І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақ жүйесінде оларды таңдай білуі-



бет46/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58
13. оқыту әдістерін жетілдіру және мұғалімнің сабақ жүйесінде оларды таңдай білуі-
Заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын мемлекетіміз де, біздің оқу орнымыз да басты орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын мазмұнды жұмыс ұстаз еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің «Бала — балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, ол солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып және олардың жан — жақты дамытып рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Біздің мақсатымыз оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылып жүрген әдістерге қысқаша сипаттама беріп көрейік. Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.

В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың»…- деп оның маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және сөздік қоры да білімі де бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: «мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек». Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т. Б. үрдістерін) байланысты да әрекет жасайды. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдерін қолдануға болады. Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. Б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады: — көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс; — оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды; — көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс; — көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс; — оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

14.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет