І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар



бет8/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Доспамбет жырау
Жоспар
Доспамбет жыраудың қысқаша өмірі.
Доспамбет толғауларының идеялық мазмұны.
Доспамбет толғауларындағы негізгі ерекшеліктер.
Доспамбет жыраудың қысқаша өмірі
Доспамбет жырау XVI ғасырдың 90- жылдарының орта шенінде Азау қаласында туады. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген кіші орданы билеуші әскери шонжарлар тұқымынан шыққан болашақ жырау, заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дешті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбул мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстардың бірінде, 1523- жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады. Өмірімен қоштасқан сәтінде Доспамбеттің жасы әлі отызға да толмаған еді.
Доспамбет толғауларының идеялық мазмұны
Доспамбет толғауларының негізгі идеялық мазмұны – садақ тобы, сайгез оқты бората атқан батырды, алты құлаш ақ найзаны құлаштай шаншыған қаһарманды, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен ел жәйін өз толғауларына өзек етеді.
Толғамалы ақ балта,
Толғап ұстар күн қайда,
Кетбұғадай билерден,
Кеңес сұрар күн қайда.
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан,
Боз-баламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда.
Доспамбет толғауларындағы негізгі ерекшеліктер
1. Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен.
деген өлең жолдары жыраудың ақындық мәдениетін танытумен қатар, өз өміріне шолу жасап, әр сөзі арудың отыз екі маржан тісіндей тізбектеліп тұр. “Т” – дан басталатын ұқсас сөздермен бірнеше жолдың басталуы өлеңге жан беріп, жырау сөзін жыраулық поэзияның жақсы үлгісі қатарына қосқандай нәр береді.
2.Доспамбеттің сөзге ұсталығы, оның толғауындағы сөздердің шебер қолданысында:
Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында.
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан пілдің қайысы.
бұл өлең жолдарынан қамшының сері жігітке ылайық, жеңіл қару болғанымен қадірлі бұйым, қазақы он екі өрім бұзау тіс дойырдың өзі екенін аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет