Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет21/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Жеке еңбек шарты:

  • белгісіз мерзімге;

  • белгілі бір мерзімге;

белгілі бір жұмысты орындау уақытына неме­се уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Жеке еңбек шарты жазбаша пошымда кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады.
Қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Сынақ туралы талап шартта көрсетілуі, ал бұл болмаған жағдайда қызметкер жұмыска сынақсыз қабылданды деп есептелінеді.
Жасалған жеке еңбек шартына сәйкес заң қызметкерге жұмыс жайында кепілдік береді және еңбек шарттарының талаптарын тараптар біржақты ретте өзгерте алмайды. Алайда басқа жұмысқа ауыстырғанда еңбек шартының жағдайлары өзгеруі мүмкін.
Жеке еңбек шартыныц тоқтатылу негіздері:
- мерзімнің бітуі бойынша;
- тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдай-ларда (әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса және т. с. с.).
Шартты бұзу негіздері:
- тараптардың келісімі бойынша;
- тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе);
- заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.
Қызметкер жеке еңбек шарты жұмыс берушіге бұл туралы бір ай бұрын жазбаша ескертіп тоқтатуға құқылы, ал екі тарап келісімге келсе, ескерту мерзімі біткенге дейін шарт тоқтатылуы мүмкін. Жұмысты жалғастыруды жоқка шығаратын немесе едәуір қиындататын мән-жайлар болған кезде шартты бұзу қызметкердің өтінішінде көрсетілген мерзімде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет