І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар



бет24/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
І б лім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту дістемесі

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар.

  1. Мәтіннен керекті сөздерді тапқызу.

  2. Керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру.

  3. Сөздердің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату.

  4. Сөздердің лексикалық, грамматикалық жағынан болсын қалай өзгеретінін не арқылы өзгеретінін аңғарту.

  5. Мағына немесе тұлға жағымен қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау.

  6. Ұқсас сөздерді топтату.

  7. Байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.

Синтаксистік жаттығуға мәтіндегі қойылған тыныс белгілерді талдау, қойылмаған белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдермен, мәтіндегі қажетті тыныс белгілерін қойып түсіндіру.
Балалардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетінжаттығуларға жалпы мынандай талаптар қойылады:

  • Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін балалардың сол жаттығуларды орындарлық білімі болуы шарт.

  • Балалар жаттығуларды не үшін орындайтынына оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.

  • Жаттығу балалардың қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріп берілуі шарт. Өйткені бір сарында жаттығу, балалардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

  • Жаттығулар кездейсоқ болмай,белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

  • Жаттығу жұмыстары тек жуықта ғана өтілген материалдарға негізделмей бұрын өтілген кейбір материалды да қамтуы керек.

  • Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын, жаттығуларда қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.

  • Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.

  • Әр жаттығу бала еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

  • Жаттығулар бала ойыны әсер етуі жағынан аналитикалық-синтетикалық болғаны жөн.

Яғни грамматикалық талдау сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндерді құрастыру, салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшелітерді табу, топтау. Өз пікірлерін дәлелдей алып, білгенінен жалпы қорытынды шығара білу т.б. Жаттығу жұмыстарының барысында балалар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет