ІІ ЖОЛ АЙРЫ ЫНДА
... Біз уакыттың белгілі бір кезеңін болашақта орындалатын іске
алдын ала берілген уəдедей көріп қарастырамыз... Расында да, бір кезде
тұралаған, мешеу саналған кездің өзінде жаңа барлық жерге өркен жайып,
болашақ жетілуге ұмтылып бағады екен. Алайда жаңа ғана өркен жайған
соны өмірді іздеп жүріп, тарихта да, табиғаттағыдай, өлім мен өмір бірінің
соңынан бірі мəңгі-бақи алмасып жататынын естен шығарып аламыз.
Мəдениеттің ескі түрлері дəл сол жаңа өркен жаяр нəр іздеп жатқан
топырақта, дəл сол жаңа өркен жаяр нəр іздеп жатқан уакытта өліп жатады.
Йохан Хейзинга
Əмбенің көңілін бірдей бірлейтін амал бар
ма?
Өткенге саяхат жасай отыра, өз өмірінің негізін түбегейлі өзгертудің
ең жауапты, ең ауыр кезеңін өздері бастап беріп отыратын мемлекеттер
тобы болатынына əбден көзіміз жетеді. Тек сондай мəселені қоя
білгендіктерінің өзі, тек олардың өздері үшін ғана емес, күллі адамзат үшін
кейін орасан ықпалға ие болады. XX ғасырда бұл мəселе əлем алдына
əлденшее рет қойылды.
XX ғасыр – өз таңдауың үшін жауап беретін кезең. Европа талай рет
жол айрығында тұрды: не викториан үрдісіндегі орталарды иеленіп қала
беруге, не қалған дүниемен жаңаша қарым-қатынасқа көшуге; не фашизмді,
не либералдық демократияны ұстануға; не индустриалдық өркениетті
сақтап қалуға, не атымен жаңа сапалы жағдайға көшуге тура келді.
Ал отаршылдықтан босаған елдердің алдындағы таңдау бұдан да
көп еді. Социализм бе, жоқ капитализм бе, авторитаризм бе, жоқ
демократия ма, зиялы мемлекет пе, жоқ діни мемлекет пе, дəстүршілдік пе,
жоқ жаңашылдық па – қалаған жолыңды таңдап ал. Ол мемлекеттер таңдап
алған əр алуан жолдың қайсысының қандай қасиеті барын жіктеп-жіліктеп
жатпай-ақ қояйын.
Солардың арасында мен «жаңашылдыққа» ден қоямын. Бірақ бұл
ұғым да бір-біріне атымен кереғар қауымдар мен топтарға бірдей телініп,
айқыш-ұйқыш пайдаланыла береді.
«Жаңашылдық» ұғымы отаршылдықтан босаған елдердің алдында
тарихи даму жолын таңдап алу міндеті қойылуына байланысты, XX
ғасырдың 60-жылдарынан бастап, кеңінен қолданылып жүр. Тап сол кезде
дүниеде отаршылдық тəуелділіктен құтылған жүзге жуық жаңа мемлекет
81
пайда болды. Жаңашылдықтың екі түрі - кеңестік не батыстық жолдары
ұсынылды. Бұл, негізінен, екі жүйе арасындағы бəсекеден өрбіп жатты.
Əлемдік жүйелердің тайталастығы жағдайында азат болған елдерге əрқилы
даму жолдары арасынан тек екі даму үрдісі ғана күштеп танылды.
Бірақ екі жаңашылдық үлгісінің екеуі де тым жалпылама, тым үстірт.
Қазіргі көп таралған батыстық даму үлгісін алайықшы. Ол ең алдымен
əмбебап үлгілерді мойындауды талап етеді. Басқаша айтқанда, ол əлемдік
дамуды бір баспалдақ сияқты қып көрсетеді. Оның əр сатысында əрқилы
елдер тобы - кенже дамыған, орташа дамыған, жоғары дамыған елдер тобы
отырады. «Екінші жəне үшінші сатыдағы елдер» бұрынғы жоғары дамыған
елдер жүріп өткен жолдың бəрінен өтулері керек. Жаңашылдық дегеніміз
не нəрсені болсын осы заманғы нормалар мен стандарттарға (мөлшерлер
мен қалыптарға) сəйкестендіру болып шығады.
Жаңашылдықты бұлай түсіну осы заманғы елдер санатына тек батыс
европалық жəне солтүстік американдық елдерді, Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы, Латын Америкасындағы санаулы елдерді, Орталық Европадағы
жедел реформаланып жатқан жекелеген елдерді ғана жатқызады. Мұндай
қағиданың өркениеттік айырманы атымен ескермей, сонау лютериандық
реформалау кезеңінен бермен қарай, Европаның протестанттық елдеріндегі
діни сезімде қалыптасқан «серіппелі мөлшерлеу» ұғымын əмбебап қағидаға
айналдырады. Əрине, бұл серпіліс жалпы Жаңа тарих үшін түбегейлі
маңызға ие болғаны рас. Алайда оның қызметін осыншама асыра
бағалаудың еш жөні жоқ.
Жаңашылдық партиясы планетамыздағы капиталданудың ең көп
дамыған бөлігі - Европа құрлығының Солтүстігі мен Батысында екі ғасыр
бойы жасақталған даму, прогресс, тиімділік ұғымдарымен тереңнен
байланысады. Оның үстіне, тарихшылар көзге көрініп тұрған бір елеулі
жайтты ескере бермейді. Отаршыл империялардың күйреуінің алғашқы
жылдарында бұрынғы метрополияның ақпараттық, интеллектуалдық,
маманданушылық қуаты жаңа тəуелсіз мемлекеттердін басқа даму үлгісін
таңдап алуға, дамуды басқаша түсінуге мүмкіндік бермейді. Жаңашылдық
деп аталатын бір ғана жалпылама үлгі барлық мемлекеттерге, тіпті əлі
тайпалық сана аясында қалып қойған елдерге де, бірден-бір «көсегені
көгертетін үлгі» ретінде ұсынылады. Бұл арада адамзаттың басқа бір бөлігі
ұстанған баламалы социалистік үлгі бар екенін де ескерген жөн.
Жаңашылдық тарихын кей уақытта «əсіре либералдар» айтып жүргендей
түсіне беруге болмайды. Оны хақ тағаланың аузынан шыққан ақиқаттай
көрмей, өз ақау, өз осалдықтары болуы мүмкін, тарихи, мəдени,
82
географиялық
жағдайлар
қалыптастырған
жұмысшы
үлгі
ретінде
қарастырған абзал.
Тəжірибе
жағдайында
«жаңашылдықтың
таза
теориясы»
дегеніміздің өзі не? «Теориялық тазалық» бұл арада табиғат танудағы
мағынасында емес, өмірлік тəжірибедегі мағынасында алынып отыр.
Ондай аңғалдық он екіде бір гүлі ашылмаған жас бойжеткендерге
жарасқанмен, қоғамның ғасырлар бойғы өзгерістерін, тіпті кейде ию-қию
араласып кетуін түсіндіруге тиісті тіс қаққан ғалым еркектерге атымен
жараспайды.
Жаңашылдық мақсаттар таза түрінде бірнеше түбегейлі ұғымдарды
қамтиды.
Экономикалық мағынасында ол бұтақтанып-салаланып кететін
нарықтық жүйені қалыптастыру, аграрлық жəне индустриялық салаларла
істейтіндердің арасалмағын батыл өзгерту, жаппай қалалық үрдіске көшу,
мемлекеттік жүйелеуден тəуелсіз финанс-қаражаттық ортаны іске қосу,
өндірістің технологиялық базасын түбегейлі жаңарту жəне еңбектің
машина қолданатын түрлерін көбейту, қызмет көрсету аясын дамытуды
көздейді.
Саяси мағынасында жаңашылдық екі міндетті жүзеге асыруда
азаматтық қоғамда жəне мемлекеттік тəуелсіздіктің жалпыұлттық
институттарын қалыптастыруды көксейді. Бірақ, біріншіден, ол екеуінің
арасында белгілі бір қайшылықтар бары аян, екіншіден, бірінші міндетті де,
екінші міндетті де жүзеге асырудың əмбеге бірдей қолайлы тəсілі атымен
жоқ. Бұл жағдай «жаңашылдықтың таза теориясының» əмбебаптыққа
ұмтылатын жаппай міндеттілік сипатын атымен бекерге шығарады.
Ең
соңында
ескеретін
жағдай:
классикалық
тұрғыдағы
жаңашылдықтың мəдени-əлеуметтік сипаттары дəстүрлік өзгешеліктер мен
өзіндік қасиеттерді жоққа шығаруға бағытталған. Əйтсе де мəдени
жаңашылдықтың айқын бедерлі жағымды бағыттары барлығын бекер деуге
болмайды. Оған жаппай сауаттылықты, құндылықтардың ізгілікті сипатын,
идеялық əр алуандықты, сөз бостандығын, адам бостандығының
кеңейтілуін жатқызған жөн.
Бұдан мемлекеттік тəуелсіздік жолына алғаш қадам басқан Қазақстан
сынды мемлекеттердің қандай қорытынды шығарғаны дұрыс болады?
Біз, Достастықтағы тəуелсіз мемлекеттердің президенттері, бəріміз
реформа туралы көп айтамыз. Сонда жаңашылдықтың не ана түрі, не мына
түрі ойымызда тұрады. Басында, 90-жылдар табалдырығында, ала-
қызбалық пен шəкірттік кезеңде, бізді көптеген шетелдік кеңесшілерге
83
қалтқысыз құлақ асуға шақырды. Бұл кенестің қазір де, əсіресе экономика
саласында жаны бар. Сондықтан да шетелдік сарапшылардың, соның
ішінде тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Қазақстанда жұмыс жасап,
нарықтық инфрақұрылымдар жасақтауға айтарлықтай үлес қосқандардың
манызын төмендеткім келмейді.
Алайда жүре келе түсіндік: даму стратегиясын, ұлттық-мемлекеттік
ерекшеліктерімізді,
саяси
тарихымыз
бен
мəдениетіміздін
өзіндік
сипаттарын,
кеңестік
жүйеден
қалған
стеоретиптерді,
этникалық
дəстүрлерімізді, тағы да басқаларды түсініктілік үшін емес, қысқалық үшін,
тұжыра айтқанда. өркениеттік-мəдениеттік аямызды түгел ескере отырып,
өзіміз анықтауымыз қажет.
Осылай мəдени-өркениеттік факторларды ескермеу Қазақстандағы,
кешегі кеңестік дүниедегі мемлекеттердің көпшілігіндегі оқиғаларды
талдайтын шетелдік сарапшылардың көбіне тəн. «Таза күйіндегі»
жаңашылдық, оның экономикалық, саяси, мəдени ең жетілген үлгісі, ТМД
елдеріне атымен келмейтініне көзім анық жетті. Оның себебі де көп. Бұны
неғұрлым ерте түсінсек, ертеңімізді де соғұрлым айқын болжай аламыз.
Белгілі дəрежеде ескірген, кешегі кеңестік дүние елдеріне
лайықталмаған
түбегейлі
жаңашылдық
жобасының
орнына
мен
«бейімделген жаңашылдық» деген ұғымды ұсынар едім. Ондай
жаңашылдық
біздің
дəстүрлі
институттарымызға,
этно-мəдени
ерекшеліктерімізге, аймақтардың саяси тарихына, мемлекетіміздің геосаяси,
геоэкономикалық, геомəдени құрылымдық жағдайларына бейімделе
құрылар еді.
Басы ашық нəрсе: жаңашылдықсыз біз тарихи дамудың кешеуілдік
кезеңінен ешқашан шыға алмаймыз. Сондықтан жаңашылдық керек, бірақ
біздің жағдайымызға бейімделген жаңашылдық керек.
Мұндай
бейімделгендіктің
мəні
неде?
Ең
алдымен,
бізде
жаңашылдық белгілі дəрежеде жүзеге асырылмады. Қазақстан – басым
мөлшерде қалалық үрдіске көшкен, жеткілікті дəрежеде дамыған
индустриялық комплексі бар, жаппай машиналандырылған еңбек түрлеріне
кеңінен ие, түгелдей сауатты, кейбір дамыған елдердегіден гөрі де
жетіліңкіреген білім беру, ғылыми, мəдени, денсаулық қорғау жүйелерін
жасақтаған қоғам. Баяғыдан бері зиялылық сипатта қалыптасқан
мемлекеттілік, жаңа кезеңде пайда болған баспасөз бостандығы,
көппартиялылық пен азаматтық қоғам нышандары бізді байырғы ұғымдағы
отаршылдықтан жаңа босанған елдерден едəуір мөлшерде өзгешелендіріп
тұрары хақ.
84
Егер ұғым дəлдігіне келер болсақ, орталық пен шет аймақтар
арасында
белгілі
бір
қатынастардың
қасаң
қағидасы
қатал
сақталынғанымен,
кеңестік
контекстегі
қатынастар
«отаршылдық»
мағынасына дəл келе бермейді. Бұрынғы КСРО ауқымында өзіндік
жаңашылдық үлгі жүзеге асырылды. Сондықтан «таза жаңашылдықтың»
көптеген мақсатына əлдеқашан жеттік деуге болады.
Жаңашылдықтың ондай үлгісінің айырмашылықтарына нарықтық
инфрақұрылымдардың, миллиондаған адамдардың экономикалық мінез-
құлқындағы институциялық өзгерістердің, финанстық аяның жедел
өрістеуінің, қолайлы инвестициялық ахуалдың жоқтығын жатқызған жөн.
Бірақ бүгінгі Қазақстан нарықтық экономиканың негізін белсене
қалыптастырып жатыр.
Мұндай жаңашылдык, қарқынның əлеуметтік бағасын мен жақсы
білемін.
Бұрынғы
КСРО
республикаларының
көпшілігіндегідей,
Қазақстандағы сталиндік жаңашылдықтың зардаптары жайында жеткілікті
айтылып жүр. Тек көшпелі қазақтарды отырықшыландырудың өзі ғана
миллиондардың өмірін қырқып, мыңдағандарды елінен, жерінен бездірді.
Алайда өткеннен тек қателіктерді ғана іздеп қоймай, қазіргі бұған дейінгі
саясат салдарынан қалыптасып кеткен қиын ахуалдан шығудың сенімді
жолдарын да қарастыруымыз қажет.
Бүгін кешегі кеңестік кеңістіктегі жаңашылдық тағдырын тек саяси
ерік пен экономикалық шаралар ғана емес, ең алдымен, əлеуметтік
бейімделгіштік дəрежесі шешетін болады. Қазақстан ауырлатылған
əлеуметтік құрылымға ие. Мəселен, республикадағы зейнеткерлердің саны
3 миллионға жуық. Мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттегі əлеуметгік ая
тым үлкен. Бұл – қоғамдық санамыз қалыптастырған сəйкессіздік. Одан
шамалы уақытта құтыла алмаймыз. Алайда оны ақылға сыйымды ауқымға
түсірмейінше, халқымыздың нарыққа бейімделуін кешеуілдете түсеміз.
Екінші жағынан, əлеуметтік аяны қаржыландыруды экономикалық
тиімділік тұрғысынан шектеушілік еліміздің стратегиялық мүмкіндіктерін
күрт төмендетеді. Қоғамның «мəдени капиталынан» қаржы аяу еліміздің
интеллектуалдық
жəне
рухани
қуатын
тұралатып,
жаңашылдық
мүмкіндіктерін азайтады. Осының өзі-ақ «классикалық жаңашылдық»
үлгісін бір- жақты түсінуге болмайтынын дəлелдейді.
Меніңше, жаңашылдықтың ең даусыз түрі тиімділік қағидасына
негізделуі
қажет
сияқты.
Алайда
тиімділіктің
де
түр-түрі
бар.
Алыпсатарлық саудаға, үй салуға немесе жаңа технология жасақтауға
бағышталған тиімділік, басқасын былай қойғанда, салынған қаржының
85
өзін-өзі қайтару мерзімі бойынша да үшеуі үш түрлі натиже берері анық.
Алайда гəп тиімділіктің əрқилы болатындығында ғана емес, гəп кейбір
тиімді шошімдердің дəстүрлі, қалыптасқан ұлттық мұраттарға көпе-көрінеу
қайшы келетіндіктен қабылдауға болмайтындығында. Сол сияқты, мұндай
ахуалды тек экономика ұғымдары төңірегінен қарастырмау керек. Бұл
арада дəстүрлі қоғамның байырғы құндылық ұғымдары тарапынан орасан
қарсылық шақырған Иран шахының жаңашылдық өзгерістерінің қайғылы
қорытындыларын еске алған жөн.
Тəуелсіздік алғаннан бергі бес жылға жетер-жетпес кезеңнің ішінде,
ТМД елдері басшыларының көбі мəселенің тек реформаның əлеуметтік
құнына байланысты емес екендігіне түсініп үлгерді ғой деп ойлаймын.
Шамасы, менің əріптестерімнің көпшілігі халықтарымыздың «таза саяси
жаңашылдықты» жүзеге асырамыз деп жүріп, ауыздары күйіп қалды деген
пікірге қосылады ғой деп сенемін. Кей жерде іс көшеге танкілер шығаруға
дейін, кей жерде жүз мыңдаған адам шейіт боп, үйсіз-күйсіз қалуға дейін
насырға шапты. XX ғасырдын аяғында да қайдағы бір идея үшін екіқабат
əйелдің ішін жару керектігіне мені ешкім сендіре алмайды. Ондай идея
жоқ! Жаңа жасалатын тəжірибенің ережелерді таза сақтауы үшін
миллиондаған адамдардың тағдырын тəлкекке салу керек дегенге мені
ешкім сендіре алмайды. «Алыстағы рақат елінен» атақты саясатшының
астамсынған ақылдарын оқи отыра, абайсыз шешімнің қантөгіске
апаратының жақсы білетіндіктен, мен ең бір əдемі қисындардан гөрі
қарапайым ақылға қонымды істерді əлдеқайда артық деп санаймын.
«Жалпақ шешейлікке» ұрындырар жаңылыс
қадам
Артта қалған он жыл тарихқа Кеңес Одағының ыдырауының, ескі
жүйенің күйреуінің кезеңі ғана боп кірмейді. Ол кезде жаңа мемлекеттердің
бүкіл бір тобы осы заманғы саяси-əлеуметтік жəне экономикалық үрдіске
шешуші бетбұрыс жасады. Көптеген, кейде тым өкінішті қиындықтар,
қателіктер мен ағаттықтар ұшырасқанымен, жаңа тəуелсіз мемлекеттердің
құрылуы аса зор жасампаздық жұмыстарға түрткі болды.
Мен
кейбір
жаңалықты
орнатуды
оңайлатып
түсінетін
«революцияшыл романтиктерге» қосылмаймын. Ештеңе де бірден жеміс
бермейді. Көптеген адамдар өзгерістердің өте баяу жүріп жатқанына
қынжылады. Оны халқымыздың бойкүйездігінен көреді. Тіпті біздің
халқымыз демократияға лайық емес, ол оны бəрібір түсінбейді дейтіндер де
86
бар. Бірақ мен бұл секілді сарыуайымшылдардан былай деп сұрар ем: бұл
өзгерістерді біз кім үшін жасап жатырмыз? Оны кім жүзеге асыруы керек?
Неге халық реформаның белсенді жақтаушысы болмайды?
Иə, өйткені қарапайым адам көбіне-көп белсенді жасампаз күш деп
емес, реформаның қарапайым құралы ретінде қарастырылады. Егер,
популистер өздері уəде еткендей, жұрттың бəр-бəрінің өмірі жақсара
қоймаса, егер қарқынды қадаммен алға баса қоймасақ, ондай орындалмаған
армандарға халықты жауапты қып шыға келеді. Демократияға «жанын
салып баққыштардың» тастарының өрге домалай бермейтіндігі тап
осындай көрер көзге қайшылықтарға ұрынатындықтарында. Мен бүгінде
бұқара бойкүйездігі жоқ деп есептеймін. Тек олар 1991 жылдың
тамызындағы деңгейлерінде қалып қойып, одан бергі уақытта іштей өсе
алмаған саясатшылардан баз кешіп жатыр деп білемін. Ол кез – ескі
құрылыстың күйреп, саяси күштердің жаңаша бөлініп, жаңа теке тіреске
шыққан кезі еді. Ал қазір – ынтымақтасу мен жасампаздық кезеңі. Қазір
адамдар өміріне сəл жақсылық енгізу толып жатқан ұран айтып, үндеу
тастаудан əлдеқайда манызды.
ТМД елдерінің көбінде популистік идеология кеңінен етек жайған.
Ал өмірде, кейбір уақытша құбылыстар болмаса, популистік режим көбіне-
көп «үшінші дүниеге» тəн сипат. Популизм деген ұғым алғаш рет XIX
ғасырда АҚШ-та шықты. Ол, мамандардың айтуынша, əсіресе Орталық
Батыста
фермерлердің,
ұсақ
кəсіпкерлердің,
қала
мен
село
пролетариатының ірі капиталға қарсы қозғалысы ретінде етек жайды.
Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, бұл ұғым «үшінші дүниенің»
тəуелсіз мемлекеттерінің саяси үрдісі мен көсемдері жүргізген саясаттың
басты қасиетіне айналды. Олар, мəселен, социалистік идеологияны
қабылдамай, рулық-тайпалық құрылым ықпалын əлсіретіп, дəстүрлі
қоғамды осы заманға лайықтап қайта құрғылары келді.
Жаңа мемлекекттерді құру қалың бұқараны саяси қызметке көптеп
араластыруды талап етті. Алдымен бұқараның саяси жұмылуының ауқымы
плюрализмді туғызады. Популистік режимдер көбіне-көп үстемдік құрып
отырған саяси құрылымды жақтайтын, дəстүрлі көңіл күйді теріске
шығаратын оппозицияларға арқа сүйейді.
Бұрынғы КСРО-ның бірде-бір аймағы мұндай ауаланушылықтан
аулақ тұра алмады. Одақтық құрылымдардың күйреуі Балтық бойы,
Закавказье, Орталық Азия, Молдова, кейін басқа да республикалардың
ұлттық саясатшылары кеңінен қолданған қуатты популизмнің негізінде
жүзеге асты. Алайда популизмге тəн дəстүршілдікке қарсы сипатты
87
айрықша атамауға болмайды. Дəстүрлі бір қалыпты аймақтардың өзінде де
саяси белсенділіктің қалай көтерілуі объективті жағдайлармен қоса
популистік қозғалыстардың əсерінен болып еді.
Популистік үрдістің жəне бір көрінісі - орнықтылық ахуалдың
бұзылуы. Бұқараға алғашқы арынмен аса үлкен үміттер күткізіп, популизм
кейін өзін жақтайтын күштердің əрқайсысының мүдделерін əр кезеңде
жүзеге асыруға тырысуға мəжбүр болады. Негізінде, популизм либералдық-
демократиялық үрдіске де ұласа алады. Бірақ ол үшін демократияшыл
дəстүрлердің мол болуы, этникалық, мəдени, діни кикілжіңдердің жоқ
болуы қажет. Алайда ТМД-нің популистік қозғалысты қауырт өрбіткен
кейбір аймақтарында мəдени-діни, ұлттық, əлеуметтік қайшылықтар
мейлінше шиеленісіп, демократияшыл дəстүрлер мейлінше кенделігін
байқатты. Ол, əлгі қайшылықтарды реттеудің ықтимал қаруы ретінде,
өктемшілдіктің (авторитаризмнін) күшеюіне желеу болды.
Түптеп келгенде, барлық популистік қозғалыс жетекшіліктің белгілі
бір үлгісін ғана таңдап алады. Ондай қозғалыстың басында жеке басынын
айрықша қасиетімен көзге түскен харизмалык, көсемдер тұрады. Ол жүре
келе заңдастырылған, ресми қызметтегі басшыға айналады. Немесе саяси,
əлде табиғи мерт тауып, күллі қозғалыстың тыйылуына əкеп соқтырады.
Популист жетекші тұлғалар ондайға ұрынбау үшін жетекшілік сипаттарды
жиі ауыстырады. Өйткені қарсылық білдіруші күштердің көбеюі, саяси
режимді орнықтыра түсудің қажеттілігі əлгіндей əдісқойлықты талап етеді.
Алайда жеке өзін алып қарастырғанда, саяси жетекшілік үлгісін өзгертудің,
күллі саяси үрдіс эволюциясындағы өзгерістерге қарағанда, соншалықты
маңызы жоқ. Осыншалық құбылмалылыққа толы популистік идеология
қоғам өмірінде ұзақ жасай алатын ғұмырлы құбылыс бола алмайды.
Біздің халқымыз əрдайым жарқын болашақты күтумен болды.
Большевиктердің айтуынша, азық-түлік салығы мен ұжымдастыру арқылы
ондаған жылда социализм орнауы керек еді. Н.Хрущевке сенсек, 1980
жылы біз коммунизмде өмір сүретін едік. Л.Брежневке сенсек, біз
кемелденген социализмде өмір сүріп, кенеліп жатар едік. М.Горбачевтың
айтуынша, 2000 жылы əр жанұя өз алдына пəтерге ие боп, 1990 жылы
кеңес машина жасау өнеркəсібі Америкадан, Жапониядан, Германиядан
басып озатын еді. Демократтардың алғашқы толқыны Кеңес Одағы түбірлі
экономикалық
өзгерістер
бағдарламасын
қабылдаса,
2000
жылы
дүниежүзілік экономикалық жетекші елдер санатына кіреді деп уағыздады.
Бұндай саяси уəделердің қалай жүзеге асқандарын көріп отырмыз.
Халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне ұрындырмай қоймайтын
88
экономикалық
реформа
жүргізу
үшін
əлеуметтік
жағдайдың
нашарлауының жауапкершілігін мойынға алу керек еді. Орталық ондай
жауапкершіліктен қашты. Əлі есімде, Орталық 1990 жылы баға қоюды
реформалауды (баға қымбаттату деген сөз) бүкіл халық боп талқылау керек
деп басты ауыртты. Əрине нақұрыс біреу болмаса, баға қымбаттасын деп
кім дауыс беретін еді. Алайда Орталық «бүкілхалықтық қолдауға» ие
болғысы келді. Ақылға сыймайтын жағдайдан құтылу үшін, мен ол
мəселені
не
атымен
талқыламауды,
не
баға
саясаты
жайында
бүкілхалықтық референдум өткізуді ұсындым. Бірақ Мəскеу еңбек
ұжымдары мен аудандық, облыстық Кеңестерде талқылауды талап етті.
Əрине, мұндай «бүкілхалықтық талқылаудың» нəтижесі қандай болатынын
алдын ала біле беруге болатын еді. Демократия жөніндегі əнгімелердің шын
бағасы қандай екені осыдан-ақ аңғарылмай ма...
Көзімнің анық жеткені: билік басындағылардың популизмі
билеушілерге қарсылардың популизмінен кем қауіпті емес. Жеңіл
орындалатын əдемі бағдарламаларға бүгін ешкім де сенбейді. Алайда
саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы екенін аяққа басып, оны
ойыншыққа айналдырып алғандардың саны азаяр емес.
Түптеп келгенде, түбірімен өзгертулер кезеңі саяси утопиялар мейлі
социалист, мейлі либералдық, мейлі ұлттық сипат алсын, бəрібір алдамшы
құбылыс болатындығын ұқтырды. Мəселен, КСРО-ның өз кезіндегі
басшылары машина жасауды батыстағы қарқынмен дамыту үшін оған
қажетті құрал-жабдықтарды екі есе шапшаң қарқынмен дамыту керектігін
түсінбеді.
Есеңгіретіп емдеу байыптамасы еркін нарық қатынастары мен еркін
баға режимін тез енгізуді көздеді. Баға ырықсыздандырылатын кездін
өзінде ол бірден үш есе көбейеді деп есептелді. Ал, шын мəнінде, баға лезде
10-12 есеге дейін өсті. Біржағынан экономистер бірден 4 есе көп қате
жіберіп отырса де, айтылмыш үлгі күштеп жүзеге асырылды. Тап сол
кезден бастап өзгерістерге деген күмəнның қазіргідей өте-мөте күшейіп
кетуіне негіз салынды.
Мен экономиканы ырықсыздандыруға байланысты таңдап алынған
бағытты жоққа шығарайын деп отырған жоқпын. Алайда кез келген
реформа тыңғылықты ойланып, тыңғылықты кесіп-пішілуі керек еді.
Реформа тек ағымдағы танымал теорияға бас ие салғанда ғана емес,
стратегиялық тұрғыда жан-жақты мықтап пайымдалса ғана нəтижелі
болмақшы.
Бүгін Қазақстан өз реформасын өзі үйлестіруге мүмкіндік алды. Ол
89
өз
шаруашылық
комплексімізді
қалыптастыруға
кіріскендігіміздің
арқасында мүмкін болып отыр. Өз табиғи байлықтарымыз бен өз
қаражатымызды өзіміз билейміз. Баяғы кезде ондай дəурен болған жоқ.
Біреудің қатесін сол қалпында қайталауға мəжбүр болдық. Мен халыққа
бұл туралы жалтармай айтқанмын.
Қоғам билікке тек сырт жылтырағына қарап ұмтылатындарға сенсе,
қатты ұтылады. Нағыз саясатшыға ең кемі үш қасиет керек: теориялық
дайындық, экономикалық қызмет тəжірибесі, қабылданған шешімнің
орындалуына жауапкершілік. Бүгін адамдарды білу мен өндірістік
тəжірибең болудың өзі жеткіліксіз. Саяси қайраткер тек кенесшілерінің
айтқанына ілесе бермей, өзі де осы заманғы қоғамдық теорияны, ұсынылып
отырған реформаның барлық егжей-тегжейін жетік білуі қажет.
Саясатшылардын жаңа буынынын өз білімін жстілдіруге жете мəн
бермейтіндері үлкен қателікке ұрынады. Өмір толассыз өзгеріп жатыр: бір
кездегі
білген
аздық
етеді.
Меніңше,
ТМД-ның
экономикалық
қиындықтарға көбірек тап болып отырған елдері реформаның «жеңілірек»
түрлерін таңдап алғандықтан тап болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |