I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Ерекше білім беру қажеттілігінің сипаттамасы



бет17/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
22.Ерекше білім беру қажеттілігінің сипаттамасы
Ерекше білім беру қажеттілігі - оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік.
Дені сау балалардың ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балалармен араласуы олардың ұлағаттық тәрбиесіне әсер етеді, көзқарасын өзгертеді және ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар білім және машық алуға басқа балалармен тең мүмкіндік алады, өздерін еркін сезініп, мектепке қуанышпен барады.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасаллоды. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
- оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
- оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
- оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
- оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
- оқыту формасын таңдау.
Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі:
• мектеп Кеңесінің шешімімен;
• психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен.
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, хонда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немсе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады.
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет: оқушы арнайы, қысқартылған немсе жеке бағдарламамен оқытылған кезде; оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);
- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет