І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет9/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Клиникалық белгілері. Улы зат бірінші кезекте ас қорыту жүйесінің ағзаларын тітіркендіреді, сілекей ағады, іші кебеді, құсуға бейімделеді, шаншу белгілері пайда болады. Артынан іші өтеді. Ас қорыту жүйесінің жарақаты кейде геморрагиялық гастроэнтеритке айналады. Мұндай жағдайда бүйректер жарақаттанады. Нәжісте, зәрде қан анықталады. Зәр шығарғанда ауырсынғандық байқалады. Уланудың созылмалы түрі ірі қара малында созылмалы гематурия ауруын тудыруы мүмкін.
Улану жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен қабаттаса жүреді: мал тынышсызданады, діріл, тартылу құбылыстары пайда болады, әлсірейді, ес – түссіз жағдайда болады. Көмек көрсетілмеген жағдайда уланған мал кейде клиникалық белгілері біліне бастаңаннан кейін 30 – 60 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін. Әдебиетте малдардың барлық түрлері де уланатыны туралы деректер бар.
Емі негізінен улапнудың клиникалық белгілеріне байланысты жүргізіледі. Алдын алу үшін жайылымда өсімдіктің болмауын қадағалау, уланудың белгілері біліне бастаған кезде жайылымды өзгерту. Сарғалдақ көп өскен жайылымды гербицитпен өндеу жұмыстарын да жүогізуге болады.
Қазанақ – Багульник болотный – Ledum palustre L. Биіктігі 30 – 60 см, жапырақтары сирек үнемі жасыл түсті, сабағы тік, бұта тәрізді өсімдік. Ақ түсті ұсақ гүлі өсімдіктің бас жағында шатыр тәрізді орналасқан. Өсімдік шүлдеген кезде есенгірететіндей иісі бар.

8 – сурет.Қазанақ.
Сондықтан мал кәдімгі жағдайда оны жемейді. Уының құрамында өсімдікке ерекше иіс беретін, терпен ледолдан тұратын эфир майы бар. Сонымен қатар эриколин глюкозиды табылған. Эфир майының құрамындағы ледолдың жергілікті қатты тітіркендіретін қасиеті бар.
Клиникалық белгілері. Организге көп түскенде орталық жүйке жүйесін салдандырады, ішектер, жатыр салданады. Жүрекепен тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзады. Қазанақпен уланған қойлар мен ешкілерде ауыр түрдегі гастроэнтерит анықталған.
Емі. Симтоматикалық ем жүргізіледі.
Алдын алу. Жайылымдағы улы өсімдіктерді тамырмен жұлып тастап, құрғату, жерді жырту және тағы басқа агротехникалық шаралар жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет