I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Ерекше білім беру қажеттілігін анықтау



бет16/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
20.Ерекше білім беру қажеттілігін анықтау. білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған: көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау; есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту; 5 ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау; қимылқозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы міндеттерді шешуге дайын болулары керек


21.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-раты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары,мінез-құлық және эмоциялықпроблемалары бар балалар.
Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-калькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.
3-топ.Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.
ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.
Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет