2.2.Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктер. Табиғи көкнәр – Мак самосейка – Papaver rhocas L. Көкнәр тұқымдас бір жылдық өсімдік. Сабақтары мен жапырақтарының шеті ара темірдің жүзі тәріздес болып келеді. Сырты түкті. Дара өсетін гүлі қан қыззыл түсті. Арам шөп ретінде көп жерлерде кездеседі.
9- сурет.Табиғи көкнәр.
Көкнәрдің сөлі әртүрлі алкалоидтарға бай. Олардың ішіндегі негізгілері: реадин, морфин, папверин және тебаин. Гүлденген кезде алкалоидтар өсімдіктің барлық бөлігінде кездеседі. Көкнәр толық піскенге дейінгі жасыл қораб өте қауіпті. Улану малды қорабы бар астықтың қалдығымен азықтандырғанда пайда болады. Жасыл көкнәрді мал жемейді, сондықтан жайылымда малдың улануы болмайды дес еде болады. Сиырларды құрамында көкнәр бар азықпен азықтандырғанда сиырлардың өздері уланбасада оның сүтін емген бұзаулардың уланғандығы туралы деректер бар. Улану малдың кенеттен қозуын немесе кенеттен жабырқауын тудырады.
Жалпы клиникалық белгілері : мал қаты тынышсызданады, көз қарасында қорқыныш пайда болады, көздің қарашығы ұлғаяды, тістерін шықырлатады, маңайындағы заттарды сүзеді, кейде мүйізін сындырады, қалай болса солай қозғалып, жүгіреді, азық салатын орындарға шығып кетеді. Қозу жағдайы құтырудың белгілеріне жалғасады. Бастың, мойынның еттері тартылады, салдану байқалады. Осындай клиника 10- 15 минут созылуы мүмкін. Артынан мал тыныштанып, жабырқау пайда болады. Уланған мал әлсірейді, ұйықтаған тәрізді жағдайда болады. Қатты уланғанда сезімталдығы, рефлекстері толық жойылады; іші кебеді, сілекей ағады, шаншу құбылысы байқалады, кейде іші өтеді, ол ішектің бітелуімен кезектесіп отырады. Шошқалар құсады.
Жылқылар уланғанда көбінесе жабырқанқы: көздері жұмулы, сыртқы ортаға реакциясы жоқ, басы салбыраған, сезімталдық реакциясы болмайды, қиналып қозғалады, аяғын әрең қозғап жиі – жиі сүріне береді. Терісі құрғақ, көздің кілегй қабығы өызарған, көз қарашығы ұлғайған. Жүрек соғысы, дем алысы, дене қызуы қалыпты жағдайда. Көп жағдайларда уланған мал 2 – 3 күннен кейін жазылып кетеді. Ал қатты уланған мал көп жатып қалғанда, ққан аралас іші өткенде, теріде анестезия пайда болғанда бірнеше күннен кейін өлім – жітімге ұшырайды.
Өлексені сойғанда мида және ми қабықтарында қызарғандық, қанның ұйымауы, ас қорыту жүйесінің ағзаларында қабынудың белгілері, нефрит байқалады.
Емі. Танин және құрамында танин бар препараттарды тағайындайды. Жылқының асқазанын танин немесе марганец қышқылы калий ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілер береді және клиникалық қарсы емдейді. Мал қозған кезде малдың бас жағына суықтықпен әсер етеді, калий бром препаратын тағайындайды. Мал жабырқағанда қоздырушы препараттар береді. Шошқаларды құстырады. Физиологиялық антидот ретінде кофеинді немесе атропинді терінің астына жіберуге болады.