I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Киелі орын сақшысы
Иранның  ай  тізбесі  бойынша,  зульхидж  айында  шартараптың
мұсылманы  қажылық  етіп  қайтуға  Меккеге  ағылады.  Менің  Сауд
Арабиясына  сапарым  тек  əлемнің  тағы  бір  елімен  қарым-қатынас
орнататын əдеттегі іссапарым ғана емес еді. Бұл – басқа бір мəдениет, басқа
бір тұрмыс-салт дүниесіне, қажылыққа барып қайту сапары еді.
Қажыға  бару  –  күллі  мұсылман  дүниесінің  ұлтқа,  нəсілге
қарамайтын  ынтымағы  мен  бірлігінің  көрінісі.  Оның  тұсында  мұсылман
атаулының  аузынан:  «Уа,  Алла!  Алдыңа  кеп  тұрмын.  Бұл  дүниеде  Саған
156

тең  жоқ!  Даңқың  асып,  шарапатың  төгіле  берсін!  Не  бұйырсаң  да,  əміріңе
құлдық! Өзіңе тең келер ешкім де, ештеңе де жоқ!» - деген жалғыз бір ауыз
сөз  түспейді.  Бір  кезде  Мүхаммед  пайғамбарым  белгілеп  беріп  кеткен  дəп
пен  ғұрып  бұлжытпай  сақталынады.  Зиярат  ете  барғандардың  сырт  кейпі
де  пайғамбарым  өсиет  еткендей  болады.  Еркектер  ине-жіп  көрмеген  екі
үзік  матамен  тұла  бойын  орап  алады.  Əйелдер  беті  мен  саусақтарын  ғана
ашық қалдырады.
Халифтердің  ұлы  жорықтарьшың  заманы  өтті.  Арабстан  өз-өзінен
оқшауланып, өз-өзінен тоқырай бастады. 1973 жылдың қарашасында күллі
батыс  дүниесін  елең  еткізіп,  Сауд  Арабиясы  еңсе  көтерді.  Тек  сонда  ғана
мұнай,  саясат,  ислам  деген  ұғымдар  бірге  аталып,  бір  түйінге  айнала
бастады.  Араб-Израиль  соғысы  тұсында  араб  елдері  алғаш  рет  бастары
бірігіп,  мұнай  сатуға  тыйым  салуды  шығарды.  АҚШ  президенті  Р.Никсон
1973 жылғы 18 қарашада Израильге 2,2 миллиард доллар көлемінде əскери
көмек көрсетуге шешім қабылдағанда, қазіргі монархтың əкесімен тумалас,
король  Фейсал  осынау  тарихи  шешімді  қабылдады.  Күллі  дүние  жүзінің
газеттері  1973  жылғы  20  қазанда  мұнай  эмбаргосы  туралы  мəлімдемені
жариялады. Батыс өркениеті кездейсоқ сипатқа ұшырай жаздады. Ұшақтар
ұшуды  сиретті.  Автомобильдермен  сапар  шегуге  тыйым  салынды.
Лифтілер мен жылыту жүйелері тоқтап қалды. Қуат үнемдеуші технология
дейтін  жаңа  ұғым  да  сол  күндерде  шықты.  Араб  елдері  де  тек  сол
күндерден бастап əлемдік саясаттың терезесі тең жəне ешкім жоққа шығара
алмайтын
нақты
нысандарына
айналды.
Батыстың
Палестина
автономиясын құруға деген көзқарасы өзгере бастады. Сауд Арабиясына да
жан-жақтан  қаржы  жаңбырша  жауа  бастады.  Ол  елде  үлкен  жаңарысты
бастауға жағдай туғызды.
1992 жылғы  наурызда  Сауд  Арабиясында  «Елдегі  билік
жүргізудің  тəртібі»,  «Шора  кеңесінің  тəртібі»,  «Аймақтардағы  өкімет
орындарының  тəртібі»  дейтін  үш  қағида  жарияланды.  Əсіресе  Шора  деп
аталатын  ақылмандық  кеңестің  құрылуы  айрықша  назар  аудартты.  Оның
құрамына  жасы  отыздан  кіші  емес,  елдің  ең  белгілі  алпыс  адамы  кіреді.
Оларды король Фахд өзі таңдап алды. Тек сол ғана Шораны қайта құрып не
таратып
жібере
алатын.
Шора
мемлекеттік
саясат,
əлеуметтік-
экономикалық даму жоспарлары, заң мен халықаралық келісімшарт туралы
пікір  айта  алатын.  Жаңа  орган  Жарлықта  «ұйымдық  үкімет»  деп  аталды.
Бірақ  парламент  емес-тұғын.  Өйткені  заң  шығарушылық  құқығы  жоқ.
Корольге  бағынышты.  Алайда  кеңесшілік  өкілеттері  кейін  оның
парламенттік
құрылымға
айналуына
мүмкіндік
береді.
Жергілікті
157

комментаторлар  Шора  мүшелерінің  тағайындалып  қойылатындығына  көп
тандана  қоймады.  Олардың  ұғымынша,  саяси  партиялары  жоқ,  халқының
саяси  тəжірибесі  аз  елде  мемлекет  пен  қоғамға  кімдер  пайдалы  бола
алатынын  тек  билеуші  топ  қана  анықтай  алады.  Олардың  пікірінше,  Сауд
Арабиясында  сайлау  өте  қалған  күнде,  мұнда  да  Алжирдегідей,
парламенттік  кикілжіңдер  қайталанып,  ел  тыныштығының  іргесін  сөгуі
мүмкін.
Қазір Сауд Арабиясы – мұнай өндіруші араб елдерінің əскери-саяси
жетекшілерінің  біріне  айналып  отыр.  Сауд  Арабиясы  мен  Батыс  елдері
арасында  тығыз  байланыс  бар.  Батыс  сырттан  ұзақ  уақыт  мұнай  алып
тұруға  мəжбүр.  Демек  мұнай  өндіретін  елдердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз
етуге  де  мəжбүр.  Батыс,  əсіресе  АҚШ  қарулы  күштерінің  араб  елдеріне
орналасуы көп уақытқа дейін бұл аймақтың қорғаныстық мүмкіндіктерінің
дамуын  тежеп  келді.  Алайда  иран-ирак  жанжалы  мен  Кувейттегі  соғыс
мұнай  өндіретін  араб  елдерінің  өздерінің  оралымды  қауіпсіздік  жүйелерін
жасау жолдарын іздестіруге итермелеп отыр.
Бұл əсіресе ирак агрессиясынан кейін осы аймақ үшін өте толғақты
мəселеге  айналды.  1992  жылғы  қаңтарда  Сауд  Арабиясы,  Біріккен  Араб
Əмірлігі,  Бахрейн,  Кувейт  жəне  Оман  үш  күн  бойына  құпия  кеңесті.
Қауіпсіздік,  Иракпен  байланыс,  экономикалық  ықпалдастық  жəне  қалған
араб елдеріне көмектесу мəселелерін талқылады. Король Фахд Абдел Азиз
əс-Сауд  Кеңестің  қазіргі  əскери  құрылымдары,  оған  қатынасатын  мүше
елдердің  əрқайсысын  жеке-жеке  алған  күннің  өзінде  де,  жаңа  агрессиядан
сақтап  қала  алмайды  деп  есептейді.  «Түбек  қалқаны»  деп  аталатын  он
мыңдық корпус Иракқа қарсы атымен дəрменсіз боп шықты. Оман авиация
мен  бронды  танк  күштері  бар  жүз  мың  кісілік  əскер  құруды  ұсынды.
Кувейт  ондай  əскердің  де  сырттың  шабуылына  төтеп  бере  алатындығына
күмəн  келтірді.  Бұл  тек  қуатты  шетелдік  армияның  ғана  қолынан  келеді.
Сауд Арабиясы шетелдік күшке емес, өз күштеріне сүйенетін қорғаныстық
келісімге келуді жақтайды. Қазір барлық мемлекеттердің əскери күштерінін
жалпы  саны  160  мың  адам.  Одан  100  мың  адамдық  бөлек  армия  құру  өте
қиын. Алтылық бірлескен тойтарыс күштерін жасау қағидасын мақұлдады.
Ол үшін əуелі жалпы армияның мақсатын, санын жəне құрамын нақтылап
алу  керек  еді.  Кувейттің  Сыртқы  істер  министрінің  айтуынша,  керек
жағдайда Алтылық кеңесі Египет пен Сирияның əскери күштерін іске қоса
алады.
Сауд  Арабиясының  билеуші  əулеті  5  мыңнан  астам  ханзадалардан
тұрады.  Ал  егер  ағайын-жегжаттарымен  түгел  санайтын  болса,  олардың
158

саны  жиырма  мың  адамға  жетеді.  Олардың  ішінде  ондаған  ханзадалар
корольдіктің  негізін  салған  Абдел  Азиздің  тікелей  тұқымдары  болып
есептеледі.  Олар  армиядағы,  ұлттық  гвардиядағы,  арнайы  қызметтердегі
шешуші лауазымдарды иеленеді. Тайпа басшыларына ықпал жасайды.
Қазақстан  делегациясы  келген  ұшақ  Джидда  қаласына  қонды.  Бізге
мейлінше  безендірілген-жасандырылған  аса  ыстық  қабылдау  жасалды.
Джилда  –  атам  заманғы  аймақтың  нағыз  осы  заманғы  қақпасы.  Корольдің
он екі қабаттық жеке резиденциясы бар болғаны 14 адамнан тұратын біздің
делегацияның  қарауына  толығымен  беріліпті.  Шаһардың  өн  бойынан
шалқыған  байлық  көзге  ұрып  бақты.  Мəселен,  менің  тереземнің  алдында
барлық  жағынан  нұр-шұғылата  малынған,  биіктігі  жүз  метрден  асатын
фонтан  атқылап  тұрды.  Шыжыған  Арабстан  шөлінде  бұдан  асқан
таңғажайып болар ма!
Ксшкі сағат 11-де король Фахд əс-Саудпен кездесуге бардық. Алдын
ала  монархтың  сырқат  екендігі  ескертіліп,  отыз-қырық  минуттан  ұзақ
ұстамау  сұралған-ды.  Алайда  əңгімеміз  түнгі  сағат  екіге  дейін  созылды.
Мен Фахдтың Аллаға шексіз сенетіндігіне сүйсіндім. Ол қызметке де, саяси
немесе  басқа  да  себепке  байланысты  емес.  Корольдің  жеке  адам  ретіндегі
дүниетанымынан туындап жатты. Король Фахдтың тағы бір лауазымының
«Қос киенің сақшысы» деп аталуы əбден орынды екен. Бірінші киелі орын
–  Ыбырайым  пайғамбарымның  Меккеде  салдырған  Алланың  жердегі  үйі
Қағба.  Екінші  киелі  орын  –  Мединедегі  Мұхаммед  пайғамбардың
қабірханасы.
Мен  корольге  өз  мемлекетіміздің  тарихын,  Қазақстанда  ислам
дəстүрлерінің қалай қалыптасып, қазір қалай қайтадан жаңарып жатқанын
қысқаша  баяндап  бердім.  Фахд  көп  мағлұмат  алған  адам  екен.  Оның
Қазақстан турасында, былайғы саясатшыларға қарағанда, көп білетіндігіне
жəне біздің мəселелерімізді егжей-тегжейлі жетік түсінетіндігіне əрі қайран
қалдым, əрі риза болдым. 
Фахд тек ислам қағидаларын ғана терең біліп қоймай, əлемдік саясат
пен экономика мəселелерін де еркін талдайды екен.
Біз XXI ғасырдағы діннің қызметін сөз еттік. Егер ең көп тараған екі
əлемдік  дін  -  христианшылдық  пен  ислам  тіл  табыса  алмай,  теке  тіреске
түссе,  адамзаттың  бейбіт  дамуынан  күдер  үзе  беруге  болады  деген
қорытындыға  келдік.  Мен  корольден  бір  нəрсені  сұрадым.  Осы
дүниежүзілік  экстремизм  Югославиядағы  оқиғалар  арқылы  ислам  мен
христианшылдықтың арақатынасынан ақау тауып алуға тырысып отырған
жоқ па?
159

Бұдан  азғана  уақыт  бұрын  папа  Иоанн  Павел  11  маған  ислам
дінбасылары  тіл  табысқысы  келмейді,  ислам  елдерінде  христиан
миссионерлерінің  аяғын  аттап  бастыртқызбайды  деп  өкпе  айтып  еді.  Ал
Батыста  болса,  исламның  ықпалы  артып  келеді.  Ватикан  оны  шектеуге
ешқандай ынтық болып отырған жоқ.
Король  Фахд  бұл  мəселеде  нағыз  ислам  дүниесінің  табанды
жетекшісіне  лайық  көзқараста  екен.  Онын  ойынша,  исламның  үш  киелі
орны  бар.  Оның  екеуі  Сауд  Арабиясында  орналасқан.  Фахдтың  сөзінше:
«Біз  үшінші  киелі  орнымызды  əлі  қайтарып  ала  алмай  отырмыз.
Иерусалимде  пайғамбарымның  аяғы  тиген  Əл-Акса  мешіті  бар.  Бұл  –  біз
күресіп  жатқан  үшінші  киелі  орнымыз.  Оны  қайтып  алсақ,  рақатшылық
орнайды.  Мұсылман  дүниесі  одан  əрі  кеңейе  түседі.  Мұсылмандардың
жаңа заманы туады. Алла бізден соны күтеді. Біз ол мақсатымызға жетеміз.
Христианшылдық  сол  мақсатымызға  кедергі  жасағанын  қоймайынша,  біз
онымен байланысымызды ұлғайта алмақшы емеспіз».
Израиль  кнессеті  Иерусалимнің  шығыс  бөлігінің  жаулап  алынуын
заңмен  бекіткеннен  кейін,  Ислам  конференциясы  Ұйымына  мүше
мемлекеттердің  сыртқы  істер  министрлерінің  төтенше  конференциясы
Израильге  бойкот  жасаудың  Ислам  бюросын  құру  туралы  шешім  алды.
1981  жылғы  қаңтарда  Ат-Таифте  өткен  жоғарғы  дəрежедегі  кездесу
Хижраның  XV  ғасырының  басталуына  байланысты  «Мекке  үндеуін»
қабылдады.  Сонда  əлі  ханзада  болып  табылатын  Фахд:  «Ислам  дүниесі  өз
тағдырына өзі қожа болуға, Ауғанстан мен Израиль мысалы аңғартқандай,
біздің  мүддемізге  сəйкес  келмейтін  мүдделерді  көздейтін  аса  ірі
мемлекеттердің  қысымына  төтеп  бере  алуға  тиісті»,  -  деп  мəлімдеді.
Иерусалим  мен  Палестина  мəселесі  бойынша  мəслихатқа  қатысушылар
Израиль  əскерінің  барлық  жаулап  алған  жерлерден,  сонын  ішінде
Иерусалимнің  араб  бөлігінен  де,  толығымен  жəне  сөзсіз  кетуін  талап  етті.
Конференция  кезінде  Фахд  ханзада  Иерусалимнің  халықаралық  қала  боп
танылуын, оны Ватиканның мақұлдауын айыптап, барлық христиандарды
мұсылмандардың  бастамасын  қолдауға  шақырды.  Қазіргі  оқиғалар  ислам
дүниесінің  бұл  киелі  орыннан  айырылуға  ешқашан  келіспейтінін  тағы  да
көрсетім беріп отыр.
Бізбен əңгімесінде король бір өте қызық ой айтты. Арабстан түбегі –
əлемдегі  ең  үлкен  шөлдердің  бірі.  Сорлар  мен  құмдарды  жайлайтын
көшпелі  бəдəуи  байғұстар  Алла  мұнай  сияқты  таңғажайып  байлық  береді
деп  ешқашан  ойлаған  емес.  Арабтардың  ойынша,  жаратқан  ол  байлықты,
қашан  британ  өктемдігі  құлағанша,  əдейі  жеті  қат  жер  астына  тығып
160

қойыпты.
Бұл  маған  жоққа  сену  сияқты  боп  көрінді.  Бірақ  корольдің
сарайынан  шыға  бере  маған  Султан  ханзада,  ол  білетін  мəлімет  бойынша,
Арал  теңізінің  солтүстігінде  аса  үлкен  мұнай  қоры  барын  айтты.  Ол  кезде
біздің  қолымызда  ондай  дерек  жоқ  еді.  Жуырда  ғана  бұл  мəліметтің  рас
екендігі айқындалды. Əрине, саудиттердің колында космостан жүргізілген
зерттеулер  мен  келешегі  зор  кеніштерді  анықтайтын  басқа  да  технология
арқылы  алынатын  соны  деректер  бар  болып  шықты.  Сол  кезде,  меніңше,
саудиттер  бұны  əлгіндегі  корольдің  сөзін  «тілге  тиек»  етіп  айтқан
сияқты. 
Отаршылдар  кеткен  бойда,  Алла  арабтарға  ұзақ  уақыт  бойы  көрген
қорлықтарының есесін қайтарып, əрі төзімдеріне риза болып, асқан байлық
сыйлады.  Сондықтан  да  бүгін  Сауд  əулеті  жаратқанға  алғыс  айтып,  ақша
аямай  бағуда.  Кейбір  деректер  бойынша,  Меккедегі  бас  мешіттің
құрылысына əлденеше ондаған миллиард доллар қаржы кетіпті. Оның тең
жартысы араб тайпаларынан мешіт салатын жер сатып алуға жұмсалыпты.
Расында да, бұл ғимарат – əлемнің қолдан жасалған жаңа ғаламаты.
Жүздеген  гектар  жер  сүттей  аппақ  мəрмəрмен  көмкерілген.  Мұнда
екі  жарым  миллион  адам  бір  мезетте  намазға  жығыла  алады.  Қос  қабатты
мешіттің  барлық  жағы  ашық.  Намазға  келгендерге  қызмет  көрсететін
барлық  техникалық  жетістіктерді  атап  тауысып  шыға  алуың  мүмкін  емес.
Ми  қайнатқан  аптапта,  ашық  алаңда  жиналғандарды  ыстықтатпайтындай
қып кондиционер қондырғылары қойылған. Тауап етуге келгендерді қарсы
алып,  тамақпен,  баспанамен  қамтамасыз  ету  үшін  жыл  сайын  жүздеген
миллион доллар ақша жұмсалады.
Король  Мекке  мен  Мединенің  киелі  орындарына  үзбей  қаржылай
көмек  көрсетіп  тұрады.  Меккедегі  Харам  жəне  Əл-Набауи  Əл-Шəріп
мешіттерінің қайтадан қалпына келтірілуі Сауд Арабиясы үшін 4 миллиард
доллар шығын келтірді. Оның бір миллиард доллары киелі  орынның жан-
жағын көгалдандыру мен тасымал жолдарын салуға пайдаланылды.
...  Мен  корольге  қажыға  келгенімді  айттым.  Əрине,  қазір  қажының
кезі емес. Бірақ үшірə етуге əбден болады. Сол-ақ екен, король құлшынып
қоя  берді.  Менің  қажыға  бірінші  рет  келіп  тұрғанымды  сұрап  білді.
Қағбаның  ішіне  кіргізіп  көрсетуге  бұйрық  берді.  Дін  істері  жөніндегі
министр Вакуф орнынан атып тұрды:
-  Мəртебелім,  Қағбада  қазір  жөндеу  жүріп  жатыр  ғой!  Король
үндемей қалды. 
- Біз оған ислам елдері басшыларын да жіберген жоқпыз əлі...
161

Король қысқа қайырды:
- Мен айтарымды айттым...
Министр иіліп тағзым етті.
Король  Фахд  мені  машинаға  дейін  шығарып  салды.  Қоштасып
тұрып, зульхидж айында толық қажылық етуге келіп қайтуға шақырды.
Сосын Сара Алпысқызы мен кіші қызым Əлия үшеуімізге мұндайда
істелетін  барлық  үрдіс  тəптіштеліп  түсіндірілді.  Нұсқау  алған  соң  жолға
шықтық.  Кешкі  тоғызда  аттандық.  Джиддадан  Меккеге  дейін  бір  жарым
сағат  жол  жүрдік.  Меккеге  кіре  берісте  айлапат  қақпа  тұр.  Рұқсат  бекеті.
Келе жатқандардың кім екенін тексереді.
Мешітті  салған  кезде  дүниедегі  ең  жаңа  нəрселердің  бəрі
пайдаланылыпты.  Корольдің  əмірі  солай  болыпты:  дүниедегі  ең  жақсы
нəрсе  осы  құрылыста  пайдаланылсын.  Мединедегі  жеті  шақырымдық  жер
асты  жолын  салуға  қанша  қаржы  жұмсалғанын  ешкім  анық  білмейді.
Мединедегі  Мухаммед  мешітінің  таң  астында  2,5  мың  жеңіл  машина
сыятын аялдама жасалған. Бес мың адам бір мезетте қатар отырып дəрет ала
алады.
Бізге  Меккеге  аттанбай  тұрып,  мейманханада  ихрам  кигізілген-ді.
Бізді табынушылардың аяғы сиреген кез – түнгі сағат он екіде алып келді.
Мешітті біз үшін əдейі ашты. Бұрын-соңды бастан кешпеген ерекше əсерге
бөлендім.
Ең бірінші шарт – тауап ету. Қағбаны жеті рет айналып шығу керек.
Қағба  мұсылман  əлемінің  бас  мешіті  Масджид  əл-Харамның  қақ  ортасына
орналасқан.  Ақ  мəрмəрдан  тұрғызылған  мұнараларға  жасыл  шамдар
тізіліпті.  Олар  сонау  аспандағы  жұлдыздарға  дейін  жетіп,  солармен
араласып  жатқандай,  дəл  мұндай  əдемілікті  Алланың  өзі  болмаса,  адам
қолы жарата алмастай. Масджид əл-Харам бір мезетте бір миллион адамды
сыйғыза  алады.  Киелі  тастың  қасында  күні-түні  құжынап  жатқан  адам
тасқыны. Оған бара жатқан адам жол-жөнекей перілерді тұспалдайтын тас
бағандарға тас  атуы керек. Əуелі  екі таудың арасынан жеті  рет өтіп,  киелі
Зəмзəм бұлағынан су ішуің қажет.
Қағбаның барлық бұрышына бір-бір тағзым етіп шығуыңның мəнісі:
Жер  шарының  кез  келген  бұрышында  тұратын  мұсылман  адам  намазға
Меккеге  қарап  жығылады,  құрбандықты  Меккеге  қаратып  шалады.
Мұсылман адам өлсе, жүзін Меккеге қаратып жерлейді.
Аспаннан  түскен  тас  ғасырлар  бойы  қажыға  келген  миллиондаған
адамдардың саусағы тие-тие əбден жылтырап қалған. Мен ғұрып бойынша,
Қағбаны жеті рет айналып шығып, қара тасқа екі рет ернімді тигіздім.
162

Қажылықтын  ең  шырқау  шыңы  –  Арафат  тауының  қасында  тұру.
Тал  түсте  Меккенің  бас  имамы  мінажат  оқиды.  Бос  уақыт  намаздың
тұсында  көшелер  босап,  дүкендер  мен  асханалар  тегіс  жабылып,  бəрін
полицейлер тексеріп тұрады.
Қағбаның  ішінде  де,  сыртында  да  құрылыс  жүріп  жатыр  екен.  Біз
үшін  əдейі  тақтайлар  төселіпті.  Корольдің  арнайы  рұқсатымен  Қағбаның
ішіне  кірдік.  Мен  аспан  мен  жердің  арасында  қалқып  бара  жатқандай
сезіндім.  Төбеңде  түңғиық  аспан  тұрғандай.  Ауық-ауық  жұлдыздар
сығалап  қалатындай.  Кіре  берісте,  оң  қолда  ақсақалды  молда  құран
ақтарып тұр. Аспаннан түскен киелі кітаптардың біреуі болып есептелетін
бұл  кітаптың  əр  беті  алтыннан  жаратылған.  Қақ  ортада  –  қап-қара  тас
баған.  Қатты  толқығаным  сондай,  басқа  не  көріп,  не  қойғаным  есімде
қалмапты.
Маған Қағбаның ішінде қанша қаласам, сонша уақыт болуға рұқсат
етілді.  Король  Фахд:  «Алладан  тілек  тілеу  керек.  Қазір  бермесе  де,  кейін
береді»,  -  деген.  Менен:  «Сонда  не  тіледіңіз»?  -  деп  жиі  сұрайды.  Тəңірім
куə,  мен  еліме,  халқыма,  қазақтарға  шарапатыңды  аяма  деп  тіледім
Алладан. Қағба ішінде қанша болғанымды білмеймін. Киелі орын уақытқа
бағынбайды гой.
Əйтеуір, тым кешең уақыт еді. Шығар есікте тауап етуге келген бір
топ адам бізді көріп, бастарын иіп, етпеттеп жата кетті.
Сосын мұсылмандардың жəне бір киелі қаласы Мединеге аттандық.
Тағы  да  король  Фахдтың  резиденциясына  тоқтадық.  Бұл  жерде  Мухаммед
пайғамбар жерленген мешіт бар. Алғашқы халифтердің қабірлері де сонда.
Миллион  адам  еркін  сыятын  үлкен  мешіт.  Төбесі  ашылып,  жабылады.
Ашық  аспан  астында  тұрып  тауап  еткіңіз  келсе  –  ашылады.  Жаңбыр
күндері  жабылады.  ГФР  мамандары  гүлдің  қауашақтарына  ұқсап
ашылатындай  қып  арнайы  шатырлар  жасапты.  Біз  дұға  оқып  болғанша,
король  Фахд  телефон  соғып,  қабірхананың  ішіне  кіргізуге  бұйрық  беріпті.
Пайғамбарым  қабірі  алтын  торлы  шарбақтың  ар  жағында  жатыр.  Тек  түн
ортасынан ауа ғана кіруге болады. Жылына бір рет корольдің өзі қасына ең
ұлы ғұламаны ертіп кеп, дұға оқытып кететін көрінеді.
Самсап  бірнеше  молда  кіріп  келді.  Əрқайсысы  өз  кілтімен  ашып,
құжыраларына кіріп кетті. Мен ішке қалай бас сұқтым, солай есік жабылып
қалды.  Мені  бір  пірəдар  бастап  жүрді.  Пайғамбардың  қабірінің  үстіне
аспанмен  астастырып  жасыл  шымылдық  ілініпті.  Қасында  ізбасарлары:
Əбубəкір,  Омар,  Оспан  жерленіпті.  «Ассаламағалейкум,  Мұхаммед»,  -  деп
бастайсың. Сосын басқаларына да сəлем бересің.
163

Ол күні аспан ашық еді. Жанбыр жаумайтын құрғақ кез екен. Бірақ
біз  қабірханадан  шыққан  соң  бір  сағаттан  кейін  ақ  жауын  нөсерлетіп  қоя
берді.  Мешіттің  мəрмəр  едені  көл  боп  қалқып  кетті.  Арабтар  жағаларын
ұстап,  тізерлеп  жата  кетіп,  тағзым  етті.  Қасыма  ертіп  келе  жатқан
шырақшы-пірəдар: «Бұл – жақсылықтың нышаны, Мухаммед пайғамбарым
тілегіңізді  қабыл  қылды.  Əйтпесе,  бұл  арада  екі  айдан  соң  ғана  жаңбыр
жауатын кез болатын», - деді.
Король  Фахд  бір  пеше  тарту  əзірлепті.  Біреуі  –  плагина  мен
алтыннан  жасалған  Мухаммед  мешітінің  макеті.  Мұражайға  берейін  деп
едім. Ондай құнды бұйымды қауіпсіз сақтауға ешкім кепілдік бере алмады.
Қазір  Қазақстан  Президентінің  ресми  резиденциясында  сақтаулы.  Одан  да
қымбат тарту – арнайы сандықшаға салынған Қағбаның алтындатып жазу
жазылған жабынды матасының үзігі. Бұл – мұсылман баласы үшін оң үлкен
сый.
Əрине,  іскер  адамдармен  де  кездестік.  Бірнеше  экономикалық
келісімдер  мен  шарттар  жасастық.  Мен  ондағы  осы  заманғы  техникалық
жабдықтарға,  жоғары  мəдениеттілік  пен  сауаттылыққа  қатты  таңғалдым.
Бəрі де Батыстың ең айтулы оқу орындарынан білім алыпты.
Ислам киелі орындарын барып көру менің осы заманғы процестерде
діннің  алатын  орны  мен  қызметі  жайындағы  көзқарасымды  өзгертуге
мəжбүр  етті.  Бұл  ретте  Таяу  ІПығыс  аймағының  орны  ерекше.  Үш  бірдей
əлемдік  дін  –  ислам,  иудаизм,  христианшылдық  –  сол  аймақта  дүниеге
келген. Олардың тамыры да, тарихы да ортақ. Құранның Мұхаммед, Мұса,
Ғайсаны  бірдей  қүрметтейтіндігі  де  сондықтан,  Құран  барлық  қасиетті
ілімге  себуге  шақырады.  Мұхаммед  пайғамбарым  өзгелердің  қалап  кеткен
құрылысының соңғы тасын қаладым деп есептеген. Ислам – біріктірушілік
сипаттағы  ілім.  Мұхаммедтің  пайымдауынша,  барлық  дін  де  бір  сенімді
білдіреді. Ол бірде-бір қағидасымен өзгелердің қағидасын жоққа шығарған
жоқ.  Ислам  басқаның  сеніміне  төзіммен  қарауға  шақырады.  Ислам
елдерінде  əр  алуан  діннің  қатар  жүретіндігі  сондықтан.  Меніңше,  діннен
адамдарды  бір-біріне  қарсы  қоятын  емес,  бір-бірімен  табыстыратын
бастауларды  іздеген  абзал.  Өйткені  барлық  дін  де  дүниедегі  барлық
адамдарға  бірдей  түсінікті,  бірдей  иланымды  қарапайым  қағидаларға
негізделген.  Дінді  зорлық  пен  қудалау  қаруы  қып  пайдалану  –  біздің
жүрегіміздегі  Құдайдың  айтқанынан  емес,  саяси  əзəзілдердің  айтқанынан
етек алып жүрген əдет.
Менің сапарымның басты мақсаты – Сауд Арабиясының көмегі мен
тəжірибесін  алып,  Қазақстан  экономикасына  сіңіру.  Біздің  ондай
164

байланыстарымыз қарқынды басталды.
1995  жылғы  қарашада  Нью-Йоркте,  БҰҰ-ның  50  жылдығында
корольдің інісі жəне үкімет басшысы Сұлтан ханзадамен ұшырастым. Бұл –
екі  ескі  көзтаныстың  кездесуі  болды.  Ол  маған  Сауд  жағы  менің
ұсыныстарымды
əбден
зерттеп
шыққанын,
жуырда
корольдің
тапсырмасымен  Сыртқы  істер  министрі  бір  топ  іскер  адамдарды  бастап,
Қазақстанға келісім жасасуға баратынын айтты.
Сол жылғы қазан айында Парижде, ЮНЕСКО- ның 50 жылдығында
бір  еңгезердей  араб  қасыма  келіп,  əлдене  жайында  қызына  сөйлеп  қоя
берді.  Аудармашы  бұл  Талал  ханзада  екенін  айтты.  Сөйтсе,  ол
Қазақстанның  жүргізіп  отырған  саясатына  əбден  риза  екен.  Көптен  бері
менімен  танысуға  ынтық  екен.  Meн  барған  кезде  елде  болмағанына  қатты
қынжылды.  Ең  бастысы  –  король  мен  айналасы  бізді  əрдайым  еске  алып
отырады  екен.  Бізбен  тығыз  қарым-қатынас  орнатуға  ынталы  көрінеді.  Біз
араб  елдерімен  өзара  тиімді  байланыстарымызды  нығайта  түсуіміз  қажет.
Сонда бақытты Арабия елі бізге бұрынғыдан да жақындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет