78
Сіз vs С
ен
III БӨЛІМ
Біріншіден, «сіз» деп тұрып қатты сөз айта алмайсың.
«Сіз» деп боқтау қиын. «Сіз» десіп ұрысып тұрған екі
адамды елестетші. Безобидный ғой иә. «Сіз» деген сөз
бейне бір шу басқыш (глушитель) сияқты. Оқтың
дауысын
басып тұрады. Қатты сөз айтып қойып, қарым-қатынасқа
үлкен сызат түсіруге болады.
«Сыйластық — махаббаттың төресі» дейді ғой. Осы
жайлы менің мынадай өлеңім бар еді:
«Тебірентер жүректі
сұлу сөз бар «сіз» деген,
арадағы нәп-нәзік
сезім қылын үзбеген.
«Сіз» деген бір ауыз сөз
сырды ұқтырар жүздеген.
Сыйластық боп өрілсін
жүректегі ізгі өлең.
«Сіз» деспеген жандардың
сөздерінен сыз көрем.
Сырға толы сезімнің
айдынында жүзген ем.
Жандар болса
шынайы
маxаббатты іздеген,
еш маxаббат жетпейді
сыйластыққа «сіз» деген!»
«Сіз» деген сөзде арадағы нәп-нәзік шекараны
белгілеу бар. Отбасылық
өмірде бұл өте маңызды деп
ойлаймын. Әркімнің өз әлемі бар. Әркім өз әлемінің
шекарасын білуі керек. Білмесе не болады? Білмесе басқа
79
Сіз vs С
ен
III БӨЛІМ
біреудің шекарасына өтіп кетуі мүмкін. Содан көп проблема
шығады. «Сіз» деген соң, оған тұлға ретінде қарай
бастайсың.
Кейде айтады ғой «Ішкі әлеміңді өзгерте алмасаң,
онда сыртқы әлеміңді өзгерт» деп. Мысалы, өзіңді сыпайы
болуға баулығың келеді. Бірақ дөрекілік бойыңа сіңіп
қалған. Ішкі эмоцияларың икемсіз. «Рухани жағымды
дамытайын, эмоционал зердемді күшейтейін»
деп өзіңді
тәрбиелей бастайсың. Яғни, ішіңді өзгертуге тырыса
бастайсың. Сонда «сыпайы бола бастаймын, сіз
деп айта
бастаймын» деп ойлайсың.
Керісінше жасап көрсек ше? Сыртыңды ғана өзгертіп
көрші. Мысалы, «сіз» деп айта бер үлкенге де, кішіге де. Ішкі
қарсылыққа мән берме. Сөйтіп бір күні сол жай «сіз» деп
айта беруің сенің ішкі болмысыңа айналып шыға келеді.
Іштей өзгере бастайсың. Болмасаң да, ұқсап бақ. «Fake
it until make it» деген де бар. Іштей
сыпайы болмысқа ие
болғанша сырттай сыпайы сияқты кейіп таныт.