І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшелігі



бет13/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
ҚХДӘ дәріс

Ақтамберді толғауларының көркемдік ерекшелігі
Жырау толғаулары өз өміріне, жай-күйіне, қарапайым тұрмысына жақын тұрады. Негізінде дидактикалық сипатын сақтайды. Ақылды да, жадағай, жалаң айтпай, аталық өр тұрғысынан толғап өлшеп, өз басынан кешкенін қорытып береді. Сондықтан да Ақтамберді афоризмдері иланымды, сенімді сезіледі.
Бір құбылысты екінші бір құбылысқа теңестіру, салыстыру арқылы әдемі, айшықтай ой тастайды, өз уайымының шеңберінде қалып қоймай, і штегі дертін сыртқа, сол кездегі кедей қауымның ауыр тұрмысына ортақтаса отырып шығарады. Тұрмыс, тіршілік күйі туралы түйіндері жеке болып келгенімен, өзара тұтас бір туындының келбетін береді, Ғибрат, нақылдары жарасымды, еркін шебер күйде жеткізеді.
Ақтамберді жырларында жеке көрініп тұратын бір желі бар. Ол мал туралы жолдар. Қазақ халқының ерте замандағы күнкөріс тіршілігі мал бағумен байланысты болғаны белгілі. Қазақ уақытты да “сүт пісірім”, “ет пісірім”, “қозы көш” деп бөледі. “Жігіттің нары”, “құлын-тайдай тебіскен”, “қошақаным”, “ботақаным” деп халық өзінің кісіге көз қарасын, көңіл-күйін бідірген. Төрт түліктер туралы жарасымды сөздер тудырған.
Ертеде негізінен малшылықпен күнелткен қазақ халқы төрт түліктен теңеулерін аямаған. Тіршілігінің тірегі болған малға сөзін, әнін, күйін де арнаған. Бұл әуен ауыз әдебиетінде, одан жеке ақын-жыраулар творчествасына, кейін жазба әдебиетке ауысқан.
Мал басы өскен адамның,
Алды-арты бұрқар бу болар.
Көтере алмай мал басын,
Көрінгенге бу қылар, – деп Ақтамберді Сарыұлы
малы бардың кеудесі ісіп жүретінін тілге тиек еткен. «Ерлер жортар мал үшін», «Ерлер мінер ат үшін», «Өрісінде мал өсер», «Май бітпесе немене»деген жолдар ерекше назар аудартады.Мұнда малға табыну әуені басым.Ол заңдыда. Өйткені, қазақ даласында көне заманда мал-ақша,бітімші орнына жүрген. Халық жылқыны ерекше қадірлеген.
Ақтамберді толғауларындағы төрт түлікке деген
қатынастың көріні
Жыраулар дүниесі, оны ішінде әсіресе төрт түлік мал халқымыз үшін табиғаттың аса қажетті игілігі болған. Олар бар өмірін көшпенді тұрмысқа негіздегендіктен, халықтың тіршілігінің тірегі ғана емес, өмірлік серігі, рухани сырласы, сүйікті түлігіне айналған. Сондақтан да болар халық өзінің өзегін жарып шыққан ұл-қызын қозым, ботам, құлыным, балапаным деп тебіренеді. Халық бойындағы төрт түлікке деген терең сүйіспеншілік жыраулар поэзиясынан да елеулі орын алған.
Халық, әсіресе, жылқыны төрт түліктің төресі ретінде таныған. Жақсы атты жеті қазынаның бірінен санаған. Жасанып жауға шапқанда жан серігі, көшкенде көлігі, сусағанда сусыны, әрі ең сүйікті азығы болған бұл түлікті шексіз құрметтеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет