І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Қахақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің кезеңдерге бөлінуі



бет4/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қахақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің кезеңдерге бөлінуі
Жоспар
XV – XVII ғасырлардағы жыраулар.
XVIII ғасырдағы жыраулар мен ақындар поэзиясы.
XV – XVII ғасырлардағы жыраулар
Қазақ жырау поэзиясында Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар хандық дәуір әдебиетінің бірінші кезеңіне жатады.
Қазақ әдебиетінің ортақ арнадан оңаша жол тапқан алғашқы қадамдарының өзінен-ақ кемел өре, көркем келісімге жетуі заңды болса керек. Қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттің алғашқы өкілдері, өз кезінде бүкіл Дешті-Қыпшаққа даңқы жеткен Асан Қайғы, Қодан тайшы, Қазтуған жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп қарауға тиіспіз. Бұлардың біздің заманымызға жеткен шығармаларынан Әбілқайыр ұлысындағы бүлікшілік, қазақтар көтеріле көшіп, тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедел тапқан. Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы да танылғандай. Елге ұйытқы, ер азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашаққа ұмтылар бағыт-бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігінде айқындап кетті.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уалиханов “Көшпенділер философы” атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы еді. Керей, Жәнібек хандардың алғашқы биі болған Асан қазақ руларының орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойында орналасқан соң ел іргесі берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндеді. Өз өлең толғауларында хандық үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін көтереді. Өзінің хандық күшін тұтас руларды бір орталыққа, қуатты мемлекет етіп ұйымдастыру жолына арнайды. Біздің заманымызға жеткен толғаулырынан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті Алтын орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алған көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет