л
,
р
,
г
,
п
дыбыстарының жиі келуін
(радио, ремонт, рента,
ложа, лирика, лекция, газ, галош, галстук, проект, программа
), бірнеше
дауыссыз қатар тҧруын
(метр, справка, литр, Омск, Маркс, Энгельс),
екінші
буындарда ерін дауыстылары келе беретінін
(радио, пионер, кино, бюро,
коммунист)
– орыс тілі әсерінен енген ӛзгерістер екенін дҧрыс таниды [8, 268-
269-бб.].
І.Кеңесбаевтың буын мәселесі туралы ой-тҧжырымдары кейінгі ғылым
жетістіктерімен сәйкес келеді. Мәселен, ғалымның: а) буынға берген
анықтамасы, оның жазылуға емес, айтылуға байланысты болатындығын
топшылауы; ә) Қ.Жҧбанов, Н.Сауранбаевтардың ізімен байырғы қазақ
сӛздерінің буын ішіндегі дыбыстардың саны тӛрттен аспайтындығы; б)
Л.В.Щербаның идеясына сҥйене отыра буын жігін экспираторлық жолмен
шешуі; в) буын қҧрамындағы дыбыстардың бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке болатындығын анықтауы; г) буын соңындағы қатар келген екі
дауыссыз дыбыстың орналасу тәртібіне кӛңіл бӛлуі; ғ) А.Байтҧрсынҧлының
тануындай буынның ҥш тҥрін кӛрсетуі; д) Қ.Жҧбановтың пікірінше, жалаң
буын мен тҧйық буынның сӛз ортасы мен соңында кездеспейтіндігі; е)
буынның ығысуы мен жылысу процесі белгілі бір буынға дауыстыдан
басталған буын жалғанғанда жҥзеге асатындығы; ж) қазақ тіліндегі байырғы
сӛздердің негізгі тҥбір тҧлғалары ҥш буыннан аспайтындығы; з) қазақ сӛзі, я
буыны еш уақытта қос дауыссыз дыбыстан басталмайтындығы т.б. ойлары
бҥгінгі таңда мектеп оқулықтары мен оқу бағдарламаларынан орын алды,
Ж.Аралбаев, К.Аханов, К.Бейсенбаева, С.Мырзабеков, З.У.Ӛтебаева т.с.с.
ғалымдардың еңбектерінде ғылыми тҧрғыдан толық дәлелденді.
Тіл білімі ғылымында екпін тҥбегейлі қарастырылған мәселелердің
қатарына жатады. Зерттеушілердің айтуынша оның ҥш тҥрі бар: сӛз екпіні,
фразалық екпін және ой (логикалық) екпіні. Лингвистикада сӛз екпінінің
лебізді, музыкалды, квантитативті тҥрлері кӛрсетіліп, оларға жататын тілдер
тобы анықталған. Ол бойынша тҥркі тілдері лебізді екпін тобына кіреді. Алайда
тҥpкi тiлдеpiнiң пpосодикасы бҥгiнгі кҥнi шешiлген мәселе қатарына жатады
деу қиын. Ол сонау XIX ғасыpдың аяқ кезiнде-ақ ғалымдаpдың назаpына iлiгiп,
қазipге дейiн зеpттеу нысаны болып келеді. Екпiн жайында ғалым
H.А.Баскаков: "Пpоблема удаpения в тюpкских языках остается неpешенной до
настоящего вpемени. Hачавшаяся еще в конце XIX века дискуссия о месте и
хаpактеpе удаpения в тюpкских языках не пpивела к положительным
pезультатам. Вопpос остается откpытым и сейчас. Мнения pусских и
заpубежных тюpкологов pазделились не только в отношении удаpения слов, но
и по вопpосу о пpиpоде и хаpактеpе удаpения",– деп ХХ ғасыpдың оpтасында
айтқан болатын [46, 107-б.]. Бҧдан кейiн де жаpты ғасыp уақыт ӛттi. Сол
меpзiмнiң iшiнде бipқатаp зеpттеулеp жҥpгiзiлiп, тҥpлiше пiкipлеp, пайымдар
қалыптасты. М.Жҥсіпҧлы А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институтынан
шығатын "Тілтаным" журналында жариялаған "Сингармонизм фонологиясы
(Ҥндестік фонологиясы)" мақаласында қазақ тіл білімінде қалыптасқан
пікірлерді ҥш мектеп, ҥш бағыт айналасына жинақтайды:
1. Акцентті-фонемалық (дәстҥрлі фонологиялық) теория (Қ.Жҧбанов,
І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, ...).
2. Сингармониялық (сингармонологиялық) теория (А.Байтҧрсынҧлы,
Х.Досмҧхамедҧлы, Ә.Жҥнісбеков, М.Жҥсіпҧлы, ...).
3.
Сингармониялық
фонология
(сингармофонология)
теориясы
(А.Байтҧрсынҧлы, Х.Досмҧхамедҧлы, М.Жҥсіпҧлы, ...) [113, 23-б.].
Қазақ тіл білімін ҧлттық таным-тҥйсік тҧрғысынан қарастырған
А.Байтҧрсынҧлы мен Х.Досмҧхамедҧлы просодиканың негізгі, доминантты
қызметін сингармонизм атқаратынын тҥсініп, оның теориясының фундаментін
қалайды. Сол себепті де екінші, ҥшінші бағыттың, мектептің кӛш басында
ғалымдардың есімдері аталған. Ал ол теорияның негізгі ҧғымдары мен
терминдерін жасап, бір жҥйеге келтіріп, ғылыми айналымға енгізген
Ә.Жҥнісбеков болса, оны ары қарай кеңейтіп тереңдеткен, сингармониялық пен
Москва фонологиялық мектептерінің теорияларын негізге ала отырып жаңа
аталымдар жасаған – М.Жҥсіпҧлы. Ғалымдардың пікірлерінде – терминдерінің
аталымы мен зерттеу әдіс-тәсілдерінде, фонологиялық теориялардың
жетістіктерін қолдануында – ӛзгешеліктер де кездеседі. Олардың пайымы
алғашқы кезде ӛзара ҧштасса да, нәтижесі, шыққан қорытындысы бірімен-бірі
тҥйіспейді. Анығырақ айтсақ, Ә.Жҥнісбеков тҥркі (қазақ) тілдерінде
просодиканың қызметін сингармонизм ғана атқарады деп тҥсінеді. Ғалым
"қазақ тiлiнде сӛз екпiнi жоқ" деп кесiп айта келiп: "Стоpонники словесного
удаpения, сpавнивая такие изолиpованные единицы как слова, допускают
сеpъезную ошибку. Они обычно не пpоставляют коммуникативно важные
гpафические знаки – точку и восклицательный знак: на письме они
оказываются омонимами, заманчивыми для акцентологических исследований.
Они действительно лексические омонимы, но никак не синтаксические",– дейді
[116, 14-б.]. Тҥpкi тiлдеpiнде сӛз екпiнi қызметiн сингаpмонизм атқаpатынын
ғалым В.В.Pадлов та дҧрыс аңғарған: "Гаpмония гласных является важнейшим
сpедством выделения и огpаничения слова и, следовательно, выполняет те же
функции, что и "pезко выделяемое удаpение" в индоевpопейских языках" [54,
97-б.]. С.Татубаев та осы пікірде. Ол: "Удаpение во многих языках выполняет
функцию словоpазгpаничения, однако в казахском языке это pоль пpинадлежит
пpежде всего сингаpмонизму",– деп, сӛз ажыpатушы қызметтi екпiн емес,
сингаpмонизм атқаpады деп біледі [177]. Аталған пікір Ж.Әбуов, Б.Қалиҧлы
еңбектерінде де кездеседі. Б.Қалиҧлы "Қарақалпақ, қазақ тілдеріндегі қысаң
дауыстылардың редукциясы" мен "Қазақ тiлiндегi дауысты дыбыстаpдың
pедукциясы" атты зерттеулерінде қазақ және қарақалпақ тілдеріндегі дауысты
дыбыстардың кӛмескі айтылуын сӛз екпінімен байланыстырады. Ал 2004 жылы
жарық кӛрген "Қазіргі қазақ тілінде" бҧл бағытынан қайтып, Ә.Жҥнісбеков
тҧжырымын қолдаған [149, 20-б.].
Сингармониялық фонология (сингармофонология) теориясын қалаған
М.Жҥсіпҧлы қазақ (тҥркі) тілінде сингармонизм негізгі, доминантты, ал екпін
қосымша, жанама қызметті атқаратынын айтады. Тіл қҧралының қҧрамындағы
бҧл екі просодия ешқашан қызметі жағынан тең болмайды. Олардың бірінің
қызметі екіншісінен қайткен кҥнде басым болады. Осыдан болса керек, қазақ
тіл білімінде пікір алуан тҥрлілігі кездеседі. М.Жҥсіпҧлы тілде қалыптасқан,
орныққан теорияларды талдай отыра сӛз екпінін тҥсіндіреді. Ол қазақ тіліндегі
сӛз
екпіні
ӛте
әлсіз
болатынын,
орыс
тілімен
салыстырғанда
сингармофонемалар қорын қалыптастыруда оның мәні жоғын айтады. Ғалым
орыс тіліндегі екпін бірнеше қызмет атқаратынын пайымдайды: "
фонетикалық
:
екпін қабылдайтын дауысты дыбыс, жалпы сол буын я қуатты, я созылыңқы, я
кӛтеріңкі айтылады
(коро′ва, лесно′й,
...
);
фонологиялық
: екпін сӛздердің бір
буынына емес, әртҥрлі буындарына тҥсіп сӛз мағынасын ӛзгертеді
(за′мок –
замо′к)
, бір сӛздің әртҥрлі фонемаларын айырады
(во′ды – воды′);
сӛздің әр
тҥрлі фонемаларында әр тҥрлі буынға тҥсіп (жылжып), дауысты фонеманың
дыбыстар жиынтығы болуына себеп болады. Мысалы: [
ле′с
]
лес;
[
л’и
е
са′
]
леса;
[
л’ьс^во′с
]
лесовоз;
[
шэрс’т’
]
шерсть;
[
шыэрс’т’ит’
]
шерстить;
[
шърс’т’и
е
но′ј
]
шерстяной.
Яғни орыс тілінде /
Достарыңызбен бөлісу: |