Итжидек – Белладонна – Atropa belladonna L. Биіктігі 1,5 м, қоңыр жасыл түсті, жұмыртқаға ұқсас жапырағы бар, көп жылдық өсімдік. Гүлі ірі, қоңырауға ұқсас, лай - сия түсті; жемісі қара түсті, жылтыр.
Өсімдік өте улы, құрамында алкалоидтар бар: гиосциамин және скополамин мен белладоннаның іздері анықталады. Өсімдікті кептірген кезде гиосциамин толығымен оның изомері атропинге айналады. Өсімдіктің барлық бөлігі де улы, әсіресе гүлдеген кезде тамырында улы зат көп болады. Гиосциаминде, антропинде орталық жүйке жүйесін қоздырыды және сілекей, асқазан, ішек, тер бездерінің қызметтерін әлсіретеді, олардың секрет бөлуі азаяды. Өсімдіктің улылығы кептіргенде, сүрлегенде жойылмайды.
3-сурет.Итжидек.
Малдарға арнайы тәжірибе жасағанда, жылқыларға итжидектің 120-180 г құрғақ жапырағын немесе 60-90 г тамырын бергенде 5-6 сағаттан кейін малдың қатты уланғаны байқалған: мал қатты қозған, көздің қарашығы қатты улғайған, кілегей қабықтары құрғап, жүректің соғысы жиілеген, дем алысы қысқа, жиі болғандығы байқалған. Улану кезінде малдың іші кебеді, шанш у құбылысы байқалады, нәжіс құрғақ, кейде ішек бітеліп қалады. Көру процесі бұзылады. Артынан қозу процесі депрессиямен алмасады, жалпы жабырқау байқалады, жиі-жиі салдану, тартылу құбылыстары байқалады. Кейбір жағдайларда 30-50 сағат аралығында жылқы малының өлім-жітімге ұшырағаны тіркелген.
Итжидекке ірі қара малы өте сезімтал. Оның 30 г тамырын немесе 60 г жапырағын бергенде уланудың жіті түрі байқалады. Мал қатты қозады, іші кебеді, құтырғанға сәйкес клиника пайда болады. Ал қой мен ешкі онша сезімтал емес. Тәжірибеде 750 г итжидектің жапырағын жеген ешкіге ешқандай зиянды әсері болмаған. Үй қояндарына қанша жесе де зияны байқалмаған.
Табиғи жағдайда малдардың итжидекпен уланулары өте сирек кездесетін жағдай. Кейбір әдебиеттерде ондай жағдайлар сиырлар мен шошқаларда кездесетіні келтірілген.
Уланған малда уланудың клиникасы аяқ астынан болатыны жазылған: қозу, малдың күйінің нашарлауы, тәбетінің болмауы, ішектің бітелуі, еттерінің дірілі, қозғалысының қалай болса солай болуы, тартылуы, көздің қарашығының ұлғаюы, кейбір малдарда дем алысының жиілеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, кей кезде құсу байқалған. Ауырған мал 12 сағат ішінде өлім – жітімге ұшыраған.
Аяқ астынан өлген малды сойып қарағанда ешқандай өзгеріс байқалмаған. Тек бірнеше күн аурып барып өлген малдың құрсақ қуысында сабан түстес сұйықтың жиналғаны анықталған. Бүйрек майындағы майлы клетчаткада қаньалағандық байқалады.
Емдеу. Бірінші кезекте арыған малға танин немесе танині бар дәрілік заттарды береді. Жылқылардың асқазанын 1 пайызды танин ерітіндісімен жуады. Шошқаларға құстыру үшін апоморфинді терінің астына жібереді. Ары қарй аурудың клиникасына байланысты дәрілік заттарды пайдаланады. Физиологиялық антидот ретінде пилокарпиннің тұз қышқылын немесе физостигминнің салицилатын терінің астына жібереді.