І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Жырау шығармаларының негізгі идеялық мазмұны



бет10/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
ҚХДӘ дәріс

Жырау шығармаларының негізгі идеялық мазмұны
Шалкиіз толғаулары негізінен дидактикалық сарында жазылған. Жырау өнернамасынан ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар өзекті орын алады. Жырау поэзиясындағы ғибрат сөздер адамгершілік сананың, әділеттік ақыл-ойдың жемістері. Жырау өз өлеңдерінде ел мақсатын, көп мүддесін жоғары ұстайды. Шалкиіз шашақты найза өңгерген батыр жауынгерлерді қаптаған қалың жаудан шегінбеуге, тайсалмауға шақырады. Ел билеген басшылардың адал әмірші болуына үндып, жаман қылықтарын сынап, шенейді.


Шалкиіз шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
Жырау сөздері бейнелі нақылдар, ол болашағы зор, үміт артар жігітті, басына бақ қонар ер азаматты жәй ғана баяндай салмай, суреттеу арқылы оның тұлғасын сомдауға назар аударады. Мысалы:
Жел, жел есер, жел есер,
Қоға менен тал өсер
Ораздының ұлы өсер
Жиырлының қызы өсер
Кенелейін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тең өсер.
Жырау – сөзге ұшқыр, тілге шешен, ол қандай пікір айтпасын бәрін тұспалдап сөйлейді. Өзіндік ақындық қабілетін танытатын образдар жасайды. Халықтың өзіне таныс, бейнелі сөздермен термелейді, терең түйіндер жасайды. Жақсылық, мықтылық символдарымен жамандық, жақсылық бейнелерін қарама-қарсы қояды. Мысалы:
Табаны жалпақ тарлан боз
Тасты жерден шаба алмас.
Шалкиіз шығармаларының зерттелу жағдайы.
Шалкиз толғаулары өзінің құрылысымен де назар аударады. Тармақ, шумақ үйлесіп келеді. Жыраудың өлең ырғақтарында құрылып, тиісті жерде шұбыртпалы, кезекті кейде еркін түрде ұйқасып отырады. Мысалы:
Аспанды бұлт қоршайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан,
Соққы жегенге ұқсайды.
Қазақ әдебиетінің дербес әдебиет ретінде қалыптасу дәуірін Шалкиізсіз елестету мүмкін емес. Шалкиіз жыраудың әдебиетіміздің тарихында өшпес із қалдырды, оған қазақ жыраулық поэзиясының гүлдену дәуірі Шалкиіз жырау Тіленші ұлының атымен байланысты десек, артық болмас еді.
Шалкиіз мұраларын жинап зерттеген, кітап етіп бастыруға еңбек сіңірген ғалымдар: В.В. Радлов, Ы. Алтынсарин, М. Мағауин т.б. Олар Шалкиіз мұрасының біздің заманымызға жетуіне, оқулықтарға енгізілуіне жан-жақты еңбек сіңірді.
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды -
Күйбендескен көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды!
Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің,
Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
Білерді білмес не демес,
Сұлтан ием, сен менің
Бармай тапқан Қағбамсың!
Алтынды кесе сары бал
Алсам, мен саған ұсынармын,
Тал мойныма қол артсаң,
Күліктен бек ұнармын.
Көбең семіз торыңмын,
Көп құлыңның бірімін.
Жақсыңнан мені кем көрдің,
Жаманыңмен тең көрдің.
Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең,
Ұялы берікке қос артып,
Сен есенде, мен сауда
Ырысымды сындайын,
Сегіз қиыр шартараптан іздермін!
Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге
Жетер-жетпес су еді -
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, Тәңірі етті!
Жағасына қыршын біткен тал еді -
Жапырағын жайқалтып,
Терек етсе, Тәңірі етті!
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!!


Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе -
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты,
Дұспаныңнан бір сақын.
Елі ішінде айқасып,
Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын.
Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман айғақ болар басыңа.
Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
Сен - сұлтансың, мен - құлмын,
Сен - сұңқарсың, мен - қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұспан - маған жау,
Керекті күні алдында
Ғазизленген сұлтан жаным аяман!!


Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет