І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


-10 оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдістер-



бет44/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

9.-10 оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдістер-

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалык әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру өз бетінше білім алу дағдыларынын дамуына негіз салу болып табылады. Білім беру жүйесінің шығармашыл, техникаиы басқарудың жана әдістерін таба алатын батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу танымдық кызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық кабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады. Танымдық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардын танымдық қабілетпен қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізеді. Шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін оқытушы мен оқушынын шығармашылық ізденулері өзара үштасуы қажет [17]. Шығармашылық қызметке жататын, жаңа білім алуға бағытталған зерттеушілік қызметінің нәтижесі – зерттелінетін объекті немесе онын аралық объектілері. Зерттеушілік процесс барысында оқушылар белгілі бір фактілер мен құбылыстарға берілетін түсініктемелер мен дәлелдеулерді өз бетінше іздестіріп, түсінуіне тура келеді. Оқу зерттеушілік қызметте оқушылар тапсырманың орындалуына және оны орындауға қажетті білім деңгейінін жеткілікті екендігіне сенімді болады. Оқу зерттеушілік қызметінде сонымен қатар ынталандырушы қосымша себеп бар. Ол – есеп шығарудан рухани қанағаттануы мен эстетикалык ләззат алуы және зер¬ттеу мақсатына жету мүмкіншілігіне сенімді болу. Оқу процесінде оқушылар оқу материалындағы заңдылықтар мен байланыстарды бірінші рет ашушы жағдайында болады. Сон¬дықтан, ол зерттеуші де. Ғылыми зерттеу әдістерін оқушылардын оқып үйрену кызметінің әдістері де болып табылады. Бақылау, тәжірибе және сынау әдістері математиканы оқытуда нетізінен математикалық объектілердің қасиеітерін, заңдылықтарды көрсетіп беру үшін пайдаланылады. Математикалық зерттеулерде анализ жэне синтез, индукция жэне дедукция, жалпылау жэне нақтылау жэне т.с.с. ғылыми зерттеу әдістері ерекше орын алады. Математиканы окыту процесінде танымның ғылыми зерттеу әдістері теоремаларды дәлелдеу, есептер шығару, математика¬лық ұғымдардың қасиеттерін оқып үйрену әдістері ретінде әр түрлі формаларда кездеееді. Оқу материалының маңыздысын бөліп алу, дәлелдеу және т.б. үйрету оқушылардын маңызды ой қорытуларды жасай алуына тәрбиелейді. Оқушыларды математикалық зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру арқылы математикалық танымдық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырады. Математиканы (баска пәндерді де) окып- үйрену кезінде кездесетін барлық танымдық бастауларды ез бетінше пайдалануын қалыптастыруды, атап айтканда: оқытушы түсіндіруі, кітап оқу, тапсырмаларды орындау, бақылау. Сабақ үстінде өз бетінше анықгамалар пайдалану, ол үшін деректер жинақтау матема¬тика пәнін өту барысында оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді және оған оқушылардың қызығуын арттырады. Математиканы оқыту үрдісінде оқушылар¬дың оку-танымдық іс-әрекетін көтеру оқу уақытын көп жұмсауды қажет етеді. Осыған байланысты математика сабағында кұрал жабдыктардың, математикалык есептерді шығаруда дайын сызбалар мен жазулардың, қолдан жасалған дидактикалық материалдардың тиімділігі зор. Оқушылардын танымдық қабілетін дамыту үшін танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру қажет. Танымдық ізденімпаздық деп – әрбір оқушының танымға деген тұрақты құлшынысын, демек бар күшін, ынтасы мен жігерін өз білім дәрежесін көтеруге жұмсауын айтамыз. Оқыту процесі шығармашылықпен үйымдастырылса, онда оқушылардың білім дәрежесі оқытушы айтқан сөздерден емес, өздерінін ізденуі және де есеп шығару әдістерін іздеу арқьлы қалыптасады [20]. Оқушылардын өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және кажеттілігінен туындайды. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардын өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық, танымдық белсенділігін арттырады. Оқушы¬лар оқыту барысында білім алады, ал содан сон оны қолдану арқылы шығармашылыққа барады. Оқушы математика пәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай талаптарды орындау қажет: 1) оқулықтағы материалды оқу; 2) тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру; 3) бір тақырып бойынша баяндама жасау; 4) бақылау жұмысына, емтиханга жақсы дайындалу; 5) таңдап алынган тақырыпқа өз бетімен зер¬ттеу жүргізу; 6) тақырыптагы құбылыстарды түсіну; 7) тақырыптардагы нақты сұрақтарды тереңдетіп қалыптастыру; 8) техннкалық құрал – жaбдыкmар мен жұмыс істеп, тәжірибе жасауды үйрену; 9) қабілетті көрсету және дамыту; 10) тақырып бойынша ecenmepдi немесе проблемаларды шешу.

Оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

- мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс – тәсілдерді қолдануына болады: 1) тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, 2) арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру, 3) оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар), 4) берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.). 5) әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу, 6) қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту, 7) мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Сондай – ақ дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап есеп құрастыр» т. Б. ойындар оқушыларды ойлауға төселдіріп, ойлау қабілетін дамытуға арналған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет