I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында


Өктемшілдік пе, əлде демократия ма?



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Өктемшілдік пе, əлде демократия ма?
Өтпелі  қоғам  өктемшілдік  пиғылдар  тарапынан  қысымды  сезініп
отыр. Сондықтан жаңа мемлекеттерде өктемшілдік, тоталитарлық үрдістер
белең  алып  кетпес  пе  екен  деп  қауіптенудің  табиғи  негіздері  бар  деп
есептеймін.  Олар  көбіне-көп  бізге  тиген  əлеуметтік  мұралардан  өрбиді.
Алайда  бұрынғы  социалистік  мемлекеттердің  көпшілігі,  соның  ішінде
Қазақстан да, демократиялық құқықтық қоғам орнатуға бағыт түзеді.
Біз  үшін  бүгін  демократия  ма,  жоқ  тоталитаризм  бе  деп  таласудың
жөні  жоқ.  Біз  таңдауды  жасағанбыз,  мақсатты  айқындағанбыз.  Алайда
біздің алдымызда демократиялық дамудың қай үлгісін алуымыз керек деген
мəселе тұрғаны рас. Тарих қай мақсатқа да тура алып баратын төте жолдың
жоқ екенін тағы да дəлелдеп отыр. Əрбір ел, əрбір халық өзінше демократия
құрады. Сондықтан да демократия үлгілері де, оған баратын жол да көп.
Олар  оңай  жол  емес.  Бізді  демократиялық  ел  емес  деп,  бізде
демократия  жоқ  деп  сынайтындар  –  кəдуілгі  тарихты  ұмытып  қалғандар.
Адамзаттың демократияға келер жолы əрі ұзақ, əрі қантөгісті болды. Адам
құқығын  жүзеге  асыруда  белгілі  жетістіктерге  жеткен  АҚШ  ұзақ  уақыт
үндістер соғысын бастан кешті. Оңтүстік пен Солтүстіктің азамат соғысын,
нəсілдік қырып-жою мен құлдықты, 60-жылдардағы афро-американдықтар
ереуілін,  соғысқа  қарсы  студенттер  шеруін  қанжоса  қып  атуды  көзбен
көрді.  Тіпті  өз  кезіндегі  ең  ізгі  Конституцияны  қабылдай  отырып,  тек  түсі
ақ  еркектерге  ғана  сайлауға  жəне  сайлануға  ерік  берді.  Меншікке
байланысты  артықшылық  тек  XIX  ғасырдың  басында  ғана  жойылды,  ал
əйелдер  бар  болғаны  1920  жылы  ғана  дауысқа  ие  болды.  Осының  бəріне
жетілу үшін Құрама Штаттар бір жарым ғасырлық жолдан өтті. Қара түсті
американдықтар АҚШ-тың кейбір оңтүстік штаттарында 1960 жылға дейін
сайлау  құқынан  мақұрым  келді.  Ал  жастар  тек  1971  жылы  ғана,  АҚШ-та
сайлаушылардың  дауыс  беру  мөлшері  21  жастан  18  жасқа  түсірілген  соң
ғана
дауыс
бере
алатын
күйге
жетті.
Немесе
біз
француз
революцияларының  Ұлы  Революциядан  Париж  коммунасына  дейінгі  ұзақ
тарихын  оқып  көрмеп  пе  едік?!  Алғаш  рет  азаттық,  бостандық,
100

туысқандык,  ұранын  көтерген  бұл  елдегі  монархияның  құлауы  мен
қайтадан  қалпына  келуі,  республиканың  империяға  алмасуы  сынды,
алмағайып оқиғалар ондаған жылдарға созылмап па еді?!
Қазақстанның  жəне  басқа  елдердің  тəжірибесі  қоғамның  жаңа
ахуалына  жетісу  жолындағы  барлық  есіктің  құлпын  бірдей  аша  алатын
əмбебап  кілт  табылады  деп  дəметудін  бос  əуре  екендігіне  көзімді  жеткізе
түскендей. Демократиялану - тиянақ ахуалды білмейтін, ұзаққа созылатын
процесс.  Қоғам  мен  адам  өмірінің  барлық  саласында  туындап  жататын
міндеттер
комплексін
шешімдейтін
үздіксіз
процесс.
Демократия
жарлықпен орнатылмайды. Оны бастан кешіру арқылы жүзеге асырылады.
Қайта  құру  М.Горбачев  пен  айналасының  əлгіндей  əмбебап  ниет
табам  деп,  біресе  ана  жаққа,  біресе  мына  жаққа  аунақшыған  аумалы-
төкпелігінің  қырсығынан  өз  дегеніне  жете  алмады.  Мəселен,  оның
бастапқы  кезеңінде  томаға-тұйық  елдің  барлық  тұмшалауын  сыпырып
тастасаң,  демократия  орнай  салады  деген  түсінік  күшті  болды.  Алайда
оқшауанудың  өзінің  берік  қорғаны  бар  еді.  Жүйелер  арасындағы  шекара
тек  географиялық  сипатқа  ғана  ие  емес  еді.  Ол  адамдардың
дүниетанымына,  тірлік  үрдісіне  мықтап  із  салған-ды.  Берлин  қабырғасын
сындыру  оңай  болғанмен,  адамдар  санасындағы  қабырғаны  қирата  салу
қиын екен. 
Ондай  шекара  ондаған  жылдар  бойы  орныққан-ды.  Əсіресе
И.Сталин тұсында тас құрсауға айналды. Ара-тұра «жылымық кезеңдер» де
көп ештеңе өзгерте қойған жоқ.
Тек  қайта  құру  кезеңінде  ғана  мемлекеттік  томаға-тұйықтық  көбесі
қақырайын деді. Алайда көп жыл бойы өзін-өзі оқшаулап келген қоғамның
рухани  зардаптары  түгел  жойылды  деуге  əлі  ерте.  Қазір  Қазақстан,  ТМД-
ның  басқа  да  елдері  сияқты,  ашық  мемлекет  болды.  Оның  кейбір  ұнамсыз
зардабын  да  бастан  кешіп  жатқан  жай  бар.  Мəдениет  деп  атауға  аузың
бармайтын  арзанқолдылықтың  лай  тасқынына  бой  алдырып  жатқанымыз
да  аз  емес.  Адам  санасын  азат  ету,  жанына  еркіндік  дарыту  –  əлі  талай
уақыт алдымызда тұрған күрделі міндет боп қала берер түрі бар...
Өткеннің  қатесін  қайталамау  үшін  тəжірибе  керек.  Адамнын  ең
жақсы  тəлімгері  –  өз  басынан  өткен  қиындықтар.  ТМД-ның  көптеген
елдері империядан құтыла сала, азамат соғысы өртіне шалдыққан елдердің
қателіктерін  қайталады.  Ескі  дүниені  күйретіп,  орнына  мұрат  еткен  жаңа
қоғамды  бірден  орната  салуға  тырысушылық  байқалды.  Мемлекеттік
құрылыс  экономикалық  жəне  саяси  жаңашылдық  үрдіске  көшумен  бір
мезгілде  жүргізілгенде,  мемлекеттік  машинаны  жүйеге  салу  жағдайды
101

түбегейлі  бақылау  тізгінінен  біржолата  айырылып  қалу  қаупін  туғызады.
Егер  жағдайды  қадағалаудын  берік  тізгіні  қолда  жоқ  кезде  күйретушілік
желікті бір қыздырып алсақ, оны қайта тоқтату қиындап кетеді.
ТМД-ның  жаңа  елдерінің  алдында  тұрған  ең  өзекті  мəселе  –
мемлекеттік  құрылымдарды  реформа  барысында,  оған  тек  керек  кезінде
ғана  араласып  отыратындай  қылып,  икемді  етіп  құру.  Бірақ  ашық  көзім
жеткен  бір  мəселе  –  өтпелі  кезеңдерді  бастан  кешіп  жатқан  қоғамда,
мемлекеттік  экономика  əлі  сақталып  қалып  тұрған  тұста,  жеке  меншік
институттары,  олардың  мүддесін  көздейтін  партиялар  түріндегі  саяси
өкілдер əлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан
маңызға ие болатындығы.
XX  ғасырдағы  заманға  лайық  жаңаруға  тоталитаризм  өте  үлкен
қауіп  туғыза  алады.  Өйткені  ол  –  индустриалдық  өркениет  пен  қоғамдық
топтарды  бақылаудың  атымен  соны  техникалық  жəне  ақпараттық
мүмкіндіктері туғызған құбылыс.
Қайталап  айтамын:  Қазақстан  үшін  авторитаризм  бе,  əлде
демократия  ма  дейтін  мəселенің  басы  ашық.  Авторитарлық  үрдістің
мүмкіндігі  туралы  таластар  бір  əлеуметтік-экономикалық  жүйеден  екінші
жүйеге  ауысардағы  мемлекет  атқарар  қызметті  дұрыс  түсінбеушіліктен
туындап  жүр.  Меніңше,  бұл  процесте  мемлекеттің  жетекші  қызмет
атқаруына
азаматтық
қоғам
институттарының
əлсіздігі,
адамдар
санасындағы  тоталитарлық  өткеннің  стереотиптері  жойылып  бітпей
жатқандығы,
жаңа
экономикалық-əлеуметтік
құрылымдардың
қалыптасуының  қиындықтары  объективті  түрде  себепші  болады.  Біз
мемлекеттік  аппаратты  жаңалау  мен  нығайтуда  адам  құқығын  нығайтып,
азаматтық  қоғам  институттарын  қалыптастырумен  бір  кезде  жүзеге  асыру
стратегиясын  таңдап  отырмыз.  Алайда  əзіргі  жағдайда  қоғамды
реформалаудың  негізгі  жүгін  мемлекет  өз  мойнына  алуға  мəжбүр  болып
отыр.  Мəселені  бұлай  түсінетін  адамдар  үшін  аиторитаризмнің  меңдеуі
жайындағы қауіп жай əншейін құрғақ сөз екендігі анық.
Саяси
теорияда
өтпелі
кезең
күрделілігі
мен
əлеуметтік
қайшылықтардың  өткірлігі,  бір  жағынан,  қоғамның  билікті  бақылауы  мен
парламент  институттарының  əлсіздігі,  екінші  жағынан,  президент  билігін
күшейтуге  объективті  түрде  ықпал  етеді  деген  пікір  бар.  Ол  ұлттық
символға,  саяси  жүйенің  ең  маңызды  нышанына,  орталық  тірегіне
айналады.  Бұл  ретте  президент  қоғамнан,  партиялардан,  парламенттен
жəне  барлық  билік  институттарынан  жоғары  тұрып,  олардың  жұмысын
үйлестіріп  жəне  бағыттап  отырады.  Сондықтан  да  төтенше  жағдайларда
102

(партиялар  мен  билік  институттары  арасында  кикілжің  шыққанда)  ол
конституцияның  бірден-бір  кепіліне  жəне  мемлекеттік  егемендіктің  нақты
көрінісіне айналады.
Сөз  арасында  айта  кетейік,  дағдарыстар  Қазақстанды  айналып  өте
қойған жоқ. Маған, Президент ретінде, орнықтылық ахуалын сақтап қалу,
дағдарыстан  шығудың  конституциялық,  құқықтық  жолдарын  іздестіру
жауапкершілігін тұтастай өз мойныма алуға тура келді.
Ол  экономикалық  жəне  саяси  реформаларды  тездету  үшін  қажет
болды.  Бір  баспасөз  мəслихатында  маған:  «Қазақстан  диктатураға  ойысып
бара  жатқан  жоқ  па?»  -  деген  сауал  қойылды.  Сонда  мен:  «Бейбастыққа,
қазынаға  түсушілікке,  қылмысқа  қарсы  диктатураға  кірісіп  кеткенім  рас;
бірақ  басқа  мəселенің  бəрінде  де  –  экономикада  да,  саясатта  да
либералданудың қалыпты процесі жүріп жатыр», - деп жауап бердім.
Демократия бізден безіп кеткен жоқ. Есігімізді қағып тұр. Құқық пен
саяси  тиімділік,  процедура  мен  мазмұнның  арақатынасы  қандай  болуы
керек  –  өтпелі  қоғамға  ежелден  белгілі  талас.  О  жағына  да,  бұ  жағына  да
тиімді  мысалдарды  көптеп  табуға  болады.  Егер  сайлау  кезіндегі  күрес
демократияның  бірден-бір  шарты  болып  табылса,  жеңіске  жеткендер  өз-
өзінен демократ атанар еді. Шын мəнінде бүның бəрі олай емес. Таңдаудың
бар  болуын  демократияның  бірден-бір  белгісі  санап,  оны  бұлжымастай
қағидаға,  абсолютке  айналдыру  атымен  қате  деп  санаймын.  Белгілі
саясатнамашы  Реймон  Арон  «Демократия  мен  тоталитаризм»  деген
еңбегінде:  «Бір  партиялы  режим  тұсында  билік  иелерін  сайлаудын  белгілі
бір  ережесі  бола  ма,  жоқ  өз-өзінен  жүзеге  асырыла  ма?  Көп  жағдайла  бір
партия  күллі  мемлекетті  ережеге  емес,  күшке  сүйеніп  бағындырады.  Тіпті
конституциялық ережені сыйлаудың сырт көрінігі сақталған күннің өзінде
де  (1933  жылғы  гитлерлік  партияны  да  осыған  жатқызута  болады),  шын
сайлауға  оралудың  жолын  кесу  арқылы  ереже  бəрібір  бұзылады...  Оның
үстіне,  ұлтшыл-социализм  немесе  фашизм  белгілі  бір  мақсатты  жүзеге
асыру  үшін  авторитаристік  режимге  айналады:  олар  саяси  қызметпен
шұғылдануды  тек  бір  өздері  иемдене  отыра,  сондай  монополияны  заңға
сыйымды құбылыс деп дəріптеп бақты», - деп еді.
Өзіміздің  төл  тарихымызды-ақ  алайықшы:  қит  етсе,  «лəббəйлап»
қошеметпен  самсай  көтерілген  қолдардың  «қара  орманын»  қайтіп
демократия  деп  ұгуға  болады?!  Солардың  қалқасына  тағылған  əзəзіл
конвейер  ұлтымыздың  небір  жайсаңдары  мен  марқасқаларын  жусатып
салмап па еді?!
Меніңше,  кеңестен  кейінгі  мемлекеттердің  балаң  тарихы  сайлау
103

демократияның ең маңызды белгілердің бірі болғанымен, бірден-бір белгісі
емес  екендігіне  көзді  мықтап  жеткізе  түскендей.  Социализм  топырағына
демократия элементтерін енгізудің ащы тəжірибесі немен тынғаны есімізде
ғой.  КОКП  XXVII  съезі  еңбек  ұйымдарына  басшыларды  өздері  сайлап,
өнімнің  бағасын  өздері  қоюға  құқық  берілу  «социалистік  өзара  көмек  пен
талапшылдықты»,  «қоғам  алдындағы  парызды  орындау  жолындағы
жоғары  жауапкершілікті»  күрт  көтереді  деп,  бірауыздан  «мақұлдап»  еді
гой.  Соңы  немен  біткені  бəрімізге  белгілі.  Еңбек  ұжымдарына  өзімшілдік
етек  жайды,  аз  өндіріп,  көп  алуға  үйренді.  Ол  азаматтардың  қалтасын
қаққаннан  басқа  ешкімді  қарық  қылмады.  Басшы  қызметке  де  «өз
адамдарымыз»  есептелетін,  өзін-өзі  алып  жүре  алмайтын  популистер  мен
демагогтар сайланды. Халықтың белгілі бір бөлігін сайлаудан алыстатудың
«құқықтық»  айла-тəсілдері  орын  алды.  Ол  бірақ  енді  келмеске  кетті.
Тұрақты  демократияға  лайық  түрлер  бізге  əлі  орныға  алмай  жатыр.
Ауыспалы  кезеңдегі  елдерге  демократияның  түрі  мен  мазмұны  –
арақатынасы  əлі  екі  ұдай  мəселе.  Шын  мəнінде  ойдағыдай  жұмыс  жасап
жатқан демократия институттарының жоқтығымен қоса, қоғамның оларды
қабылдай қоюға əзірлігі жеткілікті мөлшерле дайын еместігі бұл жағдайды
одан əрі қиындата түсуде.
Бұл арада жəне бір мəселе туады. Демократия жеңістерін қорғап қалу
үшін  сайланбалылық  қағидасынан  бас  тарта  тұру  немесе  сайлаудын
нəтижесін  жоққа  шығару  тəсілі  де  демократияның  қамын  ойлағандық
болып  табылады.  1992  жылғы  Алжирдегі  сайлауда  Исламды  азат  ету
майданы  жеңіске  жетті.  Əскери  өкімет  сайлаудың  ол  қорытындысынын
күшін  жойды.  Сөйтіп,  билікке  фундаменталистердің  келуіне  жол  бермеді.
Төңкерістің  қолдаушысы  болмай-ақ,  исламды  азат  ету  майданы  өкіметті
алса,  демократиялық  қағидаларын  қорғап  қарық  қылмайтынын  түсіну
қиын емес.
Сайлаудың билікке лайық адамдардың келуіне көмектесетіні де рас,
бірақ  қоғамды  биліктен  аулақ  жүргені  жөн  адамдардан  сақтап  қалуға
кепілдік бола алмайтыны да рас.
Сөйтіп,  демократияны  жеке  кісі  бостандығын  қорғаудың  дəстүрлі
аясынан  бөле-жара  қарау  екі  ұдайылықты  күшейтпесе,  азайтпайды.  Ол  екі
ұдайылық демократияны сайлаудағы күрес ұғымында ғана қарастырады да,
шын  демократияшыл  жүйені  кем  демократияшыл  жүйеден  айқын  айырып
алуға кедергі келтіреді. Ал шын өмір ондай айырманың бар екенін даусыз
дəлелдеп беріп отыр.
Ұлы Махатма Ганди: «Дүниені өзгерту үшін өзіміз өзгеруіміз қажет»,
104

-  деп  еді.  Демократияның  сырт  түрін  орнату  онша  қиын  емес.  Алайда
өктемшіл  саяси  мəдениетті:  бұқараның  тəртіпті,  айтқаннан  шықпауды
көксеуін,  саяси  элитаның  күш  көрсетуге,  белден  басып,  ара-тұра  ақылға
сыймайтын  да  шешімдер  қабылдауға  бейімділігін  еңсеру  –  қиынның
қиыны.
Қазақстанда  жүргізілген  көптеген  социологиялық  зерттеулердің
қорытындылары  да  соған  көз  жеткізе  түседі.  Халықтың  негізгі
бұқарасының,  қоғам  екіге  бөлініп  жатқан  тұста,  тұрмыс  денгейінің  күрт
төмендеп  кетуін,  сұрағандардың  тең  жартысы,  бізде  демократия  орнату
жолындағы  жасалып  жатқан  алғашқы  қадамдардан  көреді.  Қазақстандағы
демократиялық  процесті  1990  жылдың  басы  мен  ортасында  республика 
тұрғындарының  тек  4-5  проценті  ғана  басым  маңызға  ие  құбылыс  деп
санады.  Ал  60  проценттен  астамы  орнықты  жəне  қалыпты  өмірді,
бейбітшілік  пен  тыныштықты,  жанұяның  ауқатты  тіршілігін,  жеке  бастың
саулығы мен қауіпсіздігін басым маңызды мүдде деп есептеді.
Адамдардың  көпшілігі  бұрынғысынша  «көсемшілдік  синдромына»
бейім:  олар  өзім  ештеңе  бітіре  алмаймын  деп,  баяғыдағыдай  саясат  асқар
тауындағы  адамдардың  нұсқауын  күтеді.  Жағдайды  жақсартуды  халық
бұрынғысынша  мемлекеттік,  əсіресе  атқарушы  билік  орындарының
қызметімен  байланыстырады.  Кəсіби  саяси  элита,  шын  мəнінде,  əлі
қалыптасқан  жоқ.  Қазақстандағы  саяси  бірлестіктер  рейтингінің  əлі  күнге
төмен  болуы  да  сондықтан.  Кейбір  аймақтарда  отандастарымыздың
төрттен,  тіпті  үштен  бірі  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың
қызметінен  атымен  хабарсыз.  Президенттің  талдау  құрылымдарының
деректері осындай.
Тəуелсіз  пікірлерді  де  келтіре  кетейін.  Ресейдің  стратегиялық
институтының
деректері
бойынша:
«Қазақстан
партиялары
мен
қозғалыстары  республика  саяси  өмірінде  тиісті  орын  иелене  қойған  жоқ.
Олар  институттық  жағынан  əлі  əлсіз,  электоратты  жұмылдырудағы
мүмкіндіктері  өте  қораш.  Президент  Н.Назарбаев  ол  ұйымдардың
лидерлерінің  төбесінен  асырып,  халыққа  қалағанын  айтып,  басым  бөлікті
өзіне  қаратып  əкете  алады.  Оның  үстіне,  Қазақстан  электоратының
партияларға деген ықыласы əлі жіктеле қоймаған. Халықтың басым бөлігі
саяси  партиялардың  бір-бірінен  айта  қаларлықтай  айырмалары  жоқ  деп
санайды.  Бір  қызығы,  Қазақстан  астанасында,  ең  саясаттандырылған
қалада,  социологиялық  зерттеулердің  анықтауынша,  1994  жылғы  сайлауға
3
күн
қалғанда,
қоғамдық-саяси
ұйымдардың
сайлау
алды
бағдарламаларымен  қала  тұрғындарының  бар  болғаны  13  проценті  ғана
105

таныс  болып  шықты»  (Казахстан:  реалии  и  перспективы  независимого
развития. М., 1995, 221-бет). 
Мұндай жағдайда: сайлау мен демократия баламалы ұғым деп, əрине
айта  алмайсың.  Қоғамдағы  билік  туралы  көзқарас,  өктем  мемлекет  пен
соған
лайық
қағидаларды
дəріптеу,
демократияның
əлеуметтік-
экономикалық  базасының  жəне  құқықтық  мемлекет  дəстүрлерінің
жоқтығы  –  демократияның  өңі  айналып,  өктемдікке  алмасып  кетуін
оңайлатады.
Сондықтан  да  қазіргі  жағдайда  тек  күшті  атқарушы  өкімет
демократиялық өзгерістерге мүдделі бола отырып, ескі режимнің қайтадан
қалпына  келуін  тойтара  алуы  мүмкін.  Сол  сияқты  ол  «демократияшыл
шыдамсыздықты» да тоқтата алады. Демократиялық лагерьдің кейбір бөлігі
реформаны  күштеп  жеделдетудің  ешқандай  алғышарты  жоқтығына
түсінбейді.  Қоғамды  революция  арқылы  өзгерту,  реформаны  күштеп  тану
қарама-қарсы нəтижеге жеткізуі ықтимал екендігі де ескеріле бермейді.
Мен эволюциялық дамуды, қоғамды біртіндеп, жан-жақты дайындап
алып барып, реформалауды жақтаймын.
Демократия бар да, əсіре демократия бар. Адамдар бейберекеттік пен
бассыздықты  демократиялық  өзгерістермен  байланысты  бастаса,  қайдағы
бір  «жұмсақ»,  «оқыған»,  «зиялы»  авторитаризм  дегендерді  ойлап  тауып,
өктемшілдікті  ақтап  алу  қаупі  күшейеді.  ТМД  елдері  əлгіндей  мəселелерге
душар  болғанда,  кейбір  беделді  қоғамтанушылар  өтпелі  кезеңге  «жұмсақ»
авторитаризм  керектігін  сөз  ете  бастағанын  айтсақ  та  жеткілікті.  Алайда
«зиялы»  авторитаризм  туралы  тек  ел  басында  реформатор  басшы  тұрып,
оның  өз  көзі  жетіп,  өзгелердің  де  көздерін  жеткізген  өзгерістерін  басым
көпшілік қолдаған жағдайда ғана сөз етуге болар.
Авторитаризм  деген  бүгін  кеңінен  қолданылып  жүрген  сөз,  көбіне-
көп  бұрынғы  социалистік  лагерь  мен  үшінші  дүние  елдеріне  тəн  саяси
жүйелерге байланыстырылып айтылады. Саясаткер Леонардо Морлиноның
1990 жылдардың басындағы есептеуінше, тəуелсіз мемлекеттің жүз отызын
демократиялық  елдерге  жатқызу  қиын  екен.  Сол  елдердің  бəрін  де
авторитаристік режимді деуге болмаса да, бірақ бұл негізгі түрлерінің бірі.
Негізінде,  біз  осы  заманғы  авторитаризмді  экономика  мен  күш
құрылымдарын  қадағалайтын  элитаның  өзара  ауыз  жаластығы  деп,  саяси
бостандықты  шектеушілік  деп  түсінеміз.  Əлеуметтік  реніштің  заңды
арналары  мен  халықтың  экономикалық  бостандық  пен  экономикалық
тиімділіктен  гөрі,  əділетті  бөлісті  маңыздырақ  тұтатын  нақты  бөліктерін
басып-жаншудың жария жолы деп ұғамыз.
106

Саясат  ғылымында  үш  ғасырдан  бері  пайдаланып  келе  жатқан  бір
анықтама бойынша, авторитаризм мынандай сипаттармен ерекшеленеді:
- ұлттық  саясатта  шешуші  қызмет  атқара  алатындай  саяси
партиялар  мен  топтар  құрылымын  тежеу  арқылы  пікір  алуандығын
шектейтін саяси жүйе;
- өмір  сүріп  тұрған  режимге  идеологиялық  негіз  беретін  белгілі
саяси сана мен саяси менталитет;
- халықтың үлкен саясатқа араласуының, саяси ұйымшылдықтың,
саяси белсенділіктің төмен деңгейі;
- атқарушы  өкіметті  өз  қолына  топтастырған  азғантай  топ
басшысының азулылығы;
- билік  ережесінің,  саяси  элитаға  өз  қолындағы  билікті  өз
қалауынша  түсіндіруге  ерік  беретіндей  қып,  мейлінше  жалпылама,  үстірт
жəне əлсіз жасақталуы.
Авторитарлық
режимнің
кейбір
сипаттарын
егжей-тегжейлі
қарастырар  болсақ,  күні  кешегі  саяси  тіршілігіміздің  кейбір  таныс
белгілерін оп-оңай тауып алуға болады.
Саяси  ұйымшылдық  деңгейі  саяси  процеске  қатысатын  бұқараның
санымен  жəне  қатысу  сапасымен  анықталалы.  Авторитарлық  режимдер,
негізінде,  бұқараны  саясатқа  атымен  қатыстырмауға  тырысады,  бірақ
өмірде,  мəселен,  сталиншілдік  үрдістегі  авторитаризм  бұқараны  саясат
сахнасына  шығарып  тұрудан  қашпайды.  Ол  бірақ  екі  шартты  сақтауды
талап  етеді.  Біріншіден,  саяси  белсенділікті  керек  кезінде  тежеп  тастай
алатын  жазалаушы  аппаратты  қажетсінеді.  Екіншіден,  саяси  ұйымшылдық
құрылымдары  не  атымен  жоқ  болды,  не  атымен  əлсіз  болды.  Мəселен,  бір
күшті  партия  барлық  мемлекеттік  органдарды  қадағалайды.  Əдетте,
авторитаризм  сөз  болғанда,  жазалаушы  аппаратқа  көбірек  көңіл  бөлініп,
саяси ұйымшылдық құрылымның жоқтығы сияқты одан маңызы ешбір кем
емес сипатқа атымен мəн берілмейді.
Қазақстанда  жеке  меншік  кеңінен  қанат  жайған  əлеуметтік  тобы,
қалыптасқан жəне өзін-өзі жүйелей алатын нарық қатынастары жоқтықтан,
экономиканы  жаңа  үрдіске  көшіруде  мемлекеттік  жүйелеуге  көбірек  мəн
беріліп отыр.
Бүгін  таңда  біз  Қазақстанды  батыстық  ұғымдағы  демократиялық
мемлекетке де, авторитарлық мемлекетке де жатқыза алмаймыз. Екеуі үшін
де бізде жеткілікті əлеуметтік, саяси, институттылық жəне басқа да негіздер
жоқ.  Алайда  біздің  өзгерістеріміздің  демократияға  бағышталғанын  ешкім
жоққа  шығара  алмайды.  Орнықты  демократия  дамыған  жеке  меншікті,
107

орнықты  парламентаризм  дəстүрлерімен  астасатын  азаматтық  қоғамды
талап  етеді.  Бұл  алғышарттардың  бəрі  Қазақстанда  əзір  қалыптасу  үстінде
деп айтар едік. Оларды дамытуды мемлекет өз мойнына алып отыр.
Сынаушылар  осы  ерекшелікті  ескермейді.  Реформа  жүргізіп  жатқан
атқарушы  өкіметпен  диалогтың  болмауы,  шын  мəнінде,  демократияға  жат
құбылыс.  Ауыспалы  кезеңдегі  ел  үшін  мұндай  теке  тірес  -  орнықты
демократиялық  жүйесі  бар  елдердегіден  атымен  басқаша  сипатқа  ие  аса
қауіпті құбылыс.
Гəп  өзгерістер  үшін  жауапкершілікті  біреу  мойнына  алуы
керектігінде.  АҚШ  вице-президенті  А.Гор  «Жер  қауіп  құшағында»  атты
кітабында:  «Қатал  да  тиімді  шешім  ұсынып,  сол  жолда  күресіп,  аса  үлкен
саяси  тəуекелге  бел  буып,  аса  үлкен  саяси  сынға  бас  тігетін  кезең
əлдеқашан келді», - деп əдемі жазып еді. 
Мен  ауыспалы  кезеңдегі  мемлекетте  барлық  саяси  күштердің
бірлескен күш-қимылы керек деп, тегін айтып отырған жоқпын. Меніңше,
олар үшін демократияның негізі саяси орнықтылық болып табылады. Оны
сақтау  –  басты  міндет.  Əлемдік  тарихтың  көрсеткеніндей,  бейберекеттік,
революция  жəне  соғыс  -  диктатураның  тууының  ежелгі  серіктері.  Барлық
сөзімде  саяси  орнықтылықты  сақтау  керектігін  баса  айтып  келемін.
Кейбіреулер  үшін  ол  «кертартпалықтың  «кертолғауындай»  көрінелі.  Олар
демократиялық  өзгерістердің  базисі  бои  табылатан  орнықтылықтың  шын
мазмұнын түсінгілері келмейді.
Барлығымыз  да  Қазақстанда  да,  одан  тысқары  жерде  де  жағдайды
тұрақсыздандыруды  болдырмауымыз  керек.  Ол  елді  дамытудың  айқын
бағдарламасын  жасақтау  орнына,  популистік  қадамдар  мен  мəлімдемелер
жасай  отырып,  билікті  өз  қолдарына  алу  үшін  бейберекет  ахуалға  иек
артатын күштердің сойылын соғады. Бұл асқан абайшылдық пен Қазақстан
мен ТМД шеңберіндегі саяси спектрден əлгіндей əрекет күштерді жете тани
алатын жітілікті қажет етеді.
Бірде-бір  мемлекеттің,  əсіресе  дағдарыс  кезеңдерде,  өз  азаматтары
мен  олардың  бірлестіктеріне  абсолютті  саяси  бостандық  пен  белгілі  бір
аумақты жоғарғы билік жүргізетін егемендік құқық бермейтіндігі тсгіннен-
тегін  емес.  Оған  мысал  жеткілікті.  Мəселен,  демократияшыл  Америка
кезінде  штаттардың  бөліне-жарылушылығы  үшін  күрескен  адамдарды
түрмеге отырғызлы. Франция Жаңа Коледония егемендігін шешуге 15 жыл
мерзім белгіледі.
Мен құқықтық мəдениеті жоқ қоғамда лидер катаң қадағалауға жəне
соның  аясынан  шықпай  əрекет  етуге  тиісті  заңдылықтан  гөрі,  лидердің
108

жеке қара басына көбірек ықыласты болатынын жақсы түсінемін. Мен бұл
жағдайды түбегейлі өзгертуді басты міндетім деп санаймын. Болып жатқан
оқиғаларға  енжар  қарап,  гəптің  артын  күтіп  бағатын  «кішкентай  адам»,
«үнсіз көпшілік» болмауға тиісті. 
Қазіргі  кезде  біз  Қазақстанда  жеке  адам  мен  азғантай  топтың
диктатурасына  жол  бермеу  үшін  не  керектің  бəрін  істедік.  Конституция
«қоғамдық
ұйымдардың
мемлекет
ісіне
араласуына,
мемлекеттік
органдардың  қызметін  қоғамдық  бірлестіктерге  жүктеуге,  қоғамдық
бірлестіктерді  мемлекеттік  қаржыландыруға»,  «мемлекеттік  органдарда
саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға»,  қоғамдық  бірлестіктердің
конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, мемлекеттік қауіпсіздік пен
аумақтық  бүтіндікті  бұзуға,  əлеуметтік,  ұлттық,  діни,  қауымдық,  рулық
өшпенділік  отын  тұтатуға,  заңсыз  əскериленген  ұйымдар  құруға
бағытталған
қызметтеріне
тыйым
салды...
Конституция
əскери
қызметшілерге,  ұлттық  қауіпсіздік,  құқық  қорғау  органдары  мен  сот
қызметкерлеріне,  партияларға,  кəсіподақтарда  мүше  болуға,  қандай  да
болмасын партияны жақтайтын əрекеттерге баруға тыйым салады.
Бірақ  Конституция  мен  демократиялық  таңдауымыздың  ең  басты
кепілі  кез  келген  сипаттағы  диктатураның  орнауына  жол  бермейтін
Қазақстан  халқы  болып  табылады.  Бұған  мен  мейлінше  сенімдімін.  Осы
қағидадан  келіп,  республикада  көппартиялықтың  қалыптасуын  қолдай
отыра,  мен  бірде-бір  партияға  мүше  болмауды  қасиетті  парызым  деп
санаймын.  Өтпелі  кезеңде  президенттің  қандай  да  партияға  мүше
болуының  екі  қолайсыз  салдары  болмақшы.  Біріншіден,  партия  өзінің  өсуі
үшін  объективті  негіздердің  емес,  Президенттің  жеке  ықпалының
арқасында қосымша мүмкіндіктер алады. Екіншіден, Президент белгілі бір
партияның лидері болғандықтан соның саясатын жүргізетін болады. Екеуі
де,
халык,
бірлігі
мен
мемлекеттік
биліктің,
Конституцияның
мызғымастығының,  адам  мен  азамат  бостандығы  мен  құқығының  кепілі
мен  жарқын  көрінісі  болып  табылатын  –  мемлекет  басшысының  алдында
тұрған
міндеттермен
еш
қабыспайды
(Қазақстан
Республикасы
Конституциясы. 40- бап). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет