І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар



бет3/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚХДӘ дәріс

Жырау және жырщы.
Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген сәуегей. Жырау тұлғасы ерте дәуірде, тайпалық одақтар бірлестігі тұсында қалыптасып, XV – XVIII ғасырларда үлкен өнер иесі және қоғам қайраткері ретінде танылған. Соғысқа кірер алдында бата беріп, толғау жырлар айтып, жауынгерлердің рухын көтерген саяси, әскери дипломатиялық істерге кеңінен араласқан, мемлекет басшысының кеңесшісі қызметін де атқарған. Жырау сөзі ХІ ғасырда пайда болған. Жыраулар ауыз әдебиетін өркендетуге, халықтың өлең-жыр дәстүрлерін, сөз өнерін байытуға, суырып салма ақындық өнердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Жыраудың Ноғай, Қарақалпақ халықтарының поэзиясында да үлкен орны бар. Шығармалары халқымыздың рухани асыл қазынасына мол үлес болып қосылған жыраулар – Қазтуған, Шалкиз, Доспамбет, Жиембет, Үмбетей, Бұхар, Ақтамберді т.б. Кейінгі дәуірлерде “Жырау” сөзінің мағынасы өзгеріп, ақын-жыршы, эпостық жырларды айтушы ұғымында да қолданылатын болды. (Мысалы: Маралбай, Мергенбай, Мұрын т.б.)
Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық жырларды айтып таратушы. Ірі өнерпаз жыршылар жырларды өзінше өңдеп не суырып салып та айтқан. Бұл жағынан қарағанда ерте кезден жыршының тұлғасы екі түрлі болған деп ұққан дұрыс. Біреулерінде қандай да қорғамдық тарихи уақиғаны жырлап айту, суырып салып өлең шығару қаблеті айқын көрінсе, ал басқалар жағынан шығарылған жырды жаттап, өзінше өзгертіп, өңдеп айту, орындаушылық шеберлігі басым болған. Жыршы негізінде тек бұрыннан белгілі поэзиялық нұсқаларды айтушы, орындаушы деп санау кейінгі кезеңдегі жыршыларға қарап қалыптасқаны сөзсіз. Қазақ поэзиясында суырып салма шығармашылық кең өрістеген ертерек замандарда жырды шығарып айтушы мен дайын нұсқаларды орындаушы арасында ондай шек болмаған. Кейбір белгілі Жыршылар орындаған эпостық жырлардың бірінен бірі өзгеше нұсқалары сақталып, бізге жеткені тегін емес. Ауыз әдебиетінің бірталай ірі өкілдері – ақындар бір жағынан жыршы, жыр да шығарушы, айтушы да болып келеді, өнер бәсекелерінде жырды көбінесе жаттап айту әдетке айнала бастаған. Алайда, қай кезеңде айтсақта жыршылық өнердің, жыр айту өзгешелігі ауызша поэзияның тууы, даму заңдылықтарына негізделеді. Бұл нұсқаны әр жырщы әр түрлі орындайды. Тіпті бір жыршының өзі де жырдың сөзін бастан-аяқ дәл сол күйінде ешқашан қайталамайды. Сөзге шешендік пен ой өткірлігіне дауыстың әуезділігі, аспаптық сүйемел, орындау шеберлігі елеулі міндет атқарады. Жыршының түркі тілдес халықтар поэзиясындағы ертеден белгілі жарқын тұлғасы қызғыздың әйгілі “Манас” жырын айтушылар – Манасшылар. Ежелгі дәстүрі бар эпостық жырлар, сондай-ақ толғау, терме сияқты жыр үлгісіндегі ескі нұсқалар жыршылық өнердің, жырдың өрнегі мен өлшемінің сонау көне дәуірде қалыптаса бастағанын дәлелдей
Толғау – Қазақ, сондай-ақ Қарақалпақ, Ноғай секілді басқа да халықтардың ауызша поэзиясында кең тараған қоғамдық саяси лириканың бір түрі. Толғау тектес сөз үлгілерін Қырғыздар “Санат-насият ырлар”, Құмықтар “Ойлы йырлар”, Башқұрттар “Қобайыр” деп атайды. Ноғай мен Құмықтың “қазақ йырлары” ерлік тоғау мағынасында қолданылады. Толғаудың жаныр ретінде қалыптасуы аталған халықтар әлі бөлініп үлгермеген ХІІІ – XIV ғасырларға сәйкес келеді. XV – XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғары даму сатысына жетті. Толғау тарихы жыраулық поэзияға тікелей қатысты. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұхар т.б. бейнелеу тәсілдерінде насихаттық өсиетті сарын, мәселені жан-жақты терең толғап айтатын ойшылдық әсерге тән болған. Толғауда маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық әуендер кеңінен орын алады. Әрбір даму кезеңінде толғау мазмұны жағынан да, бейнелеу тәсілі жағынан да бірталай өзгеріп, жаңаша сипат алды (Дулат, Махамбет, Базар, Жамбыл). Толғау кейде күрделі, көлемді лирикалық туынды, тіпті сюжетсіз поэма дерліктей сипат алады. Ырғағы 7-8 буынды тармақтарға негізделеді, олар еркін, әрі мөлшерлі топтасып, түйдек-түйдегімен шоғырланып келеді. Бұл ерекшелігі ауызша поэзиялық өлеңді суырып салу дәстүріне сайкес қалыптасқан. Белгілі бір мақаммен, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен айтылады.
Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі негізігі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жыры, эпостық, ғашықтық жырлар). Сонымен бірге стильдік ерекшеліктері өлең өрнегі жағынан олрға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған. Жыр ырғағы 7-8 буынды тармақтарға негізделгендіктен, осындай тармақтар еркін топтасып, түйдектеліп келетін өлең өрнегінде жыр өлшемі деген мағынада жыр деп атай береді. Жыр – ырғағы жеңіл, ширақ, жайлап баяу айтуға да, тездетіп, екпіндетіп айтуға да лайық. 7 буынды тармақтары 4 және 3 буынды бунақтардан құралады. 8 буынды тармақтары басы 3 буынды, ортасы 2 буынды, соңы 3 буынды бунақтардан құралады.
Фольклордағы жоғарыда аталған батырлар жырынан басқа тарихи, ғашықтық жыр, жоқтау тәрізді жанрлар, жыраулар поэзиясы түгелге делік және ақындық поэзиядағы көптеген сөз үлгілері осы өлшеммен шығарылған. Егер кей жанрдағы шығармалар өзге өлшемде де (мәселен 11 буынды қара өлең) туып отырса, толғау мен терме ғасырлар бойы жыр өрнегінен айнымаған. Жыр да өлең сияқты, халық поэзиясының негізгі жанрлық түрі саналған. Жыр негізінен белгілі бір әуенмен термелеп айтылған. Көлемі шағындау туындыларды тақпақтап айту кейінірек қалыптасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет