І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


импрессия және экспрессия әдістері



бет45/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

11. импрессия және экспрессия әдістері

Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады. Оның жақсы мысалы оқушылардың сахналық қойылымдарда түрлі рөлдерде ойнауы, сценарий жазулары, режиссер, ұйымдастырушы болулары, қарапайым шығарманы сахнаға лайықтап қоюы.

Мұғалім экспрессивтік әдіс арқылы топқа және жеке оқушыларға сурет салдырып, мүсін жасатады, қысқа метражды фильм шығартады. Оқушылар жұмысының көрмесі, тарихи оқиғаларды сахнаға лайықтап қою да экспрессивтік әдіс арқылы жасалады.

Адамдардың қарым-қатынасын әнмен айтылатын қысқа комедиялы пьеса немесе психологиялық драма түрінде көрсету оқушыны жақсы болуға тәрбиелейді.

Бала тебірене, толғана отырып рухани құндылықтарға баға береді. Бұл баға өзгермейді.

Экспрессивтік әдіс оқушылардың шығармашылық белсенділігін туғызады, фотоаппарат, ұнтаспа, радио, теледидар, ұлғайтқыш аппараттар, кинокамера, күйтабақ, бейнемагнитафондар адамдар жасап шығарған рухани мәдениетті көруге, үйренуге көмектеседі, тәрбиеленушілердің біліктілігін арттырады.




  1. Ынталандыру әдісі

Қызығушылықтың үш түрі:

• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;

• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;

• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.

Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.



12. ынталандыру әдістеріне жатады,-
Ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оның түрлерi

Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы жеке тұлғаның мотиві, яғни түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.

Жарыс. Педагогикалық үрдісте жарысты ұйымдастыру үшін мұғалім оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне қарай, олардың жарысқа түсуге ынталы екенін, үнемі бірінші орынға ұмтылысын, өз күш-қайратына сенім артатынын ескеруі тиіс. Оқуда, еңбекте, спортта өз жетістігін көрсету үшін жарыстың пайдасы зор, балалардың ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеті артып, жаңа бастама көтеріп, жауапкершілік, ұжымдық қатынастары дамиды. Жарыс оқу сапасын арттырады. Мысалы, жарыс бастауыш сынып оқушыларын үй тапсырмасын мұқият орындауға, сабақта алаңдамай, тәртіп сақтауға, оқу-жабдықтарын ұқыпты ұстауға, мектепте және үйде күн тәртібін қадағалауға, қосымша әдебиеттерді оқуға міндеттейді.

Мадақтау – жеке оқушы немесе ұжымның іс-әрекеті мен қылықтарына берілетін қоғамдық жағымды баға. Жеке тұлғаның таңдап алған іс-әрекетіне қоғамдық жағынан оң баға беру ынталандыруға жатады. Оқушы көпшіліктің оң бағасынан, өзін көтеріңкі көңіл-күйде сезініп, өзіне сенімі артып, белсенді әрекетке ыңғайланады.

Көтермелеу, мадақтау үнемі жағымды нәтиже бермейді. Оның тәрбиелік мәні тек белгілі нәтижемен шектелмей, оның түрткісі мен іс-әрекет тәсілін де ескеруді қажет етеді. Оқушылар кез келген іс-әрекетіне кесімді баға күтпей, мұғалім тарапынан қолдау тапқанын сезінуі маңызды. Көтермелеу әсіресе өзіне сенімі төмен балалар мен бастауыш сынып оқушыларына жасалуы тиіс. Мадақтау ұжымның ортақ пікірінен туындағаны абзал.

Жазалау – оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық және тәндік жағына ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымнан уақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіруі керек. Жазалау формасының бірі түрі – мұғалім мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау формасын қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туындау жағдайын тексеруі қажет. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкесуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет