрлі жағдайларда орналастырып, сол ойыншықтың кеңістікте орналасқан орындарын сөзбен айтқызу қажет. Осылайша жеке бір тақырыптарды мысалдар арқылы түсіндіріп баланың назарын, ынтасын, сол материалға аударуға болады.
б) Өтілген матералдарды қайталау. Қайталау кезінде баланың түсінігіне қ келтіретін грамматикалық формада алған дұрыс. Қайталау жұмысы ең аз дегенде бір апта немесе бір айдан кейін де жүргізіледі.
в) Оқу іс-әрекетінің сипаты қай топта болмасын бала тілінің грамматикалық жағын дамытуда көбінесе дидактикалық ойындар және жаттығулар жүргізіу грамматикалық формаларын меңгеру кезінде тәрбиешінің негізгі қолданатын әдісі. Сол грамматикалық тұлғаның айтылу үлгісінің берілу балабақшада бала тілінің грамматикалық құрылысын жетілдіруде қазақ тілі грамматикасының нормаларымен балалның жас ерекшеліктері ескеріліп жұмыс жүргізіледі. Бірақ соның өзінде де топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысы бірдей деңгейде болмауы мүмкін. Ол бірнеше себептерге байланысты болады:

  1. Баланың жалпы психологиялық заңдылықтарының дамуына байланысты (Нерв жүйесіне байланысты, ақыл-ой, есі, ынтасы т.б.)

  2. Сөздік қорының мөлшеріне байланысты.

  3. Баланың сөйлеу аппаратының жағдайына байланысты.

  4. Меңгерген грамматикалық категориялардың ауыр жеңілдігіне байланысты.

  5. Бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші, аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық жағдайына байланысты.

  6. Бала тілін дамытуға педагогикалық басшылықтың роліне байланысты.

Яғни балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүргізілуіне байланысты. Зерттеушілердің пікірі бойынша мектеп жасына дейінгі балалар тілінің өз бетімен білуіне, яғни белгілі бір тақырыпта немесе картинаны түсіндіріп беруіне мүмкіндік жасау қажет. Еіншіден баланың активті сөздік қорына сондықтан, сол себепті, өйткені т.б. тілдік құралдарды енгізу арқылы балаларды құрмалас сөйлем құрастырып айтуға үйрету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет