І. Кіріспе фонетика туралы т‡сінік


т, қ, б, д) және тұйықтаулар (ғ, г)



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата17.01.2023
өлшемі297,22 Kb.
#61717
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
т, қ, б, д) және тұйықтаулар (ғ, г) деп бөледі. Мұндағы ашық деп отырғаны – ызыңдар, ал 
тұйықтары – шұғылдар екені айқын. Ол тұйықтауларға жататын ғ мен г-нің ерекшеліктерін де 
дұрыс аңғарған. 
Дауыстыларды аңғалы (а‚ е‚ ы) және қымқырулысы (о‚ ұ) деп бөледі. Оған себеп “Аңғалдары 
орын таңдамайды”‚ ал “қымқырындысы бас буыннан басқасына келмейді”. Бұлай дегенде‚ ол 
оларды жазылуына қарап айтып отыр деуге болады. 
Дыбыстарды осылайша қым-ғуыт жіктегенде неге с‰йенетінін де т‰сіндіре кетуді ұмытпайды. 
Ахметтің айтуынша‚ дауыстылар мен дауыссыздардың шегін жалғаулар арқылы айыруға 
болады. Ал “толық дауыстылар буын ішінде дауыссыз дыбыстардың алдында да‚ соңында да 
келетін” болса‚ шала дауыстылар буын ішінде дауыссыздардан кейін тұра алмайтынын дұрыс 
аңғарған. 
Оның айтуынша‚ босаң р‚ й‚ у сөз басында келмейді‚ қысаң л келеді. Сондай-ақ қысаң л 
алдындағы дыбысқа әсер етеді (аздырады)‚ ал тұйық м керісінше‚ әсер етпейді (аздырмайды). Осы 
соңғы қағида т‰сініксіздеу. 
Дауыссыздар турлы да орынды ойлар айтқан. “Қысаңдар мен босаңдары (бізше‚ қатаң‚ ұяң – 
М. С.) біріне-бірі жуыспайды; екінші сөзбен айтқанда‚ бірі қысаң‚ бірі босаң болып‚ екеуі 
қатарынан келмейді” (Сонда‚ 375-б.).Біз ғой аллауакбар‚ сұхбат‚ шахбибі‚ шахзада‚ мазхаб т‰рде 
жазып‚ солай айтуға тырысамыз. Мұндағы кб‚ хб‚ хз айтуда өзге өң алтуға тиіс. 
Ахмет ұяң дауыссыздар туралы да жақсы ескерткен: з‚ ж‚ “сөздің басында да‚ аяғында да 
келеді”‚ б‚ д‚ г‚ ғ “Сөз аяғында келмейді”‚ ғ‚ г “сөз басында да келмейді”. 
А. Байтұрсынұлы тілді‚ оның ж‰йе-ж‰йесін жетік біліп қана қоймай‚ барынша бажайлап‚ 
байыппен баяндаған. Орыс тілін ‰здік біле тұрып‚ қазіргі халықаралық деп ж‰рген тіл 
терминдерін м‰лде пайдаланбай‚ қазақтың өз сөзімен өзінше т‰сіндірді. Сөйтіп қазақ тілінде тіл 
терминдерін жасап‚ қалыптастырады. Оның ойынша: “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы 
тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап‚ ана тілі мен 
жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып 
қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін‚ ғылыми кітаптарын қазақ 
тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай‚ ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз 
керек.” (Шығармалары‚ 151-б.) 
Оның жазу‚ емле‚ терминология жөніндегі пайымдауларының әлі де құны артпаса кеміген 
жоқ. 
Мамандығы дәрігер бола тұрып‚ ғылымның т‰рлі саласында татымды еңбек еткен 
Досмұхаметұлы Халелді (1883-1939) тіл зерттеушісі ретінде бөле-жара айту керек болады. 
Оның: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған 
жұрттың алдымен тілі өзгермекші‚ тілі бұзылмақшы. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт” 
(Аламан‚ 49-б.)‚ – дейтін сөздерінің маңызы арта т‰спесе‚ кеміген жоқ. 
Алғаш “Шолпан” журналында мақала т‰рінде жарияланып‚ 1924 жылы жеке кітап болып 
шыққан “Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм” деп аталатын еңбегін қазақ тіл біліміндегі 
тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу деуге әбден болады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс ж‰йесі‚ 
сингармонизм‚ оның ішінде тіл ‰ндестігі егжей-тегжейлі айтылған. Әсіресе кірме сөздерді 
игерудің жөн-жосығы жақсы баяндалған. 
Ахмет те‚ Халел де тілдің сырын оқулықтан емес‚ бесіктен біліп‚ есіктен (ауыл арасында) 


9
игерген жандар. Көбесі сөгілмеген‚ жазудан теперіш көрмеген‚ бұла тілді білгісі келгендерге 
бұлардың айтары көп. 
“Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері” деген атпен жеке кітапша 
болып шыққан (1932) Басымұлы Қажымның (1896-1939) еңбегі де елеусіз қалмағаны жөн болар. 
Оның айтуынша, “Қазақ дыбысының ең соңғы ресми жіктелуі 1929-жылы Қызылордада 
латыншылардың кәнперенсиесінде болды” (22-б). 
Еңбек “Қазақ тілінің норматив грамматикасының программасынан” басталады. Мұнда 
фонетика ғылымы қарастыратын мәселелер шама-шарқынша айқындалған. Алдымен дыбыс, әріп 
мәселелері т‰сіндіріледі. Жаңа әріп пен емленің артықшылықтары айтылады. 
Халел айтатын сингармонизмді “таңдайлық әуенді заң”деп атайды. Өйткені “Дыбыстарды 
жуандатып, жіңішікертуде таңдай еңбек сіңіреді”, – дейді де, кірме сөздердің жазылуына 
тоқталады. 
Дауыстылардың саны – тоғыз. “Тоғыз жуанды, жіңішкелі дауысты дыбыстар сөздің жанды 
тамыры есебінде болып, сөздің әуеніне тірек болатын болғандықтан, бұлардың барлығына бірден 
тоғыз әріп белгіленді” (16-б.), – дейді де, оларды жуан‚ жіңішке, еріндік, езулік деп қазіргіше 
бөледі. 
Ерін ‰ндестігін “еріндік ‰ндестік заң” дейді. “Бұдан 70 – 80 жылдар бұрын сөзімізде еріндік 
дыбыстардың ‰ндестігі к‰шті болған. Сөздің бас буынында бір еріндік дыбыс болса, аяғына шейін 
ерін ‰ндестігін сақтап айтатын болған. Соңғы кезде бұл еріндік ‰ндесті заң өзінің айтылысын 
өзгертіп, айни бастайды” (17-б.) – дейді, алайда айну себебін айтпайды, “Еріндік дыбыстардың 
‰ндестігі к‰шті болған” тұс, шамасы, Н. Ильминский, В. Радловтар еңбегіне негізделіп айтылса 
керек. 
Дауыстыларды “еркін дауыстылар” (а, е, о, ө, ә)‚ қысаң дауыстылар (ұ, ‰, ы, і) деп екіге 
бөледі. “Еркін” деп отырғаны – қазіргі ашық дауыстылар. 
Дауыстылардың жазылуына байланысты: “Қысаң дауыстылар аяғы ашылса, т‰бірдегі орнын 
жоғалтып жіберіп жазамыз. Мысалы: мұрын – мұрны, ерін – ерні, көңіл – көңлім, орын – орным” 
(21-б.) – дейді. Сондай-ақ қысаң дауыстылардың сөз басында т‰сіріліп жазылатынына лұу (ұлу), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет