I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Еріннен оқу дағдыларын дамыту. Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың білімін бағалау, аттестаттау



бет19/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
24.Еріннен оқу дағдыларын дамыту. Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың білімін бағалау, аттестаттау. 
Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мән беретін тестілеу әдісі оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз. Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың әртүрлі формада (ауызша сауалнама, жазба жұмысы, тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, жоба, тест және т. б.) жүзеге асырылады және жиынтық бағалау өткізгенге дейін мұғалім мен білім алушыға оқу процесін түзетуге, ықтимал болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Тоқсан бойы жүргізіледі.
25.Есту қабілеті зақымдалған балаларды жалпы және арнайы білім беру жүйесінде оқыту ерекшелігі (материалдық-техникалық база, арнайы жабдықтар, оқыту түрлері мен әдістері). 
Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларды оқытудағы жалпы білім беруменқатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіружәне өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретінәлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу.Сонымен бірге, білім беруге ерекшеқажеттілігі бар тұлғаларға білім беругеқатысты ерекше мақсаттары да анықталған:
есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызшасөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсінужәне қалдық есту қабілетін пайдаланудағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайыоқыту жағдайлары
МЖБС талаптарына сәйкес естімейтінжәне нашар еститін оқушылар оқуматериалын меңгеру үшін арнайы жағдайжасалуы мүмкін және онда арнайы сыныптасаралап оқыту арқасында нақты оқуқұралдарын, арнайы оқу жоспарлары менбағдарламаларды қолдану, оқыту уақытынарттыру, мүмкіндігі болады.
Арнайы сынып жағдайында естімейтінжәне нашар еститін балалар негізгі ортабілім беру деңгейінде білім алады .
Қысқартылған​білім​беру​бағдарламаларын пайдалануда​білімалушылардың танымдық мүмкіндіктерінің​деңгейі​жасерекшелік нормаларынан төмен болуымүмкін.
Есту қабілеті бұзылған балалардыоқыту ұзақтығы бастауыш және негізгімектепте - 11 жыл:
- «0» (дайындық сыныбы),
- бастауышдеңгейі (1-4сынып), - 1-ші негізгідеңгей (5-7сынып), - 2-ші негізгідеңгей (8-10саты).
Нашар еститін және кейін естімейқалған балалардың оқыту ұзақтығы: -бастауыш деңгейі – 0 – 4 сынып,
- негізгі деңгей – 5 – 10 сынып,
Естімейтін және нашар еститіндероқушылар оқуын жалпы білім беретінмектептің 10-11-сыныптарында немесекәсіптік колледждерде, жалпы орта немесетехникалық және кәсіптік білім берудіарнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12сыныптарында жалғастыра алады.
Оқытудың барлық кезінде деңгейгебөліп оқыту қарастырылады және олестімейтін және нашар​еститінбалалардың жас ерекшелігініңпсихофизикалық мүмкіндіктерінебайланысты, сол арқылы әр оқу пәндерініңәр түрлі деңгейіндегі арнайы мазмұнынжәне өз кезегінде дәстүрлі түрлі қатынастыанықтайды.
Сонымен​қатар​білім​беру​сабақтастығы​және​үздіксіздігіқағидаттарына негізделген базалық білімтұтастығын қамтамасыз етеді жәнебіртіндеп пропедевтикалық​оқу​пәндерінен​жүйеге көшеді (арнайыбағдарламалармен​оқытудан жалпы білім беретін мектептің оқытубағдарламаларымен оқытуға көшу).
Саралап оқытудың қажеттілігі сөйлеудідамыту ерекшеліктеріне және есту қабілетібұзылған оқушылардың танымдыққызметіне негізделген.
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасызету
Есту қабілеті нашар балаларға арнайысыныпта білім беру түзету компоненті барарнайы типтік оқу жоспарына сәйкесжүргізіледі.
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады:
а) естімейтін оқушылардың "0"(дайындық) және 1-7-сыныптарда – арнайыбағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптардажалпы білім беру бағдарламалары бойыншаоқиды, білім беру мазмұны оқудыңұзақтығы 1 жылға артуына байланыстықайта бөлінеді және білім алушылардыңмүмкіндіктерін ескере отырып бағдарламабейімделеді.
б) нашар еститін және кейіннен естімейқалған балалар «0» (дайындық) және 1-4сыныптарда арнайы бағдарламаларбойынша, 5-11 сыныптарда жалпы білімберетін бағдарламалары бойынша, білімберу мазмұны оқудың ұзақтығы 1 жылғаартуына байланысты қайта бөлінеді жәнебілім алушылардың мүмкіндіктерін ескереотырып бағдарлама бейімделеді.
Арнайы бағдарламалар мазмұнындажалпы білім беретін пәндер бойыншаоқушылардың естуінің төмендігі жәнесөйлеу қабілеті дамымай қалғандығынескерген.
Ол коррекциялық бағытта сипатталадыжәне есту түйсігін дамытуды, тілдікдағдыларды практикалық қалыптастырудықамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларға білімберу мазмұнын анықтау кезінде білімалушыға жалпы білім беру жәнетәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білімберудің міндеттері есептеледі.
Оқытудың негізгі міндеттері менпринциптерінде балалардың дамуерекшеліктерін ескере отырып айқындалғанжәне есту қабілеті бұзылуы салдарынтиімді меңгеруге қажетті педагогикалықжағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлықмүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасызету қарастырылған.
Естуді қабылдауды дамытуға арнайыеріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту-көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді,оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіругежәне түйсіну дағдыларын қалыптастыруға,әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстаршығаруын, музыканы қабылдауына назараударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет