І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


У сарғалдақ – Чистотел большой – Chelidonium majus L



бет11/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
У сарғалдақ – Чистотел большой – Chelidonium majus L. Сабағының биікігі 40-100 см болатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры жуан, қысқа, жанама тамыршақтары көп. Үш жағында тарамдалған жапырақтары бұтақшалары бар. Сабағын кескенде сары түсті қою сөл бөлінеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шымқай қоңыр түсті майда тұқымдары бар. Гүлдері сары түсті, жемісі – қауашақ. Бұл сарғалдақтың улылығы оның сөліндегі алкалоидтарға тікелей байланысты.

10 – сурет.У сарғалдақ.
Онда: хелеритрин, хелидонин, гемохелидонин, протопин, сангвина және тағы басқа алкалоидтар бар. Өсімдіктің жемісі көкөніс алкалоидтарының әсеріне ұқсас.
Клиникалық белгілері. Теріні қатты тітіркендіреді, ішке барғанда шаншу құбылысын, іш өту, кейде қан аралас, құсуды тудырады. Организмге улы зат көп түскенде мал өліп кетеді. Итке өсімдіктің 12 г судағы экстрактысын бергенде 6 минуттан кейін құсуға бейімделген, ал 4 сағаттан кейін сезімталдылығы және қозғалуы нашарлаған, көзі көрмеген, естімеген, артынан ит өлген.
Жайылымда мал у сарғалдақты жемейді: иісі мен дәміне байланысты. Өсімдікті кептіргенде және сүрлегенде оның улылығы жойылмайды. Әдебиетте у сарғалдақпен улану туралы деректер бар. Ешкінің сүтін молайту үшін у сарғалдақты бірнеше күн қатарынан бергенде улану байқалған: іші өткен, жалпы әлсірегендік белгілері байқалған, тәлтіректен қозғалған. Малдың иесі оны союға мәжбүр болған. Сойғанда ас қорыту жүйесінің ағзаларында қатты қабыну процесінің белгілері анықталған.
Шошқалар уланған олар қатты әлсіреген, еттері тартылған, дем алысы мен жүрек соғысы жиілеген. Сойып қарағанда онда да ас қорыту жүйесінің ағзаларында қатты қабыну процесінің белгілері анықталған.
Емі уланудың клиникалық белгілеріне қарсы бағытталады. Шошқаларды құстырады. Ауыз қуысы арқылы байландырғыш танин тәрізді дәрілік заттарды береді, жүректің қызметін реттейді.
Плевел – Плевел опьяняющий - Folium temulentum L. Сабағының ұзындығы 30-80 см, бір жылдық дәнді дақыл. Сабағы қатпарланған, жапырағы жіңішке, дәнді сопақша келген, ішкі жағында науашағы бар, көп тараған арам шөп. Бидай, қара бидай, сұлы егістіктерінде кездеседі. Ылғалды күзде және жазғытұрым егіндікті қатты ыластайды. Өсімдіктің тек жетіліп піскен тұқымы ғана улы.
Әдеби деректерге сүйенсек өсімдіктің тұқымының улылығы оның Stromatinia temulenta саңырауқұлағымен жарақаттануына байланысты көрінеді. Саңырауқұлақ өсімдіктің тұқымымен симбиозда бола тұрып ерекше алкалоид – тимулин түзеді. Ол саңырауқұлақтың мицлиінде шоғырланады. Плевел қандай жерде өспесін ол аталған саңырауқұлақтың иесі болып табылады.

11- сурет.Плевел.
Өсімдіктің улылығы өте ертеден белгілі. Құрамында азды – көпті плевел бар ұннан дайындалған нан бас айналдырады, ұйықыны келтіреді, естен тандырады, тартылу құбылысын тудырады. Ондай нанды « мас қылатын нан» деп атаған. Өсімдіктің улылығы жауынды кезде жиі білінеді. Уланудың белгілері өсімдікті бергеннен кейін 3 – 6 сағаттан кейін біліне бастайды. Үй жануарларының ішінде күйіс қайыратын малдар өте сезімтал келеді. Ал шошқалар мен құстар үшін қатерлі емес. Тіпті плевелді жеммен шошқаларды семірткенде олардың майы дәмді болады деген деректер бар. Жылқылардың 1 кг салмағына 7 г плевелмен улағанда улаған мал өлім – жітімге ұшырайтын көрінеді. Ал ірі қара малы үшін 15 – 18 г.
Темулин алкалоидты ең әуелі орталық жүйке жүйесіне: бас ми мен жұлынға әсер етеді. Мал жабырқаңқы ұйқылы ояу, мастықтың белгісі, еттерінің жирылуы әлсіз, атаксия, дем алысы бұзылған. Уланған бас жылқының басы өлгендігі туралы әдеби деректер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет