Жиембет жырау
Жоспар
Жиембет жыраудың өмірі
Жиембет толғауларының мазмұны мен ерекшелігі
Жиембет жыраудың өмірі
Жиембет XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген. Жорықшы жырау – Есім ханның әскер басыларының бірі және қалмақтармен күресте ерлік көрсеткен батыр. Тарихи әңгімелерге қарағанда Жиембет өз заманының ірі қайраткері, мемлекет істерінде үлкен рөл атқарған би.
Жиембет толғауларының мазмұны мен ерекшелітері
Жиембет толғауларында Есім ханның игілікті ісін мадақтап, оның жөнсіз зорлықтарына қарсы көзқарасын айқын білдіреді. Ол алған бетінен қайтпайтын қайсар болған.
Жиембет толғаулары 7-8 буынды, кезекті, аралас, кейде қара өлең ұйқасында келеді.
Басы саудың түгел дүр (7)
Толған тоғай малы-дүр (7)
Тоқтамай соққан толағай (8)
Толастар мезгіл жеткен-дүр (8)
(7-8 буынды қара өлең ұйқасы)
Жырау өз бойындағы ерекшелікті, сесеті де күшті теңеулермен көрсеткен.
Мысалы:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай.
Жиембет өз толғауларында табиғат, жан-жануар және адам өміріндегі тосын құбылыстарды көрсетумен қатар оған кешіріммен қарауды ескеріп, адам жанының нәзік сырларына үңіледі.
Марғасқа жырау
Жоспар
1. Марғасқа жыраудың өмірі
2. Марғасқа толғауларының мазмұны мен ерекшелігі
3. Марғасқа толғауларының зерттелуі
Марғасқа жыраудың өмірі
Марғасқа XVII ғасырда өмір сүрген жырау. Ол ерлікті және де достықтыққа адалдықты жырлаушы қазақ поэзиясының көне дәстүрін жалғастыраушысы. Есім ханның жолына кесе көлденең тұрған Қатаған шанышқалы руының ханы Ташкентті билеуші Тұрсын ханның бүлігін басуға бел буа кіріскен батырдың бірі болған.
Марғасқа толғауларының мазмұны мен ерекшелігі
Марғасқаның айбынды, от тілді орақ ауыз жырау екендігін мына толғауынан айқын аңғарамыз.
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын,
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірсіп жатырсың
Ел қамын, жер қадірін қастерлеген ханның қатыгездігіне қарсы шапқан жырау екенін көреміз.
Марғасқа толғаулары 7-8 буынды болып келеді.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың.
Достарыңызбен бөлісу: |