Құқық негіздерінің қайнар көздері


Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңының 26 бабы)



бет22/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Жұмыс берушіге өз бастамасымен жеке еңбек шартын біржақты бұзуына төменгі жағдайлар негіз бола алады (Еңбек заңының 26 бабы):
1)Заңды тұлғаның таратылуы, жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы.
2) Қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылуы.
3) Жеке еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде қызметкердің жеткілікті біліктілігінің болмауы не белгілі бір жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының салдарынан атқаратын қызметіне немесе орындайтын жұмысына сәйкессіздігі аңғарылады.
4)Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ заңдарда сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтан неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмысқа екі айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін. Аурулар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Еңбек қабілетін еңбекте мертігуіне немесе кәсіптік ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердің жұмыс орны еңбек қабілеті қалпына келгенге немесе мүгедектік анықталғанға дейін сақталады;
5) Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге ауысудан бас тартқанда.
6) Іркіліске байланысты басқа неғұрлым жеңіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан жағдайда.
7) Еңбек жағдайларындағы өзгеріске байланыс­ты жұмысты жалғастырудан бас тартканда.
8) Тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз қайталап орындай алмаса.
9) Қызметкер еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзғанда.
Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына:
- бір жұмыс күнінде дәлелді себептерсіз жұмыста үш сағат бойы болмауы;
- жұмысқа алкогольдік немесе нашақорлық масаң күйде немесе өзге де түрдегі уыттық улану жағдайында келуі;
- жұмыс күні ішіндегі алкогольді, нашақорлық масаңдық немесе өзге де жағынан улану жағдайын туғызатын заттарды пайдалануы;
- қызметкердің еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуының әсерінен, өзінің жарақат алуы мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соғуы немесе соның мүмкіндігі;
- жұмыс орны бойынша соттың заңды күшіне енген үкімімен немесе қаулысымен белгіленген мүлікті (соның ішінде ұсақ заттарды) ұрлауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет