І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Білім беру жүйесіндегі жаңаша талаптар мен міндеттерді саралап беріңіз-



бет43/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58
5.Білім беру жүйесіндегі жаңаша талаптар мен міндеттерді саралап беріңіз- Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.


  1. Lesson Study түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып танылатындығын мысалмен айтыңыз- Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді.

Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдердің істерінен көруге болады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиісті дайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі. Lesson Study тәсілінің тағы бір демократиялық ерекшелігі – мұғалім зерттеу барысында жинақтаған білімімен педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігінде. Lesson Study тәсілін іске асыру барысы Lesson Study тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері – қадағалайды.




  1. Рефлексия lesson study-нысанының бірі болып табылады-деген ұстанымға өзіндік пікіріңіз- Рефлексия Lesson Study нысанының бірі болып табылады деп айтуға болады. Соған қарамастан, Lesson Study тәсілін енгізу жөніндегі қызметті кәсіби деп атау үшін белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталуы керек. Нақты айтқанда, Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Lesson Study-де ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study-дің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін мұғалімдер бастамасы-мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher мен жасалады, ал ғылыми дәлдік жаңа тәсілдің тиімділігін көрсететін оқушының оқуы туралы деректер жинауды көздейді. Атап айтқанда, Lesson Study тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады.

8.Әдістер-Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер туралы-

Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.

Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардьщ орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.

Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. Б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.

Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаңдарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:

— көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;

— оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала керсетуге болмайды;

— көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

— көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;

— оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. Б.

Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.

Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік жағдайға итермелейді.

Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафилъм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.

Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).

Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участігінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.

Оқытудың зертханалық тәсілі негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.

Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады.

Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды

Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі,мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады.Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге сұрақ-жауап, “сұқпат”, түсіндіру немесе баяндау,мұғалімнің әңгімесі,мектеп лекциялары,пікірталас жатады.Сұрақ-жауап әдісінің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту,алға қойған мәселені, сұрақты шешу.Алға қойған мәселені,сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің педагогикалық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді,ойлау қабілеттері артады.Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып білім алуына мүмкіндік жасайды.Мұғалімнің жетекшелігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет