Мемлекет дегеніміз - біз боламыз
Қазақстанның болашақ мемлекеттілігінің негізгі сипаттары менің
ұғымымда 1991 жылға жетпей тұрып-ақ қалыптаса бастаған-ды. Мен
Қазақстанды егемен мемлекеттер федерациясының құрамында болады деп
ойладым. Сол жолда күш салып бақтым. Оның үстіне, жаңа Одақ
Келісімшартының үстінде үлкен жұмыс жүріп жатты. Бірақ 1991 жылғы
тамыз тарихта күрт бетбұрыс жасады. Жаңа жағдайды ескеріп, бұрынғы
жоспарды қайта өзгерту керек болды.
Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде,
оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол –
мемлекеттілікті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші
экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, əлеуметтік
жəне ұлтаралық орнықтылықты сақтау жəне нығайту, сыртқы саяси
бағыттар желісін тарту, ықпалдастық процестер мен ТМД кеңістігін
тұрақтандыруға үлес қосу.
Бұрынғы КСРО республикаларының өз мемлекеттілігін құру
процесі құр алақан жерден басталған жоқ. Халықтар кеңес жылдарында да
ондай үміттен күдер үзген жоқ. Қуғын-сүргінге қарамастан, өз
мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы күрес мысалдарын кеңес халықтары
тарихынан көптеп табуға болады.
90
Кеңес кезінің өзінде шын ұлттық мемлекеттілік таптық сипаттан
ұлттық сипатты жоғары қою жолымен жүзеге асатынына көз жете бастады.
Өмірдің барлық саласына «жаңа тарихи қауымдастық – кеңес халқының»
моральдық
кодексін
күштеп
енгізу
адамдардың
ұлттық
сезімін,
халықтардың өзінің этникалық тегін тануға деген ұмтылысын жойып
жібере алмады. Адам қайда жүрсе де, туған бойдан, ана əлдиін ести сала,
өзін қазақпын, орыспын, украинмін, грузинмін, өзбекпін деп сезінеді...
Адамның ол сезімін қандай үлкен калибрлі идеологиялық снарядпеи
атқыласаң да, бəрі- бір құрта алмайсың. Бұны жоққа шығару ешкімнің
қолынан келе қоймас. Иə, бəріміздің де өзімізді бір үлкен державаның
азаматымыз деп ойлағанымыз рас. Бірақ əрқайсымыз əрқилы ойладық.
Жұрттың бəрі де «үлкен» аға, «кіші» ініге бөлудің, республикалардың
əлеуметтік-экономикалық дамуындағы айырмасының, республикалық
органдарға деген сенімсіздіктің, КОКП ОК-нің аймақтағы «қырағы көзі»
боп табылатын екінші хатшылардың ар жағында не жатқанын жақсы
түсінді.
Горбачевтың қайта құруымен бірге өрістеген идеологиялық күйреу
ұлттық
идеяның
қаулай
өсуіне
себепші
болды.
Халықтардың
революциядан бұрынғы өткен өмірін дəріптеу де тап сол кезде өрши түсті.
М.Горбачев тоталитарлық режимнің құрсауын күрт əлсіретіп
жіберуі-ақ мұң екен, этникалық мүдделер бұрын-соңды болмаған
қарқынмен өсті. Көптеген адамдардың басын құрайтын ұлттық
қозғалыстар пайда болды. Халықтар өзіндік санасын қалпына келтіруді,
«кеңес халқы» деп аталатын қауымдастықтың басқа мүшелерінен қалай
өзгешеленетіндіктерін білуді қауырт күшейтті. Тамтығы қалмауға айналған
мемлекеттіліктерін қайтадан қалыптастыруды Орталықтың билігі мен
беделі əлсірей түскен сайын күштірек қолға алып, оған жаңаша мазмұн
дарытты.
Бір кезде большевиктер əлемдік революция жасау ниеттерінен
нəтиже шықпаған соң, ұлттық-мемлекеттік аяда социализм орнатуға
кіріскен-ді. Əу бастағы Кеңестердің дүниежүзілік республикасын орнату
идеясы ұлттық идеямен соқтығысып, əлгіндей амалға жүгінуге мəжбүр
еткен-ді. Сонау азамат соғысы жылдарында-ақ кеңес республикасы
үлгісіндегі ұлттық мемлекеттілік құру қолға алынуы тегіннен-тегін емес-ті.
Ондай пиғыл халықтар тарапынан қызу қолдау тауып, коммунистік
режимнің нығаюына айтарлықтай дəрежеде ықпал етті. Тіпті КСРО-ның
федералдық құрылымының бірте-бірте жай əншейін шарттылыққа
айналып, нағыз унитарлық құрылым сипатына ауысуы да ұлттық мемлекет
91
идеясын біржола шайып кете алмаған-ды. Не мынандай, не анандай
жолмен ұлттық-мемлекеттік құрылымды əлсірету амалдары белгілі бір
қарсылықтар шақырып отырды. Еділ бойындағы неміс автономиясы
жойылған
кезде,
Карело-фин
одақтас
республикасы
автономияға
айналдырылған кезде солай болды. Қазақстанда Н.С.Хрущев Тың өлкесін,
Л.И.Брежнев неміс автономиясын құрғысы келген кезде де тап осылай
болды. Тек аты ғана ұлттық мемлекеттілікті жоюға тырысушылықтың өзі
жағдайды мейлінше шиеленістіріп жіберіп отырды. Басқарушы режим бұны
жақсы түсінді. Қайта құру кезеңінде Орталық пен республика арасындағы
билік бөлісудің ең түйінді мəселеге айналуы да тегіннен-тегін емес еді.
Əлеуметтік сипаты жағынан біртекті қоғамның өзінде ұлттық идея таптық
идеядан əлдеқайда басым түсті.
Кеңес Одағының жойылуы белгілі шекаралар бойынша жіктелуді
туғызуы да кездейсоқ құбылыс емес еді.
Республикалардың бір-біріне, бізге мұраға қалған шетін мəселелер
шоғырынан туындайтын əрқилы талаптар қоюы — табиғи нəрсе. Бірақ
басты гəпті ұмытпауымыз керек. Ұзақ уақыт насихатталған «адамдардың
тарихи жаңа қауымдастығы - кеңес халқы» дейтін тұжырымдама тарихи
тұрғыдан тереңнен қалыптасқан, объективті тұрғыдан өспесе, өше
қоймайтын ұлттық мемлекетті жаңғырту идеясын жоққа шығару мақсатын
көздейтін-ді. Алайда ұлттық-мемлекеттік бірегейлік, тілдік, мəдениеттік
жəне аумақтық тұтастық, тіпті ол аз десеңіз, бір кездегі мемлекеттіліктің
белгілі бір жұрнақтары жұртшылық санасында бұрынғысынша сақталып
қала берлі. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру идеясы Одақ
аумағындағы экономикалық егемендіктен, Орталық пен республика
арасындағы қатынас қағидаларын өзгертуге, сосып шынайы федерализмге,
одан конфедерациялық құрылымға қарай ұлғая түсті. Ақыр аяғында, бұл
процесс Орталықтың ықпалының əлсіреуі, бұрынғы КСРО-ның табиғи
жұлыны болып тұрған Коммунистік партияның жойылуы нəтижесінде,
Кеңестер Одағының ыдырауына əкеп соқтырды.
Жер шарының басқа бөліктеріндегідей емес, КСРО- ның ыдырауы
тарихи негізі жоқ атымен жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи
тамыры
тереңде
жатқан,
кейін
күшпен
жойыла
жаздаған
мемлекеттіліктердің қайтадан қалпына келтірілуіне ұласты. Біз тек КСРО-
ның ыдырауының ғана емес, мемлекеттіліктердің жаңадан жандандырылуы
жəне заңдандырылуынын жан-жақты күрделі процестеріне ұласты деп
айтқан болар едік.
XX ғасырда ұлттық идея таптық идеядан басым түсті деп жоғарыда
92
айттым. Оған мысал көп. Ұлттық сезімнің буырқанысы, əсіресе сын
кезеңде немесе жеңіске жеткен желпіністі кезеңде жиі бой көрсетеді.
Д.Оруэлл «Ағылшындар» деген эссесінде: «1940 жылдың қиын күндері
айқын көрсетті: Британияда ұлттық ынтымақ сезімі таптық кикілжіңдерден
əлдеқайда күшті боп шықты. Егер «пролетариаттың отаны жоқ» екендігі
рас болса, оны дəлелдеуге осы 1940 жыл таптырмайтын-ақ тұс еді. Алайда
дəл сол кезде таптық сезім екінші кезекке ойысты да, нақты қауіп тараған
соң, қайтадан бой көрсете бастады», - деп жазғанды.
Бұл идеяның жасампаздық күші бары рас. Алайда оның ұлттық
тұрғындарды жек көрушілікке ұрындыратыны тағы да рас. Ұлттық идеяны
ұлттық
астамдықтың
идеясына
айналдыру
этностың
өзіне
опа
таптырмайды. ТМД елдерінде ұлттық-аумақтық бірегейлікті қалпына
келтіру ылғи бейбіт жолмен жүзеге аса қойған жоқ. Бұрынғы КСРО-ның
аумақтық межелерді қайта-қайта өзгерткені əр этностың ұғымындағы
ұлттық мемлекеттің аумақтық тұтастығын сақтау мəселесін өте
күрделілендіріп жіберді. Ұлттық аумақтың кішкентай бір бөлшегін жоғалту
– саяси оқиғалардың географиялық салдары ғана болып саналмайды. Оның
ең терең зардабы – ол ұлттық өзіндік сананың нысанының өзгеруіне əкеп
ұрындырады.
Əңгіме
тек
жерге
байланысты
аумақ
атаулының
мызғымастығы жайында болып отырған жоқ, оның белгілі мөлшерде, тіпті
ересен елеулі мөлшерде ұлттық төркінділіктің бірден-бір белгісі ретінде,
өте-мөте нəзік жəне терең ұғымға айналып кеткендігінде болып отыр.
Ұлттық жаңғыру, мемлекеттілікті қалпына келтіру əрдайым оп-оңай
жүзеге аса бермейді. Ол аз десеңіз, дəл осындай кезеңде, кейбір жаңа бас
көтеріп келе жатқан этникалық сезімнің оянуының оң жəне теріс
сипаттарын алдын ала сезіп, есепке ала білмеген өлкелер үздік-создық
соғыс аймағына айналып кетіп жатыр. Оған мысал – Югославия, Алжир,
қазіргі Ауғанстан, көптеген африкалық мемлекеттер.
Жəне бір көзге ұрып тұрған бағыт – этнопопулизм. Этникалық
мəселелерді зерттейтін осы заманғы ғалымдардың айтуынша, бұл – өткен
екі ғасырдың өзгешеліктері туындатқан індет. Меніңше, этнопопулизм
дүние жаратылғалы бар құбылыс. Оның ерекше күшейетін тұсы –
империяның күйреп, саяси үрдістер алмасып жататын əлеуметтік өліара
кезеңдер.
Бұл жайында Вацлав Гавел өте дəл айтқан: «Дүниенің тепе-теңдік
қалыпқа түсуі үшін əлі талай онжылдықтар керек. Ұлтшылдық, популизм,
терроризм, конституциялық дағдарыс т.т. – оның бəрі қоғамның жаппай
естен тануына, бостандықтан естен тануға байланысты болып отыр»,
93
Популистер саяси ұпай жинау үшін ештеңеден тайынбайды. Ең бір
қасиетті ұғымдарды да саудаға салады. Олар адамдардың үлкен уəделерге,
даңғаза ұрандарға оңай иланатындықтарын да жақсы біледі. Қоғамның
небір күрделі мəселелерін оп-оңай шешіп тастауға серт береді. Ал ондай
жол көбіне-көп біреу-ақ: өз халқыңды жұрттың бəрінен артық халық деп
ұқтырып, оны басқаларға қарсы айдап саду. Алайда этнопопулизм -
демократиялық қоғамның денесіне шыққан «безеу» емес. Ол – вирус.
Онымен ұдайы күреспей болмайды. Ол жағдайға байланысты тез өзгеріп
тұрады. Қоғамды одан əрі жетілдіргенімізде де қыр соңымыздан қалмайды.
Мұндай кесапатпен əкімгершілік жолымен де, идеологиялық жолмен де
күресіп, көп ештеңе бітіре алмайсың. Онымен күрестің жалғыз жолы – адам
материалының сапасын ұдайы жақсартуға күш салу. Біз құқықтық қоғамға
неғұрлым жақындай түскен сайын, қазақстандықтар өздерінің еліміздің
толыққанды жəне белсенді азаматтары екендіктеріне көбірек сене түсетін
болады. Солай болған сайын, этнопопулизм вирусының қорек аясы азая
түседі.
Бұрынғы КСРО республикалары, негізінен, тəуелсіз мемлекеттер
құруды заңдастырудың мəселесін түбегейлі шешті.
Əлемдік қауымдастық үшін де ондай мəселе жоқ. Біздің бəріміз үшін
енді сол егемендікке нақты мазмұн дарытып, ұлттық қауіпсіздікті
қамтамасыз
ету
қалды.
Алғашқы
кезде
əңгіме
əлеуметтік-саяси
құрылымның, дамудың белгілі бір үлгісін емес, жалпы мемлекеттілікті
қорғау жайында болары хақ.
Ол мəселені шешуге бастапқы кезде Қазақстанның мемлекеттік
басқару жүйесінің барлық органдары ат салысты. Бірақ ол мəселелерді
шешумен негізінде қандай билік институттары шұғылданулары керек деген
мəселе бəрібір туды.
Ол жылдары əміршілдік-əкімшілдік жүйе əділ де қатты сынға
ұшырады. Оның экономикалық жəне басқа да бостандықтарды тежеп,
жаңалықты қабылдамайтыны белгілі. Алайда қысылтаяң жағдайларда
оның төтенше нəтижелі болатындығын тағы да жоққа шығара алмайсың.
Қазақстан билік құрылымдарын революциялық жолмен күйрете салуға
бой ұрған жоқ. Реформаның сипатына жəне даму барысына орай бірте-
бірте өзгертіліп, жаңа сапаға көтерілді.
Əсіресе мемлекеттілігімізді қалпына келтіруіміздің эволюциялық
сипаты басым болғанын ең үлкен табысымыз деп білемін. Сонау
А.Токвильдің өзі «Көне тəртіп жəне революция» деген еңбегінде:
«Революция саяси мекемелерді жойып, азаматтық тəртіпті қиратуға
94
кіріседі; заңдарды өзгертіп болған соң, құлықты, əдетті, тіпті тілді қайта
жасай бастайды. Үкіметтік механизмді талқандап, қоғамның іргетасын
теңселтеді, ең аяғында құдайдың өзін қолға алуға ден қояды», - деп еді. Біз
қоғам
мен
экономиканы
басқарудың
əкімгершілік
жүйесін
алмастыратындай жаңа жүйе табылғанша, оны жоққа шығару мен
күйретуге үзілді-кесілді кірісе қойған жоқпыз. Бұл, бəлкім, Қазақстанның
саяси-экономикалық орнықтылығының ең басты себептерінің бірі болуы
ықтимал.
Мемлекеттік машинаны сақтай тұру міндеті демократиялық даму
негіздерінің желі салып үлгеруімен орайластырылды. Өйткені демократия –
тек оппозиция қызметіне мүмкіндік туғызылуы ғана емес, мемлекеттің бір
түрі; қоғамдық-саяси өмір ахуалының бір деңгейі ғой. Мемлекеттік машина
мешел халге көшкенде, ескі үрдісті қирата салу бөліне жарылушылықтың,
аймақшылдықтың, діни жəне ұлттық өшпенділіктің қылмыстың қаулап
өсуіне қолайлы жағдай туғызатындығына тарихтан талай мысал тауып
беруге болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік аппарат орнықтылықтың
бірден-бір кепілі болып табылады.
Егемендікті нығайта келе, алдымыздан басқа бір мəселе –
мемлекеттілігіміздің сипатын анықтау міндеті шықты. Қазіргі бар
құрылымның ғұмыры ұзақ емес екендігі белгілі еді. 1990- 1991 жылдары
бір жүйеден екінші жүйеге көшер кезде кездесетін екі ұдай ахуал орын
алды: президенттік билік компартия жəне кеңестер билігімен қатар өмір
сүрді. Экономикада да дəл осындай көрші қону орын алды.
Кейбір түйінді мəселелерді қалай жолшыбай шешуге тура
келгендігіне бір мысал келтірейін. Ұлттық ақша шығарарда бəрі де
халықаралық шарттарға сəйкес жоспарланғандай болып шықпады.
Мен «рубль аймағын» сақтауға тырыстым. Оның екі себебі бар еді!
Біріншіден, ол аймақтың бұзылуы ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді.
1990 жылы М.Горбачев РКФСР Жоғарғы Кеңесінің дербес ақша-финанс
жүйесін жасау жөніндегі Қаулысының күшін тоқтату туралы Президент
Жарлығына қол қоймай қойды. Ал қаржы-финанс жүйесін жою деген сөз
мемлекетті жою деген сөз еді. Екіншіден, расын айтсақ, біз əзір емес едік.
Алайда қандай төтен жағдайда да қапы қалмас үшін сол кезден
бастап ұлттық ақша шығаруға дайындала бастадық. 1992 жылы Ресейде
барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік.
Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия
жарлыққа қол қойдым.
Барлық қатысушылардан құпияны таратпау жөнінде қолхат алынды.
95
Ақшаның дизайндық жұмысы Тимур Сүлейменов басқаратын суретшілер
тобына тапсырылды.
Ұлттық ақша үстіндегі жұмыс талай күш-жігерді талап етумен қоса,
көптеген күлкілі сəттерге де тап қылды. Бірінші күлетін жағдай – менің
суретім салынған купюралар жобасы əкелінді. Əрине мен оны қабылдамай
тастадым. Бірінші бетіне ұлы бабаларымыздың, сыртқы бетке мəдени-
табиғи ескерткіштерді бейнелейтін болып шештік. Батыс сарапшылары бұл
жалған ақша жасауды қиындатады деп ұйғарды. Біздің дизайнды бекіттім.
Ол бойынша ойып жасалған клишелер Англия сейфінде сақталды. Ол
сейфтін кілті мен болашақ ақшаның алғашқы үлгілерін маған əкеп
тапсырды. Істелер іс істелді. Бірақ оны ешкім білмейтін.
Мəскеу
рубль
кеңістігі
сақталынбайтындығын,
өйткені
республикалардың даму деңгейінің əрқилы екендігін сөз ете бастады.
Оның аяғының немен тынатынын бірден біле қойдым.
1992 жылы
жағдай
қалай
болады
деп,
ауыстырылатын
валютаның 20 процентін бастыртып қойдық. Біз де, ағылшындар да
операция құпиялылығын қылаусыз қадағалап бақтық. Ақшаны басу аз.
Қандай жəне қанша купюра керектігінің дəл математикалық есебі қажет.
Ақша айырбасы қалай өтеді, қандай курс белгіленеді, шетелдік
партнерлермен байланысымызға ұлттық ақша қалай ықпал етеді – бəрін де
алдын ала біліп отырмай болмайды. Бұл – өте күрделі финанстық-
экономикалық жəне саяси мəселе еді.
Бұл есептерді жүргізу үшін жас экономистерден арнайы топ
құрыллы. Олар Ұлттық банк пен қаржы министрлігінде істеді. Бізге
халықаралық финанс ұйымдары да көмектесті. Əлемдік валюта қоры,
халықаралық банк, Евробанк жəне басқалары өз мамандарын беріп отырды.
Бұл топ қала сыртындағы саяжайда жұмыс жасады. Онда мен əр кеш сайын
барып тұратынмын.
Біз өз ақшамызды қалай атау керектігі жайында да көп дауластық.
Маған «алтын» деген атау ұнады. ТМД халықтарының бəріне де түсінікті.
Түркі тілдерінде де, славян тілдерінде де бар сөз. Қазір батыстағы экю
сияқты, ТМД елдерінің айырбас валютасына «алтын» деген атау ұсынар
едім. Ақырында «теңгеге» тоқтадық.
1992 жылдың аяғында Ресей үкіметіне В.Черномырдин басшы
болды.
Рубль
аймағы
сақталады
деген
үмітім
тағы
күшейді.
В.Черномырдин Қазақстанға келгенде:
- Виктор Степанович, екеуміз ескі доспыз. Сен – үкімет басшысың.
Шыныңды айтшы... Сіздер ақша айырбастап жатқандарыңызды да білеміз.
96
Казақстан сіздің ықыласыңызбен, өзіміздің шын қалауымызбен рубль
аймағында қала ала ма? Егер қала алмасақ, ашығын айтыңыз, біз де өз
əзірлігімізді жасайық.
Виктор Степанович Қазақстанның міндетті түрде рубль кеңістігінде
қалатындығына мені сендірді.
Екінші рет 1993 жылы Давос экономикалық құрылтайында
əңгімелестік. В.Черномырдин екеуміз қатар отырып қаппыз. Ауа жұтуға
тысқа шықтық. Əңгімені өзі бастады:
- Нұрсұлтан Əбішұлы, шамасы, 1 сəуірден жаңа ақша кіргіземіз.
Сен біліп қойсын деп айтып тұрмын. Қазақстан үшін қажетті мөлшерде
арнайы ақша бастырамыз. Ең болмағанда, оларға Қазақстанның арнайы
белгісін саламыз.
- Виктор Степанович, бұл рас па?
- Рас.
Бірақ А.Шохин В.Черномырдиннен «жоғары» тұрған боп шықты.
1993 жылғы 26 шілдеде Ресей аяқ астынан жаңа ақша шығарды. Сол күні
Ұлттық банкке республикаға қажетті барлық ақшаны бастырып бітіруге
бұйрық бердім. Мəскеуге хабарластым:
- Виктор Степанович, біз ақшаны қашан аламыз?
- Жақында аласыздар.
Ұлттық банк төрағасы В.Геращенко шынын айтты:
- Нұрсұлтан Əбішұлы, Сізге керектің бəрін əзірлеп қойдым.
Басшылықтың пəрменін күтіп отырмын.
Əдейі айта кетейін, Виктор Геращенко Қазақстанды рубль
аймағынан итеріп шығаруға ашық қарсы болды. Ол ең соңына дейін бізге
көмектесті. Тіпті теңгеміздің шығуына да жəрдемдесті.
Бірақ ақшаның келе қояр түрі жоқ... Сөйтсе, енді заңдарымызды
жақындастыруымыз керек екен. 20 тамызда мен тағы да Мəскеуге барып,
Б.Н. Ельцинмен ортақ сомдық кеңістікте қалу туралы екінші мəлімдемеге
қол қойдық. Оған дейін кеден туралы заңды өзгерттік. Финансқа
байланысты заңдар Ресей заңдарымен сəйкестендірілді. Ұлттық банк
туралы Заңға да өзгерістер енді.
Республикада ескі үлгідегі ақшалар қаптап кетті. Вагон-вагонымен
əкелінді... Аэропорт сайын, вокзал сайын ондай жүктерді тоқтату үшін
арнайы милиция тобын қоюға тура келді. Петропавловскіде сол кезде
тəріктелген ескі ақшалар қоймасы əліге дейін тұр. Ресейліктерге алып
кетіңіздер деп едік. Неге екені белгісіз, əлі алып кеткен жоқ.
Рубль аймағы туралы сөйлесу үшін сүмбіледе Мəскеуге тағы
97
бардым. Рубль аймағы жайындағы ен соңғы келісімдерге қол қойыстық.
Тек ратификация жасауымыз ғана қалды. Дереу Алматыға қайтып келіп,
біздің Жоғарғы Кеңеспен таласқа түстім. Сендірдім. 12 қазанда Қазақстан
Жоғарғы Кеңесі рубль аймағы туралы барлық келісімдерді бекітті.
Премьер-министр С.А.Терещенконы Астраханда жүрген В.Черномыр-
динге жібердім. Тағы да келісімге келдік. Тағы да бір апта күттік.
Түсініксіз бірдеңе басталды... 26 қазанда А.Шохин келді. Екеуден-
екеуміз. Бəсең дауыспен сөз бастады.
- Нұрсұлтан Əбішұлы, əлдеқашан жүріп кеткен Ресей пойызының
соңғы вагонына қарғып мінудің Сізге қажеті қанша? (Рубль аймағын айтып
отыр).
Мен теріме сыймай кеттім:
- Сіз кім боласыз? Черномырдиннен өкілдігіңіз бар ма?
- Сіз күшті басшысыз. Қазақстанның мүмкіндігі көп...
- Маған баға берудің керегі жоқ. Ресеймен қарым- қатынас жасау
керек пе, керек емес пе – оны жақсы білем. Турасын айт – біз рубль
аймағында боламыз ба, жоқ па?
- Бұл мүмкін емес.
Құдайы шыным, бəлкім, Александр Шохинге ренжудің қажеті де
жоқ шығар. Бəлкім, оның сондағы пікірі дұрыс та шығар. Жаман болмай,
жақсы жоқ деген ғой. Өз мемлекетіңді құрып отырып, өз ақшаңды
шығармай болмайтын шығар. Ерте ме, кеш пе – əйтеуір шығару керек қой.
Бірақ мен Ресей бізбен экономикалық байланысын бүйтіп бір сəтте үзе сала
қоймас деп үміттеніп едім. Ақша – бүкіл экономиканың қан тамыры. Ең
болмаса, бізде орыс жұртының көп екендігін, олар ақша бірдей болмаса,
Ресейдегі ағайын-тумаларымен араласа да алмай қалатындығын ескерер
деп ойлағанмын. Əрі ақшаға көшкен күнде де əуелі келісіп алып көшеміз
ғой деп сенгенмін. Қазақстанға Ресей сияқты дос, экономикалық жағынан
күшті ықпалдас қандай қажет болса, Ресейге де экономикасы дамыған,
күшті, демократияшыл Қазақстан сондай қажет екендігіне еш күмəным
болмайтын.
Мен енді ешкімге байланысқа шықпадым, Жеті миллион доллар
тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік.
«ИЛ-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 процентін тасып
əкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының
салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік», - деп жазылды.
Оған дейін облыстарда жер асты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ
аптасына Лондон - Орал, одан облыстарға дейін əрлі-берлі он сегіз рейс
98
жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым.
Жиырма күнге жетер-жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бəрін
операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық
аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып
шықты. Бəлкім, дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез əрі
табысты жүзеге асырылған жоқ шығар.
Теңгені енгізейін деп жатқанымызды көршілес елдердің басшылары
И.Кəрімовке, А.Ақаевқа, С. Ниязовқа алдын ала хабарлап қойдым. 11
қарашада кешке ұлттық телевизиядан сөйлеп, жаңа ақшаға көшкенімізді
хабарладым. Алдын ала уəделестік бойынша, дəл сол күн, сол сағатта
президент И.Кəрімов Өзбекстанда сом-купонды енгізді.
Бүгін таңда Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың ең сын
сағаттары артта қалды деп айта аламыз. Біз мұны неге сүйеніп айтып
отырмыз? Егемендігіміз, аумақтық тұтастығымыз халықаралық деңгейде
танылып, кепілдік берілді. Қазақстан əлденеше халықаралық ұйымдардың
мүшесі боп табылады.
Қазақстан
Конституциясы
күшті
президент
республикасы
қалыптасқанын жəне билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды
түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы
кепілдіктері сақталынады, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс
жасауда.
Ең бастысы, кейінгі жылдары азаматтардың санасында түбегейлі
психологиялық өзгерістер болды. Бұрынғы КСРО-ны көксеу сезімі жаңа
Қазақстан
мемлекеттілігінің
азаматтығын
сезінумен
алмасты.
Жұртшылықтың Қазақстан егемендігіне бейімделуі жайдан- жай қалыптаса
салған
жоқ.
Социологиялық
зерттеулерге
қарағанда,
«Беловежье
келісіміне» қол қойылысымен, республика тұрғындарының басым
көпшілігі саяси орталықтың Мəскеуден Қазақстан астанасына көшкендігін
бірден сезінген екен. Біздің замандастарымыз ендігі үміттерін Қазақстан
басшылығымен тікелей байланыстыратып болды, бұл – өте үлкен табыс.
XX ғасырда Азия, Латын Америкасы, Африка құрлықтарының көптеген
елдері саяси өзгерістерді жариялағандарымен, халықтық реформаларға
деген əлеуметтік-психологиялық бейімделу кезеңін ойдағыдай өткізе
алмай, көп қиындык, көрді. Нəтижесінде қоғамды қайшылықтар кернеп,
кері кетушілік орын алған тұстар да болды.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок
толыққанды бола түсуде. Мемлекетішілік экономикалық комплекс
қалыптасты. Экономиканың құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр.
99
Қазақстан халықаралық рынокқа да жан-жақты араласуда.
Азаматтардың мейлінше басым көпшілігі дауысымен қабылданған
Конституция мемлекеттілігіміздің беріктігін орасан зор нығайға түсті. Енді
біз күш жігерімізді экономикалық реформа мен демократияны дамытуға
шоғырландыра
аламыз.
Қазақстан
мемлекеттілігінің
қайта
өрлеуі
демократия мен нарық экономикасына мықты тірек болары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |