I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Саяси
жүйедегі
жаңарыс:
қағида
мен
қарекет
Саяси  жүйелерді  сараптаудың  сан  түрлі  əдісі  бар.  Соның  ен  көптен
келе  жатқаны  жəне  ең  көп  тарағаны  –  саяси  нормалар  бойынша  сараптау.
109

Сонау көне грек саясатшыларынан, Жаңа заманның ірі саясаткерлері Локк,
Мэдисон, Гоббстан бастап, біздің замандастарымызға дейін демократиялық
жəне монархиялық режимге бөлу сараптамасы қолданылады.
Алайда  XXI  ғасыр  табалдырығында,  біздің  қандай  саяси  қоғамда
өмір сүріп жатқандығымызды анықтауға бұл қағида тым жұпынылық етеді.
Соңғы  жылдары  əлемдік  саяси  ой  бұл  құбылыстарды  түсінуде  көп  ілгері
кетті.  Қазақстандағы  елден  ерекше  жағдай  көбіне-көп  біздің  дəстүрлі
теориялық  томаға-тұйықтығымыздан  өрбіп  жатыр.  Орталық  Азиядағы
саяси  ахуал  хақындағы  ақылға  сыймастай  саяси  болжамдар,  естен
тандыратындай  көріпкелдік  отандық  сəуегейлеріміздің  саяси  теориясы
аңғырттығы мен кəнігі еместіктеріне барып тіреледі.
Саяси  жүйелерді  талдауда  мəселенің  əрқилы  үш  қырын  ескермей
болмайды.  Біріншіден,  ондай  сараптау  саяси  шешімді  шын  мəнітіде  кім
қабылдайтындығына байланысты болуы керек. Негізінде демократия бұған
қоғамның  барлық  мүшесін  қатыстырады.  Алайда  шын  өмірде  бірде-бір
жүйе  мұндай  деңгейге  жеткен  де  емес,  жетпекші  де  емес.  Екіншіден,
əлгіндей  талдауға  шешім  қабылдау  процесінің  өзі  мен  тəсілі  де  негіз  бола
алады.  Шын  мəнінде,  жүйенің  авторитарлық  немесе  либералдық  екенін
осыған  қарап-ақ  аңғара  беруге  əбден  болады.  Шешім  қабылдауда  билікті
бір  кісіге  немесе  шағын  топқа  мейлінше  шоғырландыратын  авторитарлық
тəсіл  біздің  жақын  саяси  болашағымыздың  ең  ықтимал  баламасы  ретінде
бой  көрсетіп  келеді.  Ең  соңында,  мəселенің  үшінші  қыры  қабылданатын
саяси шешімдердің мазмұнына байланысты. Бір ескеретін жағдай, көптеген
саясатшылар  билік  технологиясын  талдауға  елігіп,  осы  үшінші  өлшемді
назардан  шығарып  алады.  Шешімнің  əлеуметтік  мазмұны  оның  теңдікке
жеткізетіндігімен
немесе,
керісінше,
əлеуметтік
теңсіздікті
күшейтетіндігімен анықталады.
Мен  өз  ойымды  анықтай  түскім  келеді.  Əңгіме  үстемдік  құратын
саяси  мұраттар  жайында  болып  отыр.  Демократиялық  елдерде  фашизмге
бейім  партиялардың  болуы  демократиялық  қағидалардың  жоғалғандығын
көрсетпейді.  Қайдағы  бір  қатысы  аз,  экзотикалық  қозғалыстарға  айрықша
мəн беріп, дабырайтып бағатын насихаттық тəсіл шын саяси өмірге сəйкес
келе бермейді.
Қазіргі саяси таластарда демократия, либерализм, теңдік, бостандық
деген  ұғымдарды  дұғалық  сөзіндей  жиі  қайталаймыз.  Бірақ  шын  мəнінде
бұл  ұғымдардың  төркінінде  не  жатыр?  Əлеуметтік  теңдік  пен  теңсіздіктің
деңгейі,  жан  басының  табысы  мен  ғұмыр  жасының  ұзақтығына  дейінгі
көптеген  көрсеткіштер  бойынша  өлшенеді.  Айта  кетейік,  ондай
110

сипаттамаларды нақты адамдар - зерттеушілер мен мемлекет қызметшілері
береді.  Сөйтсек,  саясаттың  əлеуметтік  бағыттылығы  деп  жүргеніміз  -
белгілі  топтар  тарапынан  туындайтын  өзгермелі  жəне  құбылмалы
түсініктер мен мүдделердін күрделі жүйесінің нысанасы болып шығады.
Əдетте,  демократиялық  саяси  жүйеге  либералдық-  демократиялық
режим  тəн  боп  келеді.  Көбіне  бұндай  сипатқа  Солтүстік  Америка,  Батыс
Европа,  Жапопия,  Израиль  елдері,  Латын  Америкасының  кейбір  елдері
жəне  бұрынғы  британдық  колониялар  болтан  елдер  Достастығының
жекелеген мүшелері ие.
Демократиялық  жүйенің  ең  бір  өзекті  сипаты  -  саяси  нормаларды
қолданғанда  конституциялық  талаптар  қатаң  қадағаланады.  Парламент,
сот, үкімет, атқарушы биліктің барлық деңгейдегі органдарының қызметіне
қатал  конституциялық  бақылау  орнатылады.  Бұл  жүйенің  жəне  бір
маңызды  сипаты  –  əр  алуан  саяси  құрылымдардың  болуы.  Алайда
демократиялардың бір-бірінен өзара айырмашылықтары да өте үлкен. 
Көптеген  сарапшылардың  айтуынша,  ол  айырмашылықтар  өте
маңызды. Жинақтап айтсақ, бұның бірі мынаған кеп тіреледі.
Біріншіден,  негізгі  балама:  атқарушы  биліктің  шоғырлануы  мен
бөліспелілігі  болып  табылады.  Мəселен,  Ұлыбританияның  бір  партиялы
кабинета  де,  Швейцарияда  партиялар  коалициясы  да  демократиялық
ауқымда  қызмет  істейді.  Сондықтан,  менің  пайымдауымша,  Қазақстан
үкіметінің  бипартиялық  кабинеті  демократиянын  бізде  барлығына,  не
жоқтығына  дəлел  бола  алмайды.  Бұған  айрықша  назар  аудартқым  келеді.
Өйткені  бізде  көп  ретте  демократиялықтың  белгісін  атқарушы  өкімет
органдарында көп партиялы өкілдіктің болуынан іздестіреді.
Екіншіден,  саяси  партиялар  багдарламаларындағы  айырмашылық.
Егер  АҚШ  немесе  Ұлыбританияның  жетекші  партияларының  негізгі
айырмасы  əлеуметтік-  экономикалық  моселелерге  байланысты  болса,
Швейцарияда,  мəселен,  мəдени,  діни,  ұлттық,  географиялық  сипаттарта
байланысты  болып  келеді.  Біздің  келешегімізге  осы  екінші  жол  көбірек
бейім  сияқты,  Қазақстан  тұрғындарының  ұлттық,  діни,  географиялық
айырмашылықтары,  міндетгі  түрде,  мейлінше  көп  бұтақты  саяси
машинаның қалыптасуын қажетсінеді.
Орта  ғасырдағы,  тіпті  ежелгі  дүниедегі  қоғамдарда  да  əбден
қалыптасқан  саяси  топтардың  болуына  қарамастан,  тар  мағынасындағы
саяси партиялар – XIX ғасырдың екінші жартысының жемістері еді.
Шамасы,  əр  саясатшы  партияның  тууы  туралы  өз  пікірін  аяғына
дейін  қорғайтын  болар.  Дегенмен  сол  бір  айқыш-ұйқыш  пікірлерге  ортақ
111

бірнеше белгілерді бөліп алуға болар. Кейбір Европа елдеріндегі əлеуметтік
құрылымның  күрделіленіп  кетуі,  белгілі  билік  плюрализмнің  қалыптасуы
əлеуметтік  тартыстарды  шешудің  жаңа  əдістерін  іздеуге  мəжбүр  етті.
Біреулер «тегеурінді қолды» аңсап, екіншілері шаруалар елінде пролетариат
революциясын  əзірлеп  жатқанда,  əлеуметтік  тартыстарды  парламент
арқылы  шешуді  көздейтін  партиялық  құрылымдардың  қалыптасуы
жүзеге  асты.  Талай  монархия  тас-талқан  боп  күйреп  немесе  монархиялық
билік  тек  ел  басылық,  бірақ  ел  билемейтін  Британия  королевасының
деңгейіне дейін құлдырап, билікті қолдаудың жаңа түрлерін іздеуге душар
етті.
Қазақстанның  саяси  партиялары  да  өз  дамуында  планетамыздың  əр
жерлеріндегі əрқилы партиялардың көпшілігі өткен жолдан өтеді. Олардың
кез келгені үшін ең басты мəселе – баяғы сол қолдау табу мəселесі.
Шығыстық  партиялық  жүйенің  батысевропалық  үлгілерге  сəйкесе
бермейтін  ерекшеліктері  болады.  Мəселен,  «үшінші  дүние»  елдерінде
этникалық  жəне  кəсіби  корпоратизмнің,  саясатты  жеке  кісіге  телудің,
қамқоршылық-қолдаушылық жүйенің деңгейі əлі жоғары, саяси мəдениетте
дəстүрлік  құндылықтардың  манызы  зор.  Бұл  жағынан  келгенде,  «үшінші
дүние»  демократиясын  батыстық  өлшемдермен  немесе  бір  өңкей
институттылық  қағидаларымен  бағалау  тап  онша  орынды  бола  бермейді.
Мен  батыстық  емес  елдерде  демократиялық  құрылым  орнатудың  ең
маңызды екі қырын бөліп айтқым келеді.
Біріншісі,  ру,  тайпа,  каста,  этнос,  дін,  ақсақалшылық  сынды,
ұжымдастық-қауымдастық  тұрақтылыққа  негізделген  түрлердің  үстем
түсуі.  Ол  дəстүршіл  қоғамдарда  батыстық  үлгідегі  демократияны
орнықтыруды қиындатады.
Шығыстың  саяси  лидерлері  өз  қоғамын  жаңартуда  көбіне-көп
дəстүршіл топтардың қолдауына арқа сүйейді. Бірінші кезеңде Қазақстанда
жаңа  саяси  бірлестіктердің  ұлттық  бірөңкейлілік  сипаты  басым  түсті.
Əрине бұл əлденеше себептерге байланысты еді. Алайда саясатшылар біліп
істесін,  білмей  істесін,  саяси  қозғалыстардың  барлық  алдына  қойған
мақсатымен  тікелей  байланысты  болмаса  да,  ұлттық  топтардың
қолдауымен  пайдаланды.  Ұлттық  топтардың  қолдау  мүмкіндіктерімен
пайдалану  дегеніміз  –  өз  өкілеттілігінің  зандылығын  табиғаты  жағынан
атымен басқа топқа көшіру деген сөз. 
Екіншісі, батыстық емес елдердегі азғантай демократия нышандары,
əдетте, үстем партияға немесе сайлау сайын жеңіске жетіп, əрдайым үкімет
басына  келетін  партияға  иек  артады.  Бұл,  əсіресе  Шығыс  елдеріне  тəн
112

қасиет. Олай болуы, шамасы, кездейсоқ нəрсе емес сияқты. Үстем партияға
иек  артатын  жүйе,  өтпелі  кезеңдегі  қоғамға  қоспартиялы  немесе
көппартиялы жүйеден гөрі, саяси орнықтылық орнатуға қолайлырақ болса
керек.  Үстемдік  етуші  партия  мұнда,  батыстық  қоғамдағы  саяси
партиялардан  атымен  алшақ  тұратындай,  қызметтік  мүмкіндіктермен
пайдалана алады.
Дей  тұрғанмен,  үстемдік  етуші  партияға  иек  артатын  жүйе
оппозиция  құқығына,  ақыл  қосу  мүмкіндігіне,  баспасөз  бостандығына
кепілдік  беретіндіктен,  кейбір  демократиялық  сипаттарға  да  ие  боп
табылады.  Алайда  бұл  жүйе  өте  үлкен  кемшіліктерден  де  құр  алақан  бола
алмайды.  Өйткені  бір  партияның  ұзақ  уақыт  билік  басында  болуы  оның
қызметкерлерін  өрескелдікке  ұрындырмай  тұрмайды.  Индияның  ұлттық
конгресіндегі
немесе
Жапония
мен
Оңтүстік
Корея
либералды-
демократиялық  партияларындағы  парақорлық  пен  «көлденең  табыс»
жөніндегі оқтын-оқтын шығып тұратын жанжалдар соған айғақ болғандай.
Қазақстандағы  партиялық  жүйенің  маңызды  бір  ерекшелігі  –
олардың  көбіне-көп  жоғарының  қолдауымен  құрылатындығы.  Алғашқы
бүкілхалықтық  «Невада-Семей»  қозғалысы  менің  ядролық  сынауларды
тоқтату  жайындағы  талапты  қолдауымның  нəтижесінде  туды.  Ондай
қолдау болмаса, орталықтың өктемдігі əлі күшті жағдайда, ядролық қаруға
қарсы  қозғалыс  аяусыз  тапталып  қалған  болар  еді.  Өйткені  халықтық
қозғалысты  күшпен  басудың  үлгісін  КСРО  басшылығы  1986  жылдың
желтоқсанында  айқын  көрсетіп  берген-ді.  Жалпы  ұлттық  мəміле  маған
1991 жылғы 29 тамызла Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы жарлық
шығаруыма мүмкіндік берді.
Көппартиялылықтың  қалыптасуына  КСРО-ның  ыдырауы  мен
оның  негізгі  желімдеуші  күші  болған  КОКП-ның  тарауы  түбегейлі
бетбұрыс жасап берді.
1991 жылғы  қыркүйекте  Қазақстан  Компартиясы  мүшелері
Социалистік  партияға  айналу  туралы  шешім  қабылдады.  Бұл  ақылға
сыятын шешім еді. Əңгіме партияның атында емес-ті. Ол бүкіл қызметінің
мəн-мағынасын  түбегейлі  жаңартуға  тиісті  еді.  Социалистік  партия,
мемлекет  басындағы  билеуші  партияның  сипатынан  айырылып,  сол
кеэеңнен бастап, бұқара арасында өз күшімен бедел жинауға тиісті болды.
Съездің  бұл  шешімімен  келіспейтін  жəне  коммунистік  мұраттарға
бұрынғысынша  сенетін  адамдар  өз  партияларын  құрып,  ресми  тіркеуден
өткізуге  мүмкіндік  алды.  1994  жылы  наурызда  Əділет  министрлігі
Қазақстан  Республикасы  Коммунистік  партиясын  тіркеді.  Осының  өзі-ақ
113

біздің  демократиялық  бағыттан  ауытқымайтындығымызға  айқын  куə  бола
алғандай.
1992 жылы «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясы құрылды.
1993  жылы  ақпанда,  кейін  партияға  айналған,  «Казақстанның  Халық
бірлігі»  одағы  құрылды.  Мен  екі  партияны  да  қолдадым.  Құрылтай
съездеріне
қатыстым.
Екі
партияның
да
саяси
центризмге
ұмтылатындығын ұнатамын. Ол бізге өте керек. 1995 жылы Қазақстанның
Демократиялық  партиясы  құрылды.  Оның  құрылуы  біздің  қоғамның
алдында  тұрған  өтпелі  кезең  міндеттерін  жан-жақты  пайымдап,  ақылға
сыйымды  етіп  шешуге  ұмтылудың  көрінісі  деп  білемін.  Бұл  партияның
болашағына сенемін.
Бірақ  бір  өкініштісі,  саяси  партияларымыз  осы  кезге  дейін  ер  жету
кезеңінен  шыға  алмай  жүр.  Демократияны  сырттан  əкеп,  дайын  күйінде
орнату  мүмкін  емес.  Ол  бірте-бірте  орнығып,  өмір  дағдысына,  жетекшілер
мен бұқараның саяси ойлану машығына, ынтымақтасу құралына, қоғамды
ұйымдастыру  мен  басқару  жүйесіне  айналуы  қажет.  Əзір  ТМД  елдерінде
демократия  билік  жолындағы  күрестін  қаруы  мен  мүмкіндігі  ретінде  ғана
қарастырылуда.
Көппартиялылық
мағынасызға
дейін
бұрмалануда.
Ондаған,  тіпті  жүздеген  партиялар  құрылып,  оларды  кейде  авантюристер
басқарып
жатты.
Əлеуметтік,
саяси,
этникалық,
діни,
топтық
шиеленістердің шетін жағдайында плюрализм мен саяси бостандық құрғақ
ұранға айналып, қоғамның берекесін қашыруға қызмет етуде.
Тарих  талай  партияның  сайлауда  жеңіліп,  ұрда-жықтыққа  ұшырап
кеткендігін  біледі.  Демократиялық  институттардың  ойдағыдай  қызмет
етуіне тиісті жағдай жоқ жерде, саяси күрес тым асқынып, қатерлі сипатқа
көшіп кетуі ықтимал. Бұл арада батыстық демократия қағидаларына жүгіну
тым қисынсыз. Өйткені Батыста қандай да болмасын партияның халықтың
ерік  білдіруі  нəтижесімен  есептеспеуі  немесе  билік  қолға  тигесін
демократиялық шарттарды қайта қарауы – ешбір мүмкін емес жағдай.
Егер  интеллектуалдық  элита,  қандай  да  болмасын  себеппен,
реформаның  тиімді  байыптамасын  ұсына  алмаған  жағдайда,  процесс
байқап  көру  жəне  қатеден  қорытынды  шығару  əдісімен  жүргізіледі.  Ал
мұндай  тəсілдің  де  қаупі  көп.  Сондықтан  да  бізге  Қазақстанды
реформалаудың  өз  байыптамасын  жасауға  тура  келді,  Өкініштісі,
оппозицияшыл  күштердің  ұсын-  ған  жобалары  өмірмен  қабыспайтын,
орындалуы  мүмкін  емес  болып  шықты.  Меніңше,  ондай  партиялар  ескі
қателіктерді  қайталаған  сияқты.  Саяси  жүйені  ауыстырар  кезде,  олардың
бағдарламалары  да  көп  болды,  жетекшілері  де  жеткілікті  еді.  Алайда
114

жасампаздық қызметке келгенде, ондай ыждаһаттылық көрсете алмадьг. Ал
ол  үшін  салиқалы  саясатшы  болу  аз.  Экономистер,  талдау  мен  тəжірибе
мамандары  керегірек.  Бүгін  партиялар  бұны  жақсы  түсінсді.  Мен  көп
ұзамай  оппозициялар  дамыған  демократия  елдеріндегідей  қызмет  атқара
алады деп үміттенемін.
Саяси  демократияға  бірнеше  жағдайлар  керек.  Солардың  ішінде
қоғамда, əсіресе элиталық қауымда кең қанат жайған өзара  түсіністік қана
емес,
жеткілікті
мөлшерде
бұқаралық
сипатқа
ие,
мемлекетке
экономикалық  жағынан  тəуелсіз  орташа  таптың,  бұғанасы  бекіген
құқықтық  мəдениеттің,  келісім  мен  мəмілеге  бейімділіктің  мəні  зор.  Егер
осының  бəрі  жоқ  болса  немесе  жеткілікті  дəрежеде  дамымаса,
демократияның əлеуметтік жəне институттылык, негізі берік болмайды.
Адамзаттың  тарихи  тəжірибесі  көрсеткендей,  өркениеттік  даму
процесін  кері  бұрып  əкету  мүмкін  емес.  Жекелеген,  тіпті  данышпан
адамдар,  не  кейбір  қоғамдық  топтардың  бұрынғы  жəне  дəстүрлі  қоғам
үлгісіне  қайтып  барғысы  келіп,  қаншама  ұмтылғанымен,  одан  бəрібір
нəтиже шықпайды. Жаңару процесін қолдап зорлап баяулатуға болар. Бірақ
ол  ішкі  əлеуметтік  қайшылықтарды  ушықтыруға  ұрындырады.  Сондықтан
да  жаңару  тұсында  болмай  қоймайтын  қайшылықтарға  бітуа  тауып,
жұмсартып отыру қажет.
Қазақстан  халықтары  Ассамблеясына  əдейі  тоқталғым  келеді.
Бұндай  ұйым  ТМД  елдерінің  ешбірінде  жоқ.  Ең  бір  қиын  күндерде  шын
мəніндегі  халық  өкілеттілігінің  органы  болды.  Қай  ұлттардың  да
азаматтарын саяси, экономикалық жəне əлеуметтік салалардың жаңаруына
жұмылдыратын  қоғамдық  ынтымақ  органы  Қазақстан  халықтары
Ассамблеясын  құру  туралы  шешім  1992  жылғы  желтоқсанда  өткен
Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Шынын айтсақ, өкілетті
жəне  атқару  билік  орындарында  тек  ірі  этностардың  өкілдері  ғана  өздерін
көрсетуге үлкен мүмкіндіктерге ие болды. Басқаларының дауысы көпшілік
жағдайда есгіле бермейді. Бізге Ассамблеяның жұмысы мен өкілеттілігінің
ықтимал түрін табу үшін біраз уақыт керек болды. Ол парламенттің немесе
атқару билігі органының баламасы бола алмайды. Бірақ мүдделестер клубы
сияқты қуыршақ ұйым да болуға тиісті емес еді. Ұзақ ізденістердің, ұлттық-
мəдени  орталықтар  өкілдерінің,  этнологтардың,  заңгерлердің,  басқа  да
салалар  мамандарының  пікірлерін  зерттей  келе,  Ассамблеяға  мемлекет
басшысының  жанындағы  консультативті-кеңесші  орган  дəрежесін  беруге
ұйғардық.  Қазірдің  өзінде  ол  өз  қызметінің  жемістерін  бере  бастады.  Ұлт
саясатына  байланысты  көптеген  ұсыныстар  енгізумен  қоса,  адамдармен
115

күнбе-  күн  нақты  жұмыстар  өткізді.  1995  жылдан  бастап  жоғарғы  оқу
орындарына  Ассамблея  квотасы  бойынша  түскен  аз  ұлттың  өкілдері  оқи
бастады.  Алматы  жəне  Семей  Архиепископы  Алексийдің  ұсынысы
бойынша,  Ассамблея  құдіретімен  славян  жазуының  1  100  жылдығы
өткізілді.  Ұлттық-мəдени  орталықтар  Абайдың  150  жылдығына  арналған
аса  пайдалы  мəдени  шаралар  ұйымдастырды.  Бұндай  жемісті  қызмет,
Қазақстан  халықтарының  нақты  мəселелерін  шешу  осыпау  шынайы
халықтық, демократияшыл ұйымның беделін өсірді.
Өтпелі  кезеңдегі  қоғамдағы  діннің  орны  мен  қызметі  –  аса  күрделі
мəселелердің  бірі.  Меніңше,  онын  бірыңғай  шешімі  жоқ.  Əрқилы
саясаттпылар дінге мүлдем кереғар пікірлер тұрғысынан қараған.
Соғыстың  алдында  француз  премьері  Лавель  Мəскеуге  сапармен
келіп  қайтыпты.  Ұзақ  келіссөздер  үстінде  Сталин  мен  Молотов  батыс
майданда  француздың  қапша  əскері,  дивизиялары  барын,  ондағы  қызмет
мерзімін білуге тырысыпты. Лавель: «Сіздер Ресейдегі католиктердің дініне
қамқорлық жасауда бірдеңе істей аласыздар ма? Ол маған  папамен жұмыс
жасағанда,  көп  көмек  болар  еді»,  -  деп  сұрапты.  «О,  пəлі,  -  деп  қуанып
кетіпті Сталин. – Папа! Айтпақшы. оның қанша дивизиясы бар?»
Сталин – діни білім алған адам. Сөйте тұра соғысқа дейін шіркеумен
байланыс  жасау  мəселесінде  «қарадүрсіндікке»  ұрынған.  Бірақ  Ұлы  Отан
соғысы жылдарында діннің ынтымақтастырушы күшін ол да мойындаған.
Қазақстан  аумағындағы  діни  ұйымдар  қызметіне  байланысты,
мемлекеттік  саясат  оларды  алаламай,  бəріне  бірдей  қарау  негізінде
жүргізіледі.
Қазақстанда бүгінде дінді тұтынуы жағынан көп сипатты қоғам өмір
сүреді.  Ең  ірі  этникалық  топтар  –  қазақтар  мен  орыстар  бүкіл  халықтың
сексен процентін құрайды. Олар сан жағынан екі үлкен қауымға – суннит
мұсылмандар мен православиялық христиандарға жатады.
Мұсылман  қауымына  қазақтардан  басқа  17  түркі  тілді  этникалық
топтар  кіреді.  Олар:  өзбектер,  татарлар,  ұйғырлар,  əзірбайжандар,
шешендер т.б. Олардан басқа иран тілдес тəжіктер мен күрттер де, сондай-
ақ дүнгендер де мұсылмандар болып табылады.
1995  жылдың  1  қаңтарында  республикада  30  діннің  өкілдері  болып
табылатын 1180 діни қауымдастық болды. Олар дəстүрлі бірлестіктерге де,
дəстүрлі  болып  табылмайтын  бірлестіктерге  де  ұйымдасқан.  Қазақстанда
мың екі жүзден астам дін қызметшілері бар. Олар 25 діни оқу орындарында
дайындалады.  Олардың  арасында  Ислам  институты,  Алматы  епархиялық
дін  училищесі,  христиан  миссионерлік  мектебі,  Пресвитериандық  діни
116

академиясы т.б. бар. Шетелде оқып жатқандары да аз емес. Мұсылман діни
бірлестіктерінің  саны  шұғыл  өсіп  келеді.  Қазір  олар  483-ке  жетті.
Зорлықпен  дəстүрінен,  тілінен  айырылып,  соның  салдарынан  мəдени
сипаты  жағынан,  ең  алдымен,  тілді  меңгеру  принципі  бойынша  іштей  екі
жарылып, біртұтас халықтық қасиетін жоғалту қаупіне ұшыраған қазақтар
үшін,  ислам  өзінің  этникалық  табиғатын  танудың  маңызды  бір  құралына
айналды.
Əсіресе  осы  қызметіне  байланысты,  əлемдік  ұлы  діндер  санатына
жататын  исламның  маңызы  қайта  өсе  бастады.  Оның  өркениеттік  орасан
зор  мүмкіндігі  –  қазір  жаппай  мойындалғаны  ақиқат.  Қазақстан  –  ислам
діні  кеңінен  тараған  əлемдік  аймақтың  ең  теріскей-шығыс  шекарасының
бірі.  Қазақстандағы  миллиондаған  мұсылмандар  тоталитаризм  ажыратып
тастаған өз дініне қайтып оралуға мүмкіндік алды.
Маған  исламның  бейбіт  рөлі  туралы  мұсылмандардың  екі  қасиетті
ошағынын сақшысы, өз-өзіне сенімді жəне дана адам – король Фахд Абдул
Азиз  əс-Саудпен  сөйлесудің  жолы  түсті.  Мекке  мен  Мединеде,
Иерусалимде болғанда, мен исламның адамдарда руханилық пен гуманизм
қасиеттерін тəрбиелеудегі күші мен мүмкіндіктерін тағы да сезіндім.
Сан  жағынан  кең  тараған  екінші  діни  қауымдастық  –  орыстың
православие  шіркеуі.  Оның  165  приходы  бар.  «Свет  православия»  деген
газет  шығарады.  Қазақстандағы  православие  храмдары,  монастырьлері
қалпына  келтірілуде.  Солай  бола  тұрса  да,  діни  фактор  саяси  өмірге  айта
қаларлықтай əсер ете алмайды. Республикадағы ұлтаралық қатынастардың
өткірлігін  ескере  отырып,  дін  басшылары  өз  ұлтын  өзі  көтермелейтін
үрдістерден аулақ тұруға тырысады.
Киелі  Синодтың  1991  жылғы  31  қаңтардағы  шешімі  бойынша,
Қазақстан  аумағында  өз  алдына  дербес  Алматы,  Шымкент,  Орал
епархиялары  құрылды.  Алматы  орталығындағы  əсем  сəулет  ескерткіші
болып  табылатын  кафедралдық  собор  Православие  шіркеуіне  берілді.
Мəскеу  мен  Күллі  Русьтің  қасиетті  Патриархы  II  Алексийдің  1995  жылғы
Алматыға келгені Қазақстан православие қауымы үшін үлкен оқиға болды.
Патриарх  II  Алексиймен  мен  көптен  таныспын.  Ол  өте  ізгілікті,
терең білімді адам. Нағыз пірəдар. Ұзақ əңгімелесіп келген қорытындымыз
– дінді тек халықтарды жақындастыруға ғана пайдаланған лазым.
1995  жылы  менің  шақыруыммен  келген  Мəскеу  мен  Күллі  Русьтің
қасиетті  Патриархы  II  Алексийді  Қазақстан  зор  меймандостықпен
қабылдады.
Бұл — орыс шіркеуі басшысының Қазақстанға бірінші келуі еді. Ол
117

дінге сенетіндер үшін өте үлкен мереке болды. Қазақстан дінбасыларының
біздің  қоғамның  бірлігін  нығайтуда  өлшеусіз  зор  еңбек  сіңіріп  жүргенін
үлкен қанағаттанғандықпен айтар едім.
* * *
Демократия  деген  не?  Бұл  сауал  —  адамзатты  өз  тарихының  ұзына
бойына толғантып келе жатқан сауал. Оны əр уақытта əр түрлі түсінді. 
Демократия  үзілді-кесілді  баға  беруді  көтермейді.  Бұрынғы  КСРО
аумағындағы  «ең»  демократияшыл  елдер  саналған  кейбір  мемлекеттер
азаматтық айырмашылықтарға қарап кемсітушілік шектеулер енгізуге дейін
барды.
Мен  бүгінде  қайталап  айтам:  бір  кезде  біреудің  еркінің  тұтқыны
болып едік, енді біреудің пікірінің тұтқыны болмайық.
Мені сынайтындар да табылар. Келісе қоймайтындар да бар шығар.
Бірақ халқымыздың көпшілігі қолдап отырған қазақстандық жол – біреудің
таптаурын  ізімен  кету  емес,  өз  соқпағымызды  тауып,  сонымен  жүруге
талпыну.  Қай  мəселеде  де  қатал  ұстануға  тырысатын  қағидамыз:
бассыздыққа  ұрындырып,  қан  төгіске  апаратын  демократияны  біз  тегін
берсе  де,  алмаймыз.  Біздің  демократиямыздың  негізі  –  саяси,  əлеуметтік
жəне  ұлтаралық  тыныштық.  Біз  əлдебір  елдердің  бізге  «тыз  етпе»
демократияны шұғыл орната салғанымыз үшін қол соқсын деп тілемейміз.
Ол  үшін  өз  халқымызға  өзіміз  тəжірибе  жасағымыз  келмейді.  Демократия
идеясы  мəңгілік  екені  рас.  Алайда  демократиялану  процесіне  шектен
шығушылық,  бейберекеттік,  бетіменлағушылық  салдарынан  туатын  ұрыс-
жанжалдың өте қауіпті екенін ескермей болмайды.
ТМД елдерінде де демократия өскіндерінің көрінгені рас. Бірақ олар
тым  баяу  жетіліп,  баяу  өркендеуде.  Оның  ең  басты  себебі:  саяси
мəдениетіміздің  Батыс  жəне  Орталық  Европа  мəдениетіне  қарағанда,
көптеген мəнділік айырмашылықтарға ие екендігінде.
Мен соңғы жылдары зор маңызға ие болған бір құбылысқа айрықша
тоқталғым келеді. Көптеген адамдар ұзақ уақыт бойы антикоммунизм мен
демократияны  бір  ұғым  деп  танып  келді.  Өз  басым  ондай  қарадүрсіндікке
мойын ұсынып көрген емеспін. Өмірдің өзі көрсетіп отыр: антикоммунизм
мен  демократия  –  егіз  ұғым  емес,  кейде  бір-біріне  бас  ие  қоймас  кереғар
ұғымдарға да айналып кетіп отырады. Коммунистік режимнің күйреуі мұң
екен,  көптеген  антикоммунистер,  əсіресе  неғұрлым  қасаң  тобы,  бірден
антидемократиялық  шепке  көшіп  шыға  келді.  Демек  антикоммунизм
бетпердесін жамылған реакционерлер де аз емес деген сөз.
Тоталитаризм мен авторитаризм езгісінен құтылу – біржола еркіндік
118

алу  деген  сөз  емес.  Ол  тек,  одан  арғы  авторитаризмнен  либерализмге
жетіскенге  дейінгі,  дамудың  қандай  үлгісін  таңдап  алуға  ғана  мүмкіндік
береді.
Біздің
буынымыз
марксизмге
балама
бола
алатын
басқа
қисындардың  бəрін  мансұқтау  рухында  тəрбиеленді.  Қажет  десеңіз,  бұл
кеңес адамдарының мінез- құлқының басты белгісіне айналды. Сондықтан
да  коммунистік  идеология  күйреген  бойда,  бұрынғы  қара  деп  саналып
келген  нəрсенің  бəрі  аяқ  астынан  ақ  боп  шыға  келгеніне  еш  таңғалуға
болмайды.  Бір  кезде  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  саясатшылардың
американдық  демократия  мен  Чили  хунтасын  қалай  сипаттап  келгені
бəріміздің  де  есімізде.  Өйткені  екеуін  де  КОКП  идеологиясы  жат  санады.
Енді  екеуін  де  бірдей  дəріптейтіндер  шықты.  Олар  да  сол  талай  жыл  миға
сіңіп  қалған  бұрынғы  үрдістен  шыға  алмады:  егер  ақ  емес  болса,  ол
міндетті  түрде  қара  болуға  тиісті,  егер  қара  болмаса,  ол  міндетті  түрде  ақ
болуға  тиісті.  Кейбір  ұрда-жық  уағызшылардың  айтуынша:  біздер  өмір
сүрген  бұрынғы  əлеуметтік  құрылыс  пен  ұлтшыл-социализм  арасында
ешқандай  айырма  болмай  шықты.  Тіпті  кеңес  халықтарының  фашизмді
жеңгенін
де
бекерге
шығарғысы
келетіндер
табылды.
Ол
да
тоталитаризмнің  жеңісі-міс.  Сталиншілдік  үрдісті  еш  ақтағым  келмейді.
Бірақ  бəріне  де  үнсіз  шыдап  бағатын  көптерлілікті  қандай  құптамасам,
бəрін де жоққа шығарып бағатын əсіре кұстанашылдықты да құптамаймын.
Мен  тирания  мен  авторитаризмді  жан-тəніммен  жек  көремін.  Бірақ
демократияны да асыра бағалаудан аулақ болғым келеді. Неғұрлым көптің
айтқанын  согұрлым  əділетті  шешім  деп  танитын  сыңар  езуліктен  де
сескенемін.  Əсіресе  біздей,  адамның  жеке  басынын  бостандығына  қалай
болса  солай  қарайтын  қоғамдағы  мұндай  құлақкесті  түсінікті  өте  қауіпті
түсінік деп білемін.
Бұрынғы  КСРО  республикаларындағы  қоғамдық-саяси  ахуалды
талдай
отыра,
билік
институттарын
өзгертудегі
асығыстық
пен
алыпұшпалық  қоғам  мен  мемлекеттілікті  шайқалтып,  оқиғалардың
азаматтық
соғысқа
ұрындырардай
қауіпті
жолмен
өрбуіне
əкеп
соқтыратынына  талай  рет  көзім  жетті.  Демократиялануды  академиялық
жалпылама  ұғым  емес,  келешек  тағдырын  кемелдендірудің  нақты  саяси
тəжірибесі ретінде қарастырған жөн.
Демократияны  шұғылдатуға  азаматтық  қоғамның  жоқтығы  мен
əлсіздігі,
оның
мұрат-мүдделерінің,
жүйелі
құрылымдарының
қалыптаспағандығы  қол  байлау  болмақшы.  Сондықтан  да  ол  əлденеше
əлжуаз  саяси-партиялық  ағындарға  бөлшектеніп,  демократияны  жасампаз
119

құбылыс  деп  ұқпай,  үздіксіз  теке  тірес  деп  түсінетін  экстремизмге  бейім
тұрады.  Мұндай  көзқарас,  əлгіндей  теке  тіреске  қалың  бұқараны  да,
партиялар  мен  қозғалыстарды  да,  тіпті  мемлекеттік  биліктердің  əр  түрлі
бұтақтарының  да  белсене  араластырылуы  салдарынан,  ТМД  елдерінің  бір
қатарында  азамат  соғыстары  мен  адам  өліміне  ұласқан  қайғылы
нəтижелерге душар етті.
Əрине, бұл естір құлаққа қатқыл естілер. Алайда қазіргі шындықты,
оның ішінде Қазақстандағы ахуалды да айқын бейнелейтін сипаттама. Бұл
қазіргідей  экономикалық  қолайсыздықтың,  тұрмыс  деңгейінің  күрт
төмендеуі,  əр  түрлі  топтардың  өзара  күресі,  мемлекеттік  биліктің
солқылдақтығы  жағдайында  қандай  да  болмасын  экономикалық,  саяси
реформаны  ойдағыдай  өрістетудің  қиындығына  тағы  бір  дəлел  бола
алмақшы.  Мұндай  бақылауға  көнбейтін  бейберекет  ахуал  шиеленістерді
өршітіп,  азамат  соғыстарын  тұтандырып,  мемлекеттілікті  тəрк  етумен
тынуы да ықтимал. Ендеше, өздерін партиямыз деп санап, астана мешітінде
бассыздыққа  барып,  дін  адамына  қол  көтеріп,  кейбір  халықтарды
тұтасымен мемлекет аумағынан аластатуға шақырып жүрген əсіре ұлтшыл
топтарға  немесе  «мəдени  дəстүрлерді  қалпына  келтіреміз»  дегенді
желеулетіп,  қарулы  топтар  құрып,  Қазақстаннан  бөлініп  кетуге  ұмтылып
жүргендерге  тыйым  салу  демократияға  жат  бола  ма?  Меніңше,  оның
жауабын  Қазақстан  халқы,  əлгіндей  əулекіліктердің  жолын  кескен
Конституцияны  бірауыздан  мақұлдай  отырып,  біржола  жауап  берді  деп
ойлаймын.
Парламент дағдарысынан – жаңа Ата заңға
Парламентаризм  –  демократияның  құрамдас  бөлігі.  Алайда  ТМД
елдеріндегі  парламентаризм  оңай  жүзеге  асып  жатқан  жоқ.  Тоқсаныншы
жылдар  басында,  Достастықтың  көптеген  елдерінде  биліктің  екі  бұтағы  –
парламент  пен  президент  билігі  арасындағы  тайталас  қатты  шиеленісті.
Кей  жағдайда  ашық  теке  тірес,  кей  жағдайда  бір-бірінің  шешіміне  құлақ
аспау бой көрсетті. Бұл – жекелеген жайттар емес, біздің мемлекеттерімізге
ортақ
сипатқа
айналды.
Ендеше,
ондай
дағдарыстан
шығудың
конституциялық  шараларын  қарастырумен  қоса,  ол  қайшылықтардың
неден өрбіп жатқандығын да терең түсінуіміз қажет.
Ахуалды  ұзақ  пайымдау  маған  белгілі  бір  қорытындылар  жасауға
мүмкіндік берді. Əрине олар саяси дағдарыстың алдын алып, істің насырға
шауып  кетпеуіне  нақты  қадамдар  жасаған  нақты  саясатшының,  мемлекет
басшысының өз тəжірибесінен туындайды.
120

Меніңше,  ТМД  елдері  парламенттері  қызметінің  бастапқы  кезіндегі
көп  қиындықтар  парламентаризм  табиғатын  дұрыс  түсінбеуден  туындап
жатты.  Қазірдің  өзінде,  көптеген  парламентшілер  парламентте,  бұрынғы
Жоғарғы
Кеңестер
сияқты,
ең
алдымен
өз
сайлаушыларының,
аймақтарының,
жекелеген
кəсіпорындар
мен
салалардың
өзіндік
мүдделерін қорғау керек деп ұғады. 
Депутаттардың  көпшілігі  жаңа  жағдайдағы  парламент  қызметінің
атымен  жаңарғанын,  өтпелі  кезең  мен  мемлекеттілікті  қалыптастыру
жағдайында  оның  өте  өрелі  сипат  алғанын  аңғарып  үлгере  алмай  жатыр.
Ол əлеуметтік жəне ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, жалпыхалықтық,
мемлекеттік  мүддеге  айналдыру,  сөйтіп,  күллі  халықтың  еркін  білдіру.
Бірақ  көптеген  депутаттар  бұрынғыша  өздерін  императивті  мандат
иелеріміз  деп  санайды.  Ол  –  кешегі  жергілікті  билік  орындары  айтуымен,
депутаттарды  аймақтық  дамытуға  қосымша  қаражат  алуға  пайдаланып
қалуға  тырысатын  кеңестік  дəстүрдің  салқыны.  Депутаттарды  ондай
бұғаудан  құтқару  басқа  елдерде  əлдеқашан  жүзеге  асты.  Француз  ұлттық
жиналысының  1789  жылы  өз  депутаттарын  ешқандай  императивті
мандаттан тəуелсіз, бүкіл ұлттың еркін білдіруші деп жариялағанын айтсақ
та жеткілікті.
Қайта  құру  кезеңі  депутаттарға  «əкімшілдік-əміршілділік  жүйенің»
сынаушысы  ретіндегі  жаңа  бір  сипат  қосты.  Олар  қашан  өз  талаптары
орындалғанша,  атқарушы  биліктің  соңына  түсіп  алуға  үйренді.  Ондай
сындар көбіне-көп белгілі бір аймақтар мен белгілі бір салаларға белгілі бір
қағажу көрсетіп отырған атқарушы билік орындарына бағышталды.
Бұл арада жекелеген адамдар жайында емес, бөліс жолындағы талас
хақында  болып  отыр.  Бұндай  талас  атқарушы  билікте  де  аз  емес.  Алайда
бұқаралық  ақпарат  құралдары  Жоғарғы  Кеңестегі,  халық  депутаттары
съезіндегі  айтыстарды  бүкіл  елге  тəптіштей  жеткізе  отыра,  оларға  билік
бұтақтарының қақтығысы сипатын берді. Тіпті шынында да жағдайы ауыр
өз  аймағы  атынан  сөйлеп  тұрған  депутаттардың  өздері,  сол  арқылы  өз
аймағына  пайда  емес,  зиян  жасап  тұрғанын  аңғармады.  Популизм
салдарынан  алынған  асығыс  шешімдер  күллі  шаруашылық  жүргізу,
жоспарлау  жүйесін  күйрете  бастады.  Бір  өкініштісі,  бұл  дəстүр  жаңа
мемлекеттерде де сақталып қалып отыр. 
Ескеретін бір нəрсе, парламенттер дамыған нарық экономикасы мен
толыққанды  азаматтық  қоғамның  жоқтығы  жағдайында  іске  кірісті.  Бізде
əліге дейін экономикалық жəне саяси мүдделердің жіктелу құрылымы мен
соған лайық ұйымдасу жүйесі қалыптаспай отыр.
121

Бөлу,
үлестіру
қызметін
өзіне
алып,
реформа
барысы
жауапкершілігін  атқарушы  билікке  итере  салу  –  ортақ  үрдіске  айналды.
Сөйтіп,  парламент  жалақыны  көтеру,  орындалмайтын  əлеуметтік
бағдарламалар  туралы  популистік  шешімдер  қабылдады,  ал  олардың  жоқ-
жітікті  бюджет  жағдайында  орындалмауының  жауапкершілігін  атқарушы
билік  көтеруге  тиісті  болды.  Атқарушы  билік  орындары  баспасөздің,
депутаттардың,  қоғамның  қатал  сынына  ұшырады.  Ал  парламенттер
бұндай  жағдайда  бөліс  жолындағы  биліктің  қарқынымен,  реформа
табиғатымен  атымен  сыйыспайтын  қайшылықтарға  ұшырай  бастады.
Ақырында,  жаңару  баяулады,  күні  өткен  экономикалық  құрылымдар
өзгеріссіз қалды. Оқиғалардың даму барысы атқарушы билік пен парламент
арасында объективті қарама-қайшылықты өрбітті.
Партиялық-коммунистік  жүйені  ыдыратуда  кеңестердің  көп  еңбек
сіңіргенін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бірақ  олар  кейін  билікті  өз
қолдарына  тоғыстыруға  бағыт  ұстанды.  Олардың  құрылымдық  жүйесі  əр
саланың  өз  жауапкершілігін  дəл  айқындайтын  билік  бөлісуді  түбіне  дейін
жеткізуге  мүмкіндік  бермеді.  Мұндай  қайшылықтар  кеңестердің  қызмет
аясынан да туындап жатқан-ды.
ТМД  елдерінің  кейбір  парламенттерінде  бой  көрсеткен  тағы  бір
қатерлі  құбылысты  көптен  байқап  жүргенмін.  Парламент,  мемлекеттік
институт  ретінде,  мемлекеттік  мүддені  қатаң  корғауға  тиісті  еді.  Кейбір
ТМД  елдерінде,  кейбір  депутаттар  мемлекеттілікке,  оның  конституциялық
құрылымының
өзіне
қарсы
оппозицияға
шыға
бастады.
Тіпті
мемлекеттіліктің  өзін  жоққа  шығарып,  мемлекеттік  құрылысты  құлатуға
шақыруға,  сөйтіп  билік  бұтақтарының  қауіпті  теке  тіресін  өршітуге
талаптанғандар аз болмады.
Мен  бұл  арада  саяси  элитаның  маңызды  мəселесіне  айрықша
тоқталғым  келеді.  Оның  ойдағыдай  қалыптасуы  –  таптық-партиялық
өзімшілдіктен арылу, мемлекеттік жəне ұлттық мүдделердің жымдасуы, тек
жекелеген  артықшылықтарды  иемденген  топтардың  ғана  емес,  күллі
халықтардың  қауіпсіз  жəне  азат  дамуы  мүддесі  ғана  мемлекеттік  мүдде
болып табылатындығын жете ұғыну арқасында ғана жүзеге асады.
Элита  тек  жалпыұлттық  мүддені  білдіру,  оны  дəл  кескіндеу,  сол
арқылы  халықтың  өзін-өзі  танып,  бағалану  дəрежесін  көтеру  қабілетімен
ғана  емес,  соны  ойдағыдай  жүзеге  асырудың  жолын  табу  қабілетімен  де
дараланып тұруға  тиісті. Ол үшін  бүгін таңдағы ең күрделі  мəселе –  күллі
қоғамды  алдында  тұрған  тарихи  мəселені  шешуге  күн  сайынғы  нақты
əрекетпен ат салысуға жұмылдыра білу.
122

Нағыз саяси көсем мен уақытша саясатшысымақтардың арасындағы
жалғыз  айырма  –  ағымдағы  тарихи  кезеңде  ұлттық-мемлекеттік  мүддені
дəл аңғарып, оған жетісудің ең ықтимал шешімін дəл табу. Ондай мүддені
бірден  аңғарып,  оның  жолын  біржолата  табу  еш  мүмкін  емес.  Ол
мемлекеттік  дамуымыздың  белгілі  бір  кезеңіне  сəйкесіп,  мемлекеттік
қауқарымыздын ішкі-сыртқы мүмкіндіктерінің қолайлы орайласуы арқылы
ғана  жеткілікті  дəрежеде  жүзеге  асып  отырады.  Сондықтан  да  көзделген
мүддені қолда тұрған мүмкіндікпен шатыстырып алмауымыз қажет. Саяси
мұрат  пен  саяси  шындықты  шатыстырып  алу  əлі  қалыптасып,  бұғанасы
бекіп  үлгермеген  мемлекеттілігіміздің  шаңырағын  шайқалтатындай
шатқалаңдарға ұрындыруы мүмкін.
Өкініштісі,  Қазақстанда  мұндай  өрелі  элита  қалыптастыру  үшін  əлі
көп уақыт керек сияқты. Көңілге дəт ететінім – мемлекеттік билікке, үлкен
саясатқа  жаңа  буынның  араласа  бастағаны.  Біз  қазақстандықтардың
əлемнің айтулы университеттерінде білім алуларына, Шығыс пен Батыстан
бай  тəжірибе  жинақтауларына  жағдай  жасап  жатырмыз.  Жуық  арада
Қазақстанның  саяси  аспанында  атымен  жаңа  есімдер  жарқылдайтынына
кəміл сенемін...
Жаңа  Конституция  жасауға  кіріскен  кезде,  Жоғарғы  Кеңес
Конституциялық кеңес құрамына Төралқаның барлық мүшелерін, комитет
төрағаларының  бəрін  кіргізді.  Олардың  көпшілігі  балама  ұсыныстарды
талқылауға, диалогке түсуге əзір емес «бірбеткей» адамдар еді. Депутаттар
да  белгілі  бір  қызметке  ие,  көбіне  жергілікті  жердегі  билік  басындағы
адамдар  еді.  Жоғарғы  Кеңес  көбіне-көп  жергілікті  жерде  орын  алып
отырған  мəселелерді  көтерді.  Олар,  əрине,  аз  емес  еді.  Алайда  депутаттар
мемлекеттік,  жалпыұлттық  мүдделер  деңгейіне  көтеріліп,  аймақтық
мəселелер  ауқымынан  шығатын  кезең  келгенін  түсіне  бермеді.  Сессиялар
əркім  өз  аймағы  үшін  бірдеңе  жырып  қалуға  тырысатын  əрі  тарт  та  бері
тарт ахуалға түсті. Күллі халыққа, күллі мемлекетке қызмет ету туралы сөз
қозғауға болмайтын еді.
Мен  олармен  көп  таласып,  Конституцияның  күллі  қоғамға  қызмет
етуі  керектігін  түсіндіріп  бағуға  тырыстым.  Сол  кездің  өзінде-ақ  қос
палаталы  парламент,  меншік  алуандығы  идеяларын  қорғап,  Негізгі
Заңымызға
құқықтық,
демократиялық
мемлекеттердің
бəріне
тəн
парламентті  тарату  жəне  Президентке  импичмент  жариялау  қағидаларын
кіргізуге  күш  салдым.  Депутаттарға,  əрине,  парламентті  тарату  ұнамайды.
Ол түсінікті де. Жеткілікті жеңілдіктері бар. Өз «бизнестерінің» қамы үшін
министрлерді  қысымға  алу  қиынға  түспейді.  Өздерін  кім  сайлағанын
123

ұмытпайтындар  тек  бірлі-жарым  ғана.  Дүние  жүзі  парламенттері
тарихында  тек  біздің  Жоғарғы  Кеңес  қана  депутаттарға  депутаттық
қызметте  жүргенде  ғана  емес,  одан  кеткен  соң  да,  екі  жылға  дейін  ешкім
тиісе  алмайтын  кепілдік  берді.  Қысқасы,  «бизнес»  саласында  өзін-өзі
көрсетуге бұдан асқан қолайлы жағдай жасау тіпті де мүмкін емес. 
Мен  экономикалық  реформаға  керекті  заңдарды  қабылдайтын
мəжілістердің  көбіне  қатыстым.  Оларды  көп  адамдар  түсінген  де  жоқ,
қабылдағылары  да  келмеді.  Маған  Қазақстан  Конституциясының
ұлтымызбен  республика  халықтары  мүдделерін  қозғайтын  əрбір  бабы
бойынша  сөйлеп,  қандай  да  болмасын  бір  бағытқа  бір  жақты  бұрылып
кетпеуге күш салуға тура келді.
Алғашқы Конституция сондай қызу талас үстінде қабылданды. Мені
əсіресе  жер,  тіл,  біздің  мемлекетіміздің  сипаты  мəселелерінің  қалай
шешілетіндігі қатты толғандырды.
Дегенмен
де
кеңестен
кейінгі
кезеңдегі
парламенттік
екі
шақырылым  бəріміз  үшін  де  қоғамды  демократияландырудың  үлкен
мектебі  болды.  Бəлкім,  кемшіліктерден  құр  алақан  емес  шығар.  Алайда
Қазақстан  мемлекеттілігінің  негізін  салған  шешімдер  қабылданды.  Бұл  –
саяси мəміле мектебі еді.
Мен Жоғарғы Кеңеспен үзілді-кесілді тартысқа түсуден тартындым.
Қазақстанда  да,  одан  тысқары  жерлерде  де  жағдай  өте  күрделі  еді.  Ондай
тұста  қоғам  мемлекетіміздің  ішкі  саяси  орнықтылығын  сақтап  қалу,  еліміз
үшін өзекті болып табылатын мəселелерді мейлінше дұрыс жəне біржолата
шешіп  алудан  гөрі  өткірірек  тұрды.  Мен  қоғамның  озғын  бөлігінің
көзқарасын  жүзеге  асыра  алмадым.  Менің  ұсыныстарыма  Жоғарғы  Кеңес
басшылығы  мен  Төралқасының  басым  көпшілігі  үзілді-кесілді  қарсы
шықты.  Қызу  айтыстар  шықты.  Ол  саяси  кезеңнің  сипатынан  туындап
жатқан  жағдай  еді.  Еліміз  тəуелсіздік  пен  егемендік  жолына  енді  қадам
басқан-ды.  Одан  əрі  қарай  алға  басуымыздың  күрделене  түсетінін  жақсы
түсіндім.
Еліміздің  алғашқы  Конституциясы  1993  жылы  қаңтар  айында
күшіне  енген  бойда-ақ,  кемшіліктерін,  əлеуметтік-экономикалық  жəне
саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті.
Желпіністің  желі  тез  ыдырады.  1993  жылғы  үлгіден  Конституция
егемен  Казақстанды  құрудың  күнбе-күнгі  қарапайым  да  ауыр  қызметіне
құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты.
1993 жылдың  желтоқсанында  өте  сын  жағдайға  душар  болдық.
Жаңа  теңгемізге  көшуді  ойдағыдай  жүзеге  асырғанымызбен,  жағдай  жаңа
124

əрі батыл шешімдерді талап етті. Экономикалық сферадағы кезекті заңдық
құжатты қабылдауды бір күнге кешеуілдету кейін бір жыл бойына орнына
қайтып  келмейтін  өрескелдікке  ұрындыруы  мүмкін  еді.  Алайда  үкімет
асыққанмен,  парламент  асықпады.  Экономиканың  берекесіздеу  қаупі
күшейді.  Жоғарғы  Кеңестің  қысыр  таласы  таусылмады.  Сессиялардың
арасындағы  үзілістер  де  тым  ұзаққа  созылды.  Мұндай  жұмысымен
парламент  экономикалық  реформаның  құқықтық  негізін  жасауды  əдейі
кешеуілдетіп отырған жоқ па деген де əсер туа бастады. Атқарушы өкімет
реформа  жүргізе  алмады.  1994  жылғы  теңгенің  өтім  деңгейінің  төмендеп
кетуінің  бір  себебі  де  осыдан  өрбіді.  Үкімет  өнеркəсіп  пен  жергілікті
орындардың  қысымына  төтеп  бере  алмай,  кəсіпорындардың  өзара  есеп
айырысуының  ойластырылмаған  қолапайсыз  түріне  жол  беріп  алды.  Ал
барлығы  да,  Жоғарғы  Кеңестің  еліміздің  финанстық-экономикалық
саясатының  толығымен  дербестігі  жағдайында  заң  қабылдауға  оралымсыз
болып шыққандығынан өрбіді.
Мұндай  уақытта  статус-квоны  сақтап  тұрудың  мүмкіндігі  азайды.
Президент  пен  үкіметке  реформа  жүргізуге  кедергі  келтіріп  отырған
Кеңестердің  шешуші  билігі  жайлы  мəселені  түбегейлі  шешпей  болмайтын
болды. Мен бұл мəселені референдумға шығаруға əзір едім.
Бірақ  оқиға  басқаша  өрістеді.  1993  жылғы  16  қазанда  Алматы
қаласының  Алатау  аудандық  кеңесі  мемлекетімізді  қоғамдық-саяси
өмірінде  бұрын-соңды  ұшыраспаған  өзін-өзі  тарату  жөніндегі  бастама
көтерді.  Республика  мен  жергілікті  кеңес  халық  депутаттарына  үндеу
қабылдады.  Онда:  «Кеңестер  көбіне-көп  бұрынғы  үрдіс  пен  ескі
идеологияның  баламасы  болып  қалып  отыр.  Өкілетті  жүйенің  қызметін
реттейтін  заңдардың  əрі  əбден  ескіргендігі,  əрі  тар  ауқымы,  депутаттық
корпустың өз жұмысына деген ынтасының азаюы Кеңестерді шын өмірден
аулақ  қалуын  күшейтті.  Олардың  сайлаушылардын  еркін  жүзеге  асыруға
қабілетсіз  екендігі  күннен-күнге  айқындала  түсуде.  Бұл  депутаттық
корпустың  кінəсінен  емес.  Себеп  басқада  –  Кеңестердің  толық  билігі
үрдісінің  бүгінгі  күннің  шындығына  толығымен  сəйкес  келе  алмайтын
қауқарсыздығында», - делінді.
17  қазанда  астананың  Ленин  жəне  Октябрь  аудандық  Кеңестері
депутаттары  өз  өкілеттіктерін  мерзімінен  бұрын  тоқтатты.  Оларды  Əуезов
жəне  Фрунзе  аудандары  да  қолдады.  Сөйтіп  бұл  бастама  бүкіл
республикада етек жайды.
Жоғарғы  Кеңес  депутаттарының  бір  тобы,  оларды  депутаттық
өкілеттігінен  босатуды  сұрап,  маған  арыз  берді.  Конституцияда  маған
125

ондай  құқ  берілмеген-ді.  Сондықтан  мен  оларға  бұл  мəселені  Жоғарғы
Кеңестің кезекті сессиясына қоюды ұсындым.
Парасат жеңіске жетті. Жоғарғы Кеңес өкілеттігін мерзімінен бұрын
тоқтатуға қатардағы депутаттар бастамашы болды. 360 депутаттың 200-і өз
өкілеттігінен  бас  тартпайтындықтары  жайында  арыз  берді.  Кеңестік
жүйенің күйреуі Жоғарғы Кеңесті өзін-өзі таратуға мəжбүр етті.
Парламенттің  ол  құрамы  жекелеген  кемшіліктеріне  қарамастан,
тəуелсіз Қазақстан тарихында үлкен қызмет атқарды. Ең бастысы – егемен
мемлекеттің  ең  бірінші  Конституциясы  қабылданды.  Ол  тəуелсіздігіміздің
бастапқы кезеңіндегі, сөзсіз, саяси-құқықтық жетістігіміз еді.
Мен 1994 жылғы наурызда сайланған парламенттің жаңа құрамына
үлкен  үміт  арттым.  Ұзаққа  созылған  «итырғылжыңдардан»  кейін,  бұл
парламенттің  жемісті  жолға  түскенін  ашып  айтуымыз  керек.  Оның  кəсіби
деңгейі  де  жоғары  еді.  Толғағы  жеткен  өзекті  заңдарды  талқылауға  да
кірісіп  еді.  Жұмыстарында  күрделі  жағдайлар  болғаны,  үкіметпен
арақатынасы  да  жайма  шуақ  қалыптаспағаны  рас.  Бірақ  бұл
экономикалық  жағдайдың  өте  күрделі  кезеңіне  əбден  сыйымды  құбылыс
еді.
Сөйте  тұрса  да,  1994  жылдың  желтоқсанында  парламент  балама
дауыс  беру  барысында  тілге,  мемлекетіміздің  сипатына,  жерді  жеке
меншікке  беруге  байланысты  мəселелерді  қараудан  бас  тартқандығына
қарамастан,  мен  депутаттық  корпуспен  қызметімді  жалғастыра  бердім.
Биліктің  мейлінше  сара  əрі  табанды  құрылымын  қалыптастыру,
экономикалық  түбегейлі  сипатқа,  қоғамдық-саяси  үлкен  маңызға  ие
мəселелерді конституциялық деңгейде шешу қажеттігі күннен-күнге көріне
түсті.
Сондықтан  да  1994  жылдың  желтоқсанының  аяғында  мен  Əділет
министрін  шақырдым.  Екі  сағаттан  астам  сөйлестік.  Жоғарғы  Кеңестің
қарауына  ұсынбақшы  болып  жүрген  конституциялық  реформаның  негізгі
бағыттарын сипаттап бердім. Бұл тек əзірлік кеңесінің əңгімесі еді. Жұмыс
барысында  жаңа  өзгерістер,  қосымшалар,  ұсыныстар  бірінен  соң  бірі
көбейе түсті. Жуырда санап шығып ем – сөйтсек, біз Конституция тексінің
18 нұсқасын əзірлеппіз.
Мен  жекелеген  қарсылықтар  болғанымен,  жаңа  Конституцияның
Жоғарғы Кеңесте қабылданатынына əбден сенімді едім. Оған парламенттің
жаңа 1994 жылдың экономикалық мəселелерін талқылаудағы оң қадамдары
мен  кейбір  ықпалды  депутаттық  фракциялармен  байланыстарым  көзімді
жеткізе  түсіп  еді.  Тағы  бір  айтпай  кетуге  болмайтын  шындық  –  бұл
126

шақырылымның  кəсіби  деңгейінің  жоғарылығы  сондай,  көптеген
парламентшілер,  аса  жоғарғы  сыныптағы  мамандар  ретінде,  атқару
билігінің  ең  жоғарғы  қабаттарында  жұмыс  істеп  жүр.  Ол  кезең  əлі  көз
алдымда.  Мəміле  табатындығымызға  сенімім  кəміл  еді.  Конституциялық
реформаның да тиімді үлгісін табатын едік.
Бірақ ойда жоқ оқиғаға душар болдық...
Тарихта  талай  рет  болған.  Кішкентай  ғана  нəрсе  оқиғалардың
қопарылмалы сипатта өрістеуіне бастама болып, қоғамды атымен ойда жоқ
салдарларға  ұрындырады  екен.  Қазақстан  үшін  сондай  оқиға  -  Қазақстан
Республикасы  Конституциялық  сотының  1995  жылғы  6  наурыздағы
қаулысы болды.
Татьяна  Григорьевна  Квятковская  Орталық  сайлау  комиссиясына
Абылай  хан  сайлау  округында  Сайлау  туралы  Кодекстің  бұзылғандығы
туралы  айып  тақты.  Дау  ұзаққа  созылды.  Ақыры  Конституциялық  сот
шешім  қабылдады.  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  сотының
қаулысы:  «Орталық  сайлау  комиссиясының  дауыс  санауға  байланысты
енгізген  əдісі  «бір  сайлаушы  –  бір  дауыс»  дейтін  конституциялық
қағиданың жаппай бұзылуына жол беріп қана қоймай, сайлау нəтижесінің
бұрмалануына  ұрындырды  жəне  сайлау  жөніндегі  Кодексте  көрсетілген
сайлау жүйесін өзгертіп жіберді. Сөйтіп Орталық сайлау комиссиясы өзінің
өкілеттілігін  жоғарылатып,  Конституцияның  60-  бабын  бұзды»,  -  деген
тұжырымға келді.
Сонымен,  өткен  сайлау  қорытындылары  мен  Жоғарғы  Кеңес
депутаттары өкілеттігінің заңдылығы күмəнды боп шықты.
Жағдайдың  күрделі  екендігін  жəне  оның  дағдарысқа  ұласып
кетпеуін  көздеп,  мен  8  наурызда  мəлімдеме  жасадым.  Онда:  «Соттың
қабылдаған  шешімі  бəріміз  үшін  де  күтпеген  оқиға  еді.  Мұндай
мемлекетіміз тарихында бұрын-соңды болған емес. Мен мемлекеттік билік
орнықтылығын жақтап келдім жəне жақтай беремін.
Өйткені  біз  жүргізіп  жатқан  реформалар  тағдыры  осыған
байланысты,  бұл  ретте  еліміздің  бұдан  бір  жыл  бұрын  сайланған
парламентінің де атқарар қызметі аз емес. Мен Жоғарғы Кеңеске үлкен үміт
артамын. Əрине, таластар, шамадан тыс шамшылдық ұшырап қалатыны да
рас. Дегенмен біз алғашқы кезден бастап жемісті тіл табысуға қол жеткіздік.
Жуырда заң шығарушы жəне атқару бұтақтары арасындағы келісімді
ықпалдастықты  қамтамасыз  ету  туралы  келісімге  қол  қойысқанымыз  –
соның айғағы. 
Енді, міне, Конституциялық соттың шешімі төбеден түскендей оқиға
127

болып  отыр.  Тек  парасаттылық,  ұстамдылық,  заңға  мүлтіксіз  бағыну  ғана
бізге бірден-бір дұрыс шешім тауып, парламент дағдарысына жол бермеуге
мүмкіндік туғызады.
Сөйте тұрса да, Конституциялық соттың шешіміне, кімнің мүддесін
қозғаса  да  құрметпен  қарауымыз  керек.  Тек  сондай  жағдайда  ғана
Қазақстанның  шынында  да  құқықтық  мемлекетке,  заңның  салтанат
құруына  қарай  бағыттап  келе  жатқандығы  жайында  айта  аламыз»,  -
делінген.
8 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 131-бабына
орай  Конституциялық  сот  қаулысына  қарсылық  енгіздім.  Келесі  күні,  9
наурызда дəл осындай қарсылықты Жоғарғы Кеңес Төрағасы Ə. Кекілбаев
енгізді.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  131-  бабының:  «Егер
Конституциялық  сот  соттардың  жалпы  санының  үштен  екісінің  даусымен
бұрынғы  қаулысын  жақтап  шықса,  ол  қабылданған  күннен  бастап  күшіне
енеді»,  -  деген  кесігіне  сəйкес,  Конституциялық  сот  1995  жылғы  10
наурызда
енгізілген
қарсылықтарды
тойтарып
шықты.
Оның
анықтамасында:  «Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  131-бабын,
Қазақстан  Республикасындағы  Конституциялық  сот  жүргізу  жөніндегі
Заңның 14, 25, 26-баптарын басшылыққа ала отырып, Конституциялық сот
Президент  пен  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесі  Төрағасының
қарсылықтарын қабыл алмау жəне Конституциялық соттың 1995 жылғы 6
наурыздағы  қаулысын  күшінде  қалдыру  керек  деп  анықтайды.  Анықтама
шағым беруге жатпайды», - делінген.
Жоғарғы  Кеңес  11  наурызда  «Конституцияға  өзгерістер  жəне
қосымшалар  енгізу  туралы»  конституциялық  заң,  «Конституциялық  сот
қызметін  тоқтата  тұру  туралы»  қаулы  қабылдады.  Бірақ  бұл  құжаттар  заң
тұрғысынан  да,  қарапайым  ақыл  тұрғысынан  да  Конституциялық  сот
шешімінің күшін жоя алмайтын еді.
Осыған  байланысты,  мен  1995  жылғы  11  наурызда,  Қазақстан
Республикасы Конституциясын сақтаудың кепілі ретінде, Конституциялық
сотқа 6 наурыздағы қаулысының құқықтық салдарлары турасында сұраныс
жасадым.
Сұраныста:  «Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  сотының
азаматша Т.Г. Квятковскаяның талабы бойынша қабылданған 1995 жылғы
6  наурыздағы  қаулысының  күшіне  енуіне  байланысты,  мына  мəселелерге
түсініктеме  беруді  сұраймын:  Конституциялық  соттың  бұл  қаулысы  1994
жылы  7  наурызда  өткен  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесі
128

сайлауын  Конституцияға  сəйкес  емес  деп  тани  ма,  сондай-ақ  сонда
сайланған  Жоғарғы  Кеңес  депутаттарының  өкілеттілігін  Конституцияға
сəйкес  емес  деп  тани  ма;  егер  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесі
депутаттарының
өкілеттілігі
Конституцияға
сəйкес
келмесе,
заң
сипатындағы  шешімдерді  кім  алуға  құқылы;  Конституциялық  сот  шешімі
1993  жылы  10  желтоқсанда  қабылданған  «Қазақстан  Республикасы
Президенті  мен  жергілікті  əкімшілік  басшыларына  уақытша  қосымша
өкілеттіліктер  беру»  туралы  Қазақстан  Республикасы  Заңы  одан  əрі  күшін
жалғастырады деп тани ма», - делінген еді.
Конституциялық  сот  11  наурыздағы  қосымша  анықтамасында  мен
қойған  сауалдарға  түсініктеме  берді.  Одан  шығатын  негізгі  қорытынды:
еліміздің  парламенті  Конституцияға  сəйкес  емес  деп  танылды.  Сондай-ақ
президентке  заң  сипатындағы  шешімдер  қабылдауға  құқық  беретін  1993
жылғы  10  желтоқсандағы  «Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен
жергілікті  əкімшілік  басшыларына  уақытша  қосымша  өкілеттіктер  беру
туралы» Заң қайтадан күшіне енді.
Конституциялық  соттың  шешімдеріне  орай  11  наурызда  мен
«Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  сотының  1995  жылғы  6
наурыздағы  қаулысынан  туындайтын  шаралар  туралы»  Жарлыққа  қол
қойдым.  Ол  жарлық  бойынша,  депутаттардың  қызметке  орналасуына
көмек  көрсету,  Жоғарғы  Кеңес  мүліктерін  сақтауды  қамтамасыз  ету,
Қазақстан
Республикасы
Жоғарғы
Кеңесі
қызметінің
тоқталуына
байланысты  басқа  да  мəселелерді  шешу  үшін  вице-президент  Е.М.
Асанбаев басқаратын мемлекеттік комиссия құрылды.
Парламент өкілеттілігі конституцияға сəйкес болмаса, сондай заңсыз
Жоғарғы  Кеңестің  қатысуымен  құрылған  үкіметтің  өкілеттігі  де
конституцияға  сəйкес  емес  деп  танылатын  еді.  Сондықтан  да  үкімет  11
наурызда өз өкілеттігінен бас тартты. Оны мен қабыл алдым. Конституция
мен  «Қазақстан  Республикасы  Президенті  мен  жергілікті  əкімшілік
басшыларына  уақытша  қосымша  өкілеттіктер  беру  туралы»  Заңға  сəйкес,
Ə.Қажыгелдинді  премьер-министр  етіп  тағайындап,  оған  шұғыл  мерзімде
жаңа үкімет құрамы жөнінде ұсыныс беруді тапсырдым.
Дəл сол күні Орталық сайлау комиссиясының да өз өкілеттігінен бас
тартуын қабыл алдым.
Қазақстандағы  бұл  оқиғалар  да  біздің  даулар  мен  шиеленістерді
шешуде  заңға  қалтқысыз  бағынып,  орнықтылық  ахуалды  сақтап  қалуға
ұмтылатындығымызды  тағы  да  дəлелдеп  шықты.  Оны  халықаралық
қауымдастық өкілдері де талай рет атап көрсетті. АҚШ-тың Қазақстандағы
129

елшісі  У.Кортни  өз  интервъюінде:  «Бұл  демократияның  салтанат  құруы
болып табылады. Өкіметтің барлық бұтақтары өз қызметін атқарғандықтан,
ешқандай  дағдарыс  болған  жоқ.  Конституциялық  сот  сайлаудың  заңсыз
өткендігі туралы қорытындыға келу үшін жеткілікті мөлшерде абайшылдық
пен пайымдылық танытты...
Біз  сіздің  Конституциялық  сотыңыздың  шешімін  құрметтейміз.
Қазақстанда  демократияның  едəуір  орныққандығына  бүгін  бүкіл  дүние
жүзі  түсініп  отыр.  Сіздер  бұның  бəрінен  өте  шұғыл  жəне  байсалды
өттіңіздер,  сондықтан  да  дағдарысқа  ұшырамадыңыздар...  Бұл  тек  ТМД
мемлекеттері  ғана  емес,  тіпті  АҚШ-  ты  қосқанда,  басқа  да  өзін
демократиялық  елдерміз  деп  санайтын  мемлекеттер  үшін  де  жақсы  үлгі
болып  табылады.  Қазақстан  шəкірт  емес,  демократия  ұстазы  ретінде
көріне  алды.  Барлық  қазақстандықтар  бұл  үшін  мақтануы  керек.  АҚШ-та
Қазақстанды  мақтаныш  тұтуы  керек...  Соңғы  оқиғалар...  Конституцияға
кұрмет  көрсете  алған  Сіздің  басшылығыңыздың  да  саяси  беделін  көтеріп
тастады», - дегенді.
Наурыз  оқиғалары  жаңа  Конституция  қабылдау  керектігін  тағы  да
дəлелдей  түсті.  Біз  қалыптасқан  жағдайдан  шығудың  құқықтық  негіздерін
таба  алдық.  Бірақ  əр  кез  осылай  бола  бермесі  хақ.  Қойылған  міндеттерге
анық  жауап  табылмай  тұрған  кездің  бəрінде,  мұндай  оқиғаларға
ұрынбаудың мейлінше анық та дəл кепілдіктері керек еді.
Жоғарғы  Кеңес  таратылған  соң,  Конституция  жобасы  үстіндегі
жұмыспен  мен  нақты  жəне  шұғыл  айналыса  бастадым.  Ондай  жауапты
қызметті
ойдағыдай
атқаруға
маған
көмектескен
адамдарға
ризашылығымды  айта  кеткен  жөн.  Олар:  Нағашыбай  Шəйкенов  –  заң
ғылымдарының
докторы,
профессор;
Бауыржан
Мұхамеджанов,
Константин  Колпаков  –  заң  ғылымы  кандидаттары.  Заңның  əр  түрлі
салаларының  мамандары.  Əрқайсысы  өз  тарауларын  зор  жігермен  жазып
шықты.
Жобаны  талқылау  үшін  11  сарапшы  тағайындадым.  Кейде  біз
Конституция баптары үстінде 12-14 сағаттан бас көтермей жұмыс жасадық.
Іске  зор  жауапкершілікпен  қарау,  ешбір  беделге  бас  ұрмау  –  басты
талабымыз  болды.  Жобаға  əбден  сын  көзімен  карауды,  қайта-қайта
талқылауды талап еттім.
Мен  жұмыс  барысында  қоғамның  бір  орында  тұрмайтынын,  жаңа
сан  қилы  сапалық  денгейлерге  көтерілетінін,  кез  келген  мемлекеттік
шешімдер  мен  құжаттардың  ерте  ме,  кеш  пе,  бəрібір  уақыт  талабынан
қалып қоятындығын ойладым. Ондай кептен қоғам мен мемлекет өмірінде
130

болып  жатқан  шын  өзгерістерді  бейнелеуге  тиісті  Конституцияның  да
қашып  құтыла  алмайтындығы  даусыз.  Сондықтан  да  кез  келген  елдегі
конституциялық
процесс
Конституцияның
қабылдануымен
тоқтап
қалмайды.  Əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси  процестердің  құқықтық
кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып
отыруға да тиісті.
Маған  əлем  елдері  конституциялық  құрылымы,  билік  салаларының
өзара  байланысы,  саяси  партиялар,  кəсіподақтары  қызметі,  адам  құқығы,
меншік  т.б.  мəселелері  бойынша  қыруар  əдебиеттерді  қайтадан  ақтарып
шығуға  тура  келді.  Оның  бəрі  жаңа  жобада  ескерілді.  Əрине,  өз
ерекшеліктеріміз  ұмыт  қалған  жоқ.  Мəселен,  1995  жылы  жазда  «демалып
жатқанда»,  Конституцияның  жаңа  жобасына  байланысты  референдумға
бірнеше  апта  қалғанда,  мен  12  мемлекеттің  Конституциясын  зерттеп
шықтым.
Сөйтіп  Конституция  жобасын  талқылауға  ұсыну  туралы  Жарлыққа
да  қол  қойылды.  Ең  соңғы  кезең  —  жобаны  айтылған  ескертпелер  мен
ұсыныстар  бойынша  жөндеу  кезеңіне  де  жеттік.  Күн  сайын  бізге  жобаға
байланысты  ұсыныстардың  тізбесі  ұсынылып  отырады.  Күніне  əлгіндей
мұқият қаралған ұсыныстардың бірнеше папкасы келіп түседі. Ал баспасөз
бетінде жарияланып жатқан ұсыныстар өз алдына!..
Республикада  33  мың  ұжымдық  талқылау  өткізілді.  Оған  үш
миллионнан астам азамат қатысты. Олар 30 мыңнан астам ұсыныстар мен
ескертпелер енгізді. Жобаның жартысынан астамына, дəлірек айтқанда, 55
бапқа 1100 түзету мен қосымша енгізілді.
Əлемдік  тəжірибе  Конституцияны  құқық  мамандарының  азғана
тобы  жазып  шыға  алатынын  көрсетті.  Ал  біздің  топты  уақыт  шұғылдығы
қинады.  Мен  өз  басым  талай  сыннан  өткенмін.  Талай  ауырлыққа  төтеп
бере  алам.  Ал  менің  сарапшыларымның  көздеріне  қарасам  –  қазір  құлап
жығылатындай қалжырап отырады. Мен оларға бұндай күйде конституция
жазылмайтынын айтып, барып демалуға бұйырамын. Ал өзім жұмысымды
жалғастыра беремін.
Соңғы үш күн қалып, ақырғы жобаға қол қоюға ұйғарып отырғанда,
тағы  да  талас  шықты.  Француз  мамандары  президенттің  парламентті
қалаған  уақытта  таратып  жіберуге  қақысы  бар  екендігі  жайында  бал
енгізуді  ұсынды.  Бірақ  біз  француздар  емеспіз  ғой.  Жағдайымыз  да
басқаша. Мейлінше жұмсартылған өз кескіндемемді ұсындым. Оған келісе
қоймады.  Қаталдау  кескіндеме  де  өтеді  десті.  Бірақ  келешекті  де  ойлау
керек.  Мен  үшін  ең  бастысы  -  билік  салалары  арасында  олардың  бірлесе
131

қызмет  етуін  қамтамасыз  ететін  өзара  іркулер  мен  қарсы  салмақ  салу
жүйесін жасақтау еді.
Мемлекет  басшысының  өкілеттігін  ұзарту  жайында  референдум
жаңа Конституцияны қабылдауға мүмкіндік берді. Конституциялық соттың
белгілі шешіміне байланысты туған дағдарыс жағдайында реформаны одан
əрі кешеуілдетуге болмайтындығы өзінен-өзі айқындалды.
Алайда  конституциялық  реформаны  тек  халық  қолдауына  сүйене
отырып  бастауға  болатын  еді.  Конституция  тексі  үстіндегі  жұмысты
шұғылдату  осыдан  кеп  шықты.  Маған  жан-жақтан  сын  көбейді.  Қолдау
көрсеткен  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы  болды.  Ол  жаңа  парламент
сайлауын  күтпей,  халыққа  тікелей  шығуға  ұсыныс  берді.  Меніңше,  бұл
дұрыс шешім еді.
Шынымды  айтсам.  біраз  күмəндандым.  Бір  жағынан,  мəселе  дұрыс
та  əділетті  қойылып  отыр.  Парламент  пен  үкімет  қызметтен  кеткен  саяси
дағдарыс  жағдайында,  қоғамды  мейлінше  саясаттанудан  құтқарып,
орнықтылық  ахуалды  сақтап  қалу  үшін  президент  билігін  күшейту  керек.
Екінші  жағынан,  президент  те  басқалар  сияқты  жұмыр  басты  адам.  Мені,
мəселенің осы жеке бастың жағдайы көбірек қинады. Талайлардың сынды
қарша  боратып,  қаралап  бағатынын  да  білдім.  Мені  сайлаудан  қорқып,
осылай  істеп  отыр  дейтіндер  де  табылды.  Бірақ  социологиялық
зерттеулердің  объективті  нəтижелеріне  жүгінсек,  мен  тек  билігімді  сақтап
қалғым  келсе,  сайлауға  баруым  керек  еді.  Ондай  жағдайда,  Назарбаев  пен
президенттіктен  дəмететін  басқа  кандидаттардың  арасындағы  айырманы
жеңіп  шығу  еш  мүмкін  емес  еді.  Оның  үстіне,  сайлау  дегеніміз  –  екі-үш
балама  кандидаттың  арасындағы  талас.  Ал  референдумда  мəселе  тікесінен
қойылмақ:  Нұрсұлтан  Назарбаев...  Иə  ма,  жоқ  па?  Жұрт  көңіліндегі
таңдаудың  бір  басында  –  мен,  екінші  басында  –  өтпелі  кезеңнің
қиындықтары,  тұрмыс  деңгейінің  төмендеуі,  осы  жылдар  ішінде
қордаланып  қалған  өкпе-бопса,  белгілі  бір  мақсат  көздеген  сындар  мен
ашықтан-ашық бақайдан қақпа есеп-қисап...
Біз  Қазақстандық  мемлекеттіліктің  қалыптасуының  қиын  кезеңін
бастан  кештік,  бірақ  «бұдан  бұлай  қалай  өмір  сүреміз?»  деген  қиын
таңдауға  тағы  да  тап  болдық.  Бұл  экономикаға  да,  саясатқа  да,  қоғам
өмірінің  басқа  салаларына  да  соқпай  өте  алмайды.  Мен  саясатшылардың,
қоғам  өкілдерінің,  ғалымдардың,  тəжірибе  адамдарының  көптеген
ұсыныстарын  зерттеп  шықтым.  Бірақ  қолдауды  халықтан  ғана  күтіп,
халықтын өзіне шықтым.
Қазақстан  үшін  қалыптасып  отырған  тарихи  ахуал  тұсында,
132

референдумға
халық
үшін,
мемлекет
үшін,
күллі
қоғам
үшін
орнықтылықты  сақтап  қалу  мəселесі  қойылды.  Шын  мəнінде,  референдум
күллі  еліміз  үшін  ең  түбегейлі:  біздің  бұл  жылдары  жүргізген  саясатымыз
дұрыс болды ма, теріс болды ма? Халық Президентке бұл саясатты одан əрі
жалғастыруға сенім көрсете ме, жоқ па? - деген сауалға жауап беруге тура
келді. Халық өз шешімін айтты.
Қазақстандықтар
мені
қолдады.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
өкілеттігін
ұзарту
туралы
референдумы
Орталық
комиссиясы  дауыс  беру  қорытындысын  шығарды.  1995  жылғы  29  сəуірде
референдумға қатысушылар тізіміне іліккен 9.110.156 азаматтың 8.309.637-
сі  немесе  91,21  проценті  дауыс  берді.  Дауыс  беруге  қатысқан  адамдар
7.932.834  адам  немесе  95,46  проценті  президент  өкілеттігін  ұзартуды
жақтады.
Жаңа
Конституцияны
қабылдау
жөніндегі
референдумға
азаматтардың  90,51  проценті  қатынасып,  олардың  89  проценті  жақтап
дауыс  берді.  Дауыс  беру  нəтижелері  біз  таңдап  алған  жолды  біздің
мемлекетіміздің  азаматтарының  қаншалықты  қызу  қолдайтындықтарын
айғақтайды.
Мен  бұған  өте  разы  болдым.  Əр  саясатшының  өз  жұлдызды  сағаты
болады.  Ол  -  бүкілхалықтық  қолдауға  ие  боп,  содан  үлкен  ризашылық
алған  күні.  Бірінің  үстіне  бірі  баса-бас  тап  беріп,  бірі  үлкен,  бірі  кіші  сан
алуан  мəселелердің  қыспағында  қалып,  олардың  күрделілігі  мен  көлеміне
қарағанда,  жанында  жүрген  жанашырлар  тобы  көзіңе  құрдым  көрініп,
əлденеше жылдар қатарынан күдік пен күмəнға беріліп, ара-тұра өзіңе өзің
сенбей, көңілің құлазып, əуре-сарсаңға түскен ауыр еңбегің зая кетпепті.
Күдік  құрсауы  бұзылды.  Күллі  халқың  түгел  қолдап  тұрғанын
көргеніңде, қажымай-талмай еңбек ете бергің келеді.
133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет