І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1718) өмірбаяны



бет16/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Руслан Беген



Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1718) өмірбаяны

Бұқар жырау Қалқаманұлы — XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға дейінгі билеп келген хандардың ешқасайсымен тіл табыса алмайды. Тек Абылай ханның тұсында жыраудың жұлдызы тағы да жанады, сөйтіп ол хан ордасына оралып, қалған өмірінде мемлекеттік істерге тікелей араласады.


Бұқар жырау Қалқаманұлы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Далба тауының бір сілемінде жерленген. Бұқар жыраудың шығармалары философиялық-дидактикалық толғау түрінде бізге жеткен. Олар бейнелі суреттерге бай, ұлттық бояуға қанық, көркемдігі кемел. Жырау халықтың дәстүрлі ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдалана білген. "Өз заманындағы жандар бұл кісіні көмекей әулие деседі екен. Қара сөз білмейді, тек сөйлесе көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен " деп жазады белгілі ғалым, фольклоршы, жыраудың тұңғыш биографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау шығармаларының басты тақырыбы — халқына, отанына деген ыстық махаббаты. Ол отанды сүюге, бір орталыққа бағынған іргелі ел болуға үндейді. Көреген ақын қазақ халқының ұлттық бірлігі қажет екендігін айқын түсініп, бұл тұрғыда Абылайды бірлік идеясын жүзеге асыра алатын қайраткер ретінде жырына қосады, сыртқы жаулармен күресте қазақ жүздерін біріктірер қолбасшы, көзсіз батыр ретінде сүреттейді. Ал егер оның іс-әрекеті халық мүддесіне кереғар келсе қорықпай-үрікпей сын тезіне салады.
Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды тақырып адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір орнында тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын, көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы өкілдерінің бірі. 1993 жылы жыраудың 325 жылдық мерейтойын атап өтіп. Жыраудың мәңгі есте қалдыру жөнінде айтарлықтай қадам жасалды деуге болады. Бұрынғы Ульянов мамандырылған бірлестігі мен Озерное селосына Бұқар жырау есімі берілген. Кейін, 1997 жылы Ульянов және Тельман аудандары біріктірілгенде, аудан ұлы абыздың атымен аталды.
Қарағандыдағы сәулетті көшелерінің бірі Бұқар жырау даңғылы деп аталады. Мерейтой салтанаты үстінде осы көшенің бойында, темір жол вокзалы алдындағы кең алаңда Бұқар жырау ескерткіші ашылды. Ескерткіштің авторы — жерлес мүсінші Мұрат Мансұров. Ал, Бұқар жырау жерленген Далба тауының етегінде халқымыз әулие деп танитын ұлы абыздың кесенесі салынып, ол 1993 жылы 21 тамыз күні салтанатты түрде ашылды. Табаны үш таған болып келетін, биіктігі 12 метрге жететін бұл ғимарат қазақтың ұлттық бас киіміне ұқсас келеді де, кезінде ұлы бабамыз аңсап кеткен үш жүздің, бүкіл елдің бірлігін бейнелейді.
Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған. Ел аузындағы аңыз әңгімелерге қарағанда, Бұқар жырау әз Тәуке ханның тұсында да ордадағы беделді билердің бірі ретінде, ел басқару ісіне араласқан секілді. Оны Үмбетей жыраудың: «Көріктей басқан күпілдеп, көмекейің бүлкілдеп, сөйлер сөзден таймадың. Тәукенің болып жаршысы, халқыңның болып заршысы, белді бекем байладың» деген сөздері де айғақтағандай.
18 ғ. болған жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қаупін тудырғаны белгілі. Осы кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру бар ғұмырын халқының бірлік бүтіндігіне арнаған ұлы жыраудың басты мақсатына айналады. Оның сөздері осы кезде еліне есті кеңес, еріне әмір болып естіледі. Хан да, қара да тарих көшінің бағдарын, шиеленген қиынның шешімін Бұқардан күтеді. Халқының әулие данасы, дуагөй бітімшісі, көреген болжаушысы санатына көтерілген Бұқар жыраудың осы тұстағы даңқын орта ғасырдағы оғыз жұртының әулиесі Қорқытпен, 14 ғ. ноғайлы елінің данасы Сыпыра жыраумен салыстыруға болардай.
Халық жадында сақталған бір әңгімеде Бұқар жырау ауырып жатқанда Абылай ханның алыстан күні түні аттан түспей жүріп келіп, көңілін сұрағаны айтылады. Бұл таққа ие болған ұлы ханның баққа ие болған ұлы жырауына деген ықылас ниеті, ерекше құрметінің белгісі болса керек. Заманында осылай ханы қадірлеп, халқы ардақ тұтқан жыраудың мұрасы халқымен мәңгі бірге жасай бермек. Бұқар жырау толғауларында өзі бастан кешіріп отырған алмағайып заманның келбеті бар болмысымен көрініп, өмір құбылысы мен дүние заңдылықтары, әлеуметтік жағдай мен адам тіршілігі кең тыныспен жырланады. Ондағы басты сарын елдің бірлігі мен ынтымағын күшейту мәселесі.
Ол жан жақтан андыздаған жаулардан қорғануы үшін басты шарт бірлік екенін терең түсінеді, ата жауға қарсы бірігіп, тізе қоса күрескен ерлерді өзгелерге үлгі етеді.
«Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек,
ормандай көп орта жүз,
солардан шыққан төрт тірек» деп майдан даласында көрсеткен ерлігімен бірге елдің ұйытқысы болып, бірліктің тірегі болып жүрген ерлерді мадақтайды. Сондықтан да Бұқар жырау жырларын басқыншы жаумен ұзақ арпалысып, ерлік пен ездіктің, парасаттылық пен азғындықтың парқы таразыға түскен сындарлы шақта Абылай хандай басшының төңірегіне топтасып, ұлы жеңістерге жетіп, ерліктің үлгісін, бірліктің құдыретін танытқан қазақ өмірінің шындығын айшықтай өрнектеген поэзия, ұлы мұра деп білеміз.
Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел - жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси - әлеуметтік мәнді жыр - толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден - бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған.
Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған.

райымбекұлы көтеш (1745-1818)


категория: павлодар облысының ақын - жыраулары

XVII ғасырдағы қазақ поэзиясының бастаушы өкілі, үш жүзге аты мәлім, ақындық өнердің тұңғышы жерлесіміз Көтеш Райымбекұлы Баянауыл жерінде туып өскен.
Көтеш ақын жарлы жанұяда туған, сол жоқшылық өмір бойы ақынның соңынан қалмаған. Кедейліктің қасыретін көп тартқандығын ақын өлеңдерінің сарынан білуге болады.
Көтеш өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл түрінде халыққа көбірек таралған. Ақын шығармаларының көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. Өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығын көрсетіп, екіншіден, сараң байларды келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғанын байқатады.
Алғаш рет он жеті жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Бізге жеткен шығармалары: «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арға ойылды», «Құбажон тұсы қақтар», «Қартайғанда қатының дұшпан болды», «Кәрілік! Жылы-жұмсақ ас жарай ма?», «Алдымнан алты пұшық анталады».
Ақынның мол мұрасын жинағандардың бірі-белгілі ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ақын М.Ж.Көпеев. Ол Көтештің «Нақыл өлеңдерін», «Қайынына баруы», «Көтештің Күнікей қызбен қағысуы», «Жайлауда», «Көтештің келін, баласына наразы болуы», «Шал мен қыздың қағысуы», «Көтештің кәрілікке айтқаны» атты өлеңдерін қағазға түсірген.
«Көтештің шолақ атын бір кекеткенде айтқан өлеңі», «Көкбар тартқанда Көтештің шығарған өлеңі», «Көтештің байдың үйінде түстенерде айтқаны» атты өлеңдерін 1968 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны Мұқатов Ғалымжан (1900-1976) жинастырыпты.
Ақынның өлеңдерін, кейбір айтыстарын жерлесіміз Нұрлыбек Баймұратов 1937 жылы жазып алса, Баянауылдық Хакім Баисов 1940 жылы, Нұрмағанбет Баяндыұлы 1951 жылы, Ғазиза Нұртазина 1947 жылы, Сүлейменов Айтбай, Түгелұлы Арсақай қағазға түсіріп, Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорына өткізген.

Шал ақын 1748 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген. Ақынның ес біліп, есейген өңірі – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Ал анасы - үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы.


Шал ақынның шын аты – Тілеуке. Бірақ ел арасына жастайынан-ақ "Шал ақын" болып танылған. Ол жасынан сөзге үйiр, шешен сөйлейтiн тiлге дiлмәр, ойлы жас болып көзге түседi. Ал "Шал ақын" деп танылуы туралы ел ішінде бірнеше нұсқадағы әңгімелер бар.


Тілеуке Құлекеұлының "Шал ақын" деп танылуына кiшкентайынан үлкендерше сөйлеуi, төрде отырып төрелiк айтқаны себеп болған деседі. Енді бір нұсқада ақынның "Шал" атануы "Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң" деген өлеңінің шығу тарихымен байланыстырылады. «Бұл өлең – Тілеукенің тұңғыш өлеңдерінің бірі дейді» - дейді ақын шығармашылығын зерттеушілер.


РЕКЛАМА

… Бірде хан Құлеке батырдың бәйге алдын бермейтiн жүйрiк атын сұрап алып, кейiн қайтармай қояды. Күндердің күнінде Құлеке атын сұрауға барғанда баласы Шалды ерте барады. Хан бала Шалдың көзiнше: "Iшi боқ, сырты түк сол мәстектi осыншама неге сұрай бересiң?” - деп әкесіне сөз айтады. Шал таңертең ерте тұрған ханның табынға ере алмай қалған бiр қозыны арқалап бара жатқанын көрiп қалады. Кетерiнде хан екен деп қысылмай, өлеңдетiп, малжандылығын бетiне басады.

Өлеңге тоқтамайды Шал дегенiң,


Болмайды қойға пана тал дегенiң.


Таң ата жалаң аяқ тоқты арқалап,


Хан ата, қалай екен мал дегенiң?


Сыйлайды ханымыз деп үлкен-кiшi,


Бiреудiң хақын жемес жақсы кiсi.


Тақтағы хан, топтағы бидi еңкейткен,


Хан ата, қалай екен малдың күшi? - дейдi.


Өлеңдi естiген хан Құлекеге: "Мына балаң маған үлкен адамдарша сөйледi, тумай жатып қартайған бiрдеңе ғой”, - дептi. Сөзден ұтылған хан Құлеке батырдың бәйге атын қайтарған екен. Хан алдында айтылған бұл өлең ел iшiне тез тарап, Тiлеукенiң Шал аты мен ақындық атын қатар шығарған екен.




Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/40226/

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет