I казахский медицинский I



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата17.06.2022
өлшемі481,4 Kb.
#36989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
akusherlik-zh-ne-ginekologiyaly-praktika-a-belsendi-o-ytu-disterin-oldanu


Раздел iii. Современные аспекты медицинского образования
*akhmetovazhadyra_777@mail.ru
-Жұмыс нәтижеге бағытталған, яғни қажетті дағ-
дылардың дамуының оқытудағы өлшемді біркелкілігі. 
-Оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін TBL 
кілттік құрамын қолдану қажет, сонымен қатар бекітіл-
ген білім беру реттілігімен жүру қажет. 
-TBL білім алушыға бағытталған, бір топтың мү-
шелерінің өзара және жылдам білімін бағалауын қа-
растырады, әрине мұғалімнің сыни бағалауын есеп-
темегенде. Сондай-ақ, ол білім берушінің жұмысын 
жеңілдетеді, ол көптеген топтармен жұмыс жасауға 
мүмкіндік береді. 
-TBL 60 астам америкалық және халықаралық кәсі-
би білім беру мекемелерінде оқытудың бірнеше дең-
гейлерінде қолданылады: негізгі, дипломнан кейінгі 
біліктілігін жоғарылату курстарының тыңдармандары 
үшін қолданылады. 
TBL дұрыс жүзеге асырылған жағдайда кіші топ-
тардағы лекциялық форматтағы білім берумен немесе 
басқа білім берудің дәстүрлі моделдерімен салыстыр-
ғанда игерімділік деңгейі салыстырмалы түрде немесе 
тіпті жоғары болады (Маккирнан, 2003; Левин және 
т.б.., 2004; Коулз және т.б.., 2005, 2010; Шелленбергер 
және т.б., 2009; Цгхайб және т.б., 2010; Томас, Боуэн 
2011).
Дәстүрлі білім берумен салыстырғанда топтардың 
ішінде, курсанттардың арасында теңсіздік жоқ, үл-
герімділігі жоғары студенттер де және үлгерімділігі 
төмен студенттер де ыңғайсыздық сезінбейді.
Бұл жерде өзара білім алуға үлкен мән беріледі. 
Жалпы үрдістерде топ мүшелері қаншалықты белсенді 
болса, бүкіл білім алу үрдісі соншалықты нәтижелі бо-
лады. 
TBL білім алушылардың әлсіз жақтарын анықтауға 
мүмкіндік береді және оның алғашқы этаптарында қо-
рытыны емтихан дайындығында көмектеседі. 
Согдай-ақ, курсанттардың жеке дайындығының 
мәнінтжәне белсенділігін азайтпайды. 
Бұл нұсқаулық не үшін қажет?
1.
TBL қолдану көптеген курсанттар санын қы-
зықты және нәтижелі білім беруге мүмкіндік береді, 
экономикалық нәтижелілікті жоғарылату мақсатында 
білім алушылардың санын ұлғайту қажеттілігі бар кез-
де, ол қаржылық жағынан да тиімді болып табылады. 
2.
Сонымен қатар, аккредиттеуші органдар топ-
тық жұмыс жасауға бағытталған ортада жұмыс жасау 
үшін қажет болатын, «білім берудің белсенді формала-
рын» және дағдыларды қалыптастыруды оқу мекемесі 
қолданатыны туралы құжаттарының болуын талап 
етуде. 
Сонымен ақыр соңында, бүгінгі таңда лекциялық 
материалдарды алу үшін аудиторияға барудың қажеті 
жоқ, лекцияларды онлайн тыңдауға болады, оқу меди-
циналық деректер қоры кез келген әдебиеттерді қол-
дануға мүмкіндік береді. Курсанттардың сабақтарда 
болмауы, мұғалімдерді ренжітеді және білім алушы-
ның дайындық деңгеін бақылауға мүмкіндік болмай-
ды. Сондықтан TBL әдісі топтық жұмысқа бағыттал-
ған, ол нақты практикалық тапсырмаларды шешетін, 
сабақтарды қызықты және нәтижелі өтуге мүмкіндік 
береді. 
TBL циклдық кезеңдері. 
1 кезең : Тапсырмаларды алдын ала бөліп беру. 
Аудиторядан тыс/жеке. Білім алушылар сабаққа 
сұрақтар тізімін және нақты мақсаттар қояды. Курсант 
дайындалуға кез келген материалды қолдануына бола-
ды: оқулықтар, мақалалар, видео, лекциялар және т.б.
2 кезең: Жеке тексеру тесті.
Аудиториялық/ жеке. Әрбір білім алушы жауап-
тардың бірнеше нұсқаларры бар бірқатар сұрақтарға 
(10-20) жауап береді. Сұрақтар сан емес, сапа қағида-
сы бойынша қарастырылуы тиіс және де ұсақ-түйекке 
емес, ғаламдық мәселелерге мән берілуі тиіс.
3 кезең. Топтық тексеру тесті.
Аудиториялық /жеке. Әрбір білім алушы (10-20) 
қатар және бірнеше вариант жауаптардан тұратын сұ-
рақтарға жауап береді. Сұрақтар сандық жағынан емес 
сапалық тұрғыдан құрастырылуы және дәл сол тақы-
рыпқа қатысты мағыналы болуы керек. 
Этап 3. Топтық тексеру тесттері. Аудиториялық /
топтық: Бұл дәл сол сұрақтар секілді құрастырыла-
ды, дегенмен әрбір студент жеке тапсыруы тиіс. Бұл 
сұрақтарға топтар өздерінің жауаптарымен келеді. IF-
AT принципі қолданылған дұрыс, топтарды бір немесе 
екі сұрақтардан алғызып, бүкіл аудиториямен талқы-
лауларына ынталандыру керек. Топтар сұрақтардың 
жауабын біліп тұрғандарымен, ішінде екі-үш пунктін-
дегі сұрақтардың жауаптарымен келіспей, аудитория-
мен талқылайды.
Этап 4. Қосымша комментариялар және мұ-
ғалімнің түсіндірулері.
Аудиториялық/мұғаліммен. Мұғалім топтық тексе-
ру сұрақтарына жауап беру барысында түсінбеген не-
месе талқыға салынған сұрақтарды түсіндіріп, жауа-
бын айтады.
Осы сұрақтарды түсіндіріп болғаннан кейін сту-
денттер келесі бұданда ауыр сұрақтарға- TBL жауап 
берулеріне дайын екендерін түсінулері керек, топтық 
практикалық тапсырмалар.
Этап 5.tAPP-топтық практикалық тапсырмалар. 
Аудиториялық/топтық. Бұл өте маңызды этап. Сту-
денттерге осы мәселеге ұқсас сценариялық/ситуация-
лық сұрақтарды таратады және осы сұрақтармен про-
фессионалдық өмірлерінде және тәжірибелік жағдай-
да кездесулері мүмкін. Сонымен қатар қосымша мәлі-
меттер осы сұрақтарды шешулері үшін берілуі керек.
Топтық жүйені қолдану 4 принциптен құрылуы 
тиіс.
1) Маңызды мәселелер. Курсанттар ситуация-
лық мәселелерді шешеді, шынайы клиникалық ситуа-
цияларға жақын сұрақтар. Курсанттар сұрақтардың 
жауаптарын қандайда бір қосымша(интернет, кітап) 
мәліметтерден іздеп, қарауларына болмайды. Олар-


I КАЗАХСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ I 
УНИВЕРСИТЕТ НЕПРЕРЫВНОГО 
ОБРАЗОВАНИЯ
Вестник АГИУВ № 4 , 2017
64
*akhmetovazhadyra_777@mail.ru
ға қойылған сұрақтың жауабын шешуге тек топтың 
ақылдасулары ғана әкелуі керек.
2) Аналогиялық мәселе. Барлық топтар бір уа-
қытта қойылған сұрақтарға жауап береді.
3) Нақты таңдау. Әрбір топтар өздерінің нақты
таңдауларын жасаулары қажет және сол жауапты неге 
таңдағандарын басқа топтарға түсінікті түрде жеткізу-
лері қажет.
4) Бір уақыттық есеп. Сұрақтың жауабын бе-
рер уақытқа келгенде әрбір топ өздерінің жауаптарын 
бір уақытта айтады. Осылай барлық топтар өздері-
не тиесілі бағаларын алып, өздерінің жауаптарын 
түсіндіріп, нақтылап береді.
Этап 6. Ұсыныс. 
Аудиториядан тыс/топтық. Ұсыныс беру екі се-
бептен болуы мүмкін. Құрылған сұрақтың дұрыс 
емес екендігін мұғалімге түсіндіреді. Топтар өздерінің 
жауаптарын дұрыс екендігін дәлелдеу үшін маңызды 
деректерді көрсетіп, өз жауаптарының дұрыстығын 
қай мәліметтен алғандарын нақтылап көрсетіп, дәлел-
дейді.
Топтардың құрылуы. Топтарды құру барысында, 
топтар соңына дейін бірге болатындығына көз жеткізу.
Топқа бөлудің 4 принципі бар:
1) Ешқандай курсанттар өз қалаулары бойынша
бөлінбеулері тиіс.
2) Курсанттардың көзқарастары мен ойлары бір
дәрежеде болатындай етіп бөлу.
3) Әр топтардың өзіндіқ қасиеттері болуы қажет.
Топта студенттердің ер жігіттер мен қыз балалардың 
қатынасы бірдей болулары қажет.
4) Студенттер өздерінің бір топқа неге түскен-
дерін жақсы түсінулері қажет.
Мәселелік-бағытталған оқытылулар немесе PBL 
(Problem-based Learning)- оқулық көзқарас, оқуға қы-
зықтыру мақсатында шынайы қолданыстағы мәселе-
лерді қарастыру. Білім алушының алдына ең бірінші 
сұрақтарды береді, студент ол сұрақтар жайлы ешқан-
дай мәлімет білмеуі қажет. Топта жұмыс жасай оты-
рып, мәселені қарастырады, сұрақтарды құрастырады, 
сұрастырулар мен зерттеулер жасайды, гипотезалар 
құрып сұрақтың шешімін табады. Бұл оқу әдісі ті-
келей шынайы мәселелерге бағыттала отырып білім 
алушының қызығушылығын тудырады. Осы әдістің 
қалаушысы Barrows-тің (1986) сөзі бойынша, PBL Бұл 
білім беру үрдісі шынайы өмірдегі мәселелерді ше-
шуге қажетті білімдерге бағытталған. Оның мақсаты 
студенттерге шынайы өмірде кездесетін сұрақтарды 
бере отыр, білім алушылардың практикалық жағдай-
да оқып үйренген мәселелерін клиникалық жағдайда 
қолдана білулеріне қол жеткізу. Алғаш бұл тәсіл Мак-
мэстр Медициналық университетінде (Канада, 1969 
жылы қыркүйек) ойластырылған. Клиникалық жағ-
дайларға бағытталған мәселелер медициналық жүйе-
лерде маңызды орын алған. PBL бұл -топтық жұмыс 
жасай отырып, мәселені қарастырады, сұрақтарды 
құрастырады, сұрастырулар мен зерттеулер жасайды, 
гипотезалар құрып сұрақтың шешімін табады.
PBL-дің маңызды ерекшеліктері.
- Білім алушылар өздеріне жүктелген жауап-
кершілікті сезініп, берілген мәселеге өздерінің жос-
парларын құру.
- Мәселе – бұл жаңа білім алудың бірінші көзі.
- Бұл кезеңдегі мұғалімнің ролі білім алушылар-
дың ойларын дұрыс бағытқа бұра отырып оқу үрдісін-
де жақсы жетістікке жетелеу.
- Білім алушылар топта жұмыс жасай отырып бір-
лесіп қажетті білімге қол жеткізеді.
- Білім алушылар рефлекстік ойлану жарысына қа-
тысады.
- Білім алу мәселені шешу процесіне бағытталады.
PBL процесінің маңызды кезеңдері.
1 кезең: Топтарды құру.
Топта білім алушылар өздерінің ролдерін бөлісіп, 
кімнің басқаратынын және кімнің көмекші болатынын 
шешеді, топтары үшін негізгі ережелерін құрып,өз-
дерін таныстырады.
2 кезең: Мәселені құрастыру.
Білім алушылар негізгі мәселемен ұшырасады. 
Білім алушылар мәселені жетік түсініп, шешу үшін бір 
топта жұмыс жасайды. Мәселені шешу үшін негізгі 
сұрақтарды құрастырып, негізгі факттарды алға шы-
ғарады.
3 кезең: Ойларды бір бағытқа әкелу.
Мәселенің маңыздылығын түсіну мен шешу үшін 
өз ойларын бір бағытқа, жүйеге әкеледі.
4 кезең: Мәселені зерттеу.
Білім алушылар осы мәселеге қатысты өздерінің 
қай сұрақты білетіндерін және білмейтін сұрақтарын 
екіге бөліп жазады да сол сұрақтардың жауабын табу 
мақсатында жоспар құрастырады.
5 кезең. Жеке зерртеу жүргізу. 
Содан кейін қатысушылар жекелей немесе топпен 
мәліметтер іздеуді бастайды және мәселені зерттеуге 
қажетті мәліметтерді біле бастайды. Содан кейін жи-
налған мәліметтерді жинақтайды.
6 кезең. Синтез және қолдану. 
Білім алушылар ортақ жұмыстарын жаңартатын 
кезде олар бұрынғы зерттеу мәселесін зерттейді және 
өзінің нәтижелерін қосады. Алынған аралық қорытын-
дылар негізінде түсіндіру және толықтыру жұмыста-
рын қажет ететін, күрделі жайттарды бөліп қарасты-
рады.
7 кезең. рефлексия және кері байланыс. 
Білім алушылар өздерінің жасаған жұмыстары 
жайлы ойланады, топтың қызметіне, тапсырманы 
шешу үрдісіне, алынған білім мен оның шешімінің кө-
мекшісіне анализ жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет