І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Марғасқа толғауларының зерттелуі



бет12/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Марғасқа толғауларының зерттелуі
Марғасқа шығармаларын зерттеуде және Марғасқаның от тілді, өжет, аса талантты ақындығы жайында: Ә. Марғұлан, М.Мағауйн сияқты қайраткерлердің рөлі ерекше болды
Ақтамберді Сарыұлы
Жоспар
Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні.
Жырау толғауларындағы ақыл-нақыл сөздер.
Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшелігі.
Ақтамберді толғауларындағы төрт түлікке деген қатынастың көрінісі.
Ақтамберді толғауларының әлеуметтік мәні
Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, көрген ауыртпалықтарын жырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүние танымын көркем, бейнелі тілмен бере білумен де бағалы.
XVII – XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген жырау ертеден-ақ қазақ жұртына танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткері, сөз өнерінің көнекөз өкілі, жылдар бойы жете зерттелмей естен шығып қалуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.
Ол суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табан асты шығарылып, ауызекі таралып ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.
Бұл жайында ол өзінің “Күлдір де күлдір кісінетіп” толғауында былай келтіреді.
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз,
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз,
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екенбіз?!
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
Тарихи тұлғаға айналған оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. “Қазақ ССР тарихы” берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет