І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Асан Қайғы туралы зерттеулер мен деректер



бет6/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Асан Қайғы туралы зерттеулер мен деректер

Халық Асанды тек аңыздап қана қоймай, оның өміріне арнап, өлең-жырлар да шығарған. Бұрынғы жырауларды (Бұхар, Құдабай т.б.) былай қойғанда біздің дәуір ақындарының ішінде де Асан өмірін жәнеде ол туралы аңыздарды зерттеп, поэма жазғандар көптеп кездеседі. Оның ішінде Ысқақов Ілияс дегеннің 1948 жылы жазып шығарған “Асан Қайғы” поэмасы екі бөлімді ұзақ жыр. Ол сөзді былай бастапты:


Болыпты бір саятшы Сәбит деген,
Бойында сағасы зор Сырдария
Кісі екен ақ пейілді, жүзі ашық.
Жасынан аңшылықты машық еткен.
Еш адам оза алмаған онан асып ...
Екінші бір қысқа жырды Жұртыбаев Жүсіпжан дегеннің айтуынан Ахметов Көкек 1940- жылы жазып алыпты. Бұнда да Асан Қайғының әкесі саятшы Сәбит деген аңшы деп айтылады.
Ал, Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда: Асан ата ноғай екен; Шыңғыс ханның алтыншы ұрпағы деп аталады. Ал Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген.
Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлының “Тауарих Хамса” атты кітабының айтуынша, Асан Қайғы Шыңғыс ханның ұрпағы екендігін айтады. Ол Майқыбидің алтыншы ұрпағы. Бұл кәдімгі “Түгел сөздің түбі бір, Сөз атасы Майқы би” деген мақалдағы Майқы. Ол Шыңғысханның тарихтан белгілі Әскербасыларының бірі болған. “Тауарих Хамсаның” авторының “Асан Қайғыны кім деп білесіз ?” деген сауалына Құдабай мынадай жауап қайтарыпты:
“Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық-қанық емес едім.
Естігенім тақсыр-ау, бұлай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып айтыпты жыр,” – деп
жырлайды.


Қазтуған жырау Сүйіншіұлы
Жоспар
Қазтуған жыраудың қысқаша өмірі.
Қазтуған толғауларының идеялық мазмұны.
Қазтуған толғауларының құрылысы.
Қазтуған толғауларының ерекшелігі.
Қазтуған шығармаларының зерттелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет