І. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану негіздері


Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері



бет4/16
Дата06.01.2022
өлшемі414,5 Kb.
#16315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
АКТ курыстық жұмыс

1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері және даму кезеңдері
Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш салуда.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушылардыдаралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.

"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).

Бүгінгі танда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы Барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдыкпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды.

Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.

Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуте мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.

Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оку орындарын интеграциялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатциялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.

Орта білім беру жүйесінде балаларды мектепке дейін даярлаудың енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі тәрбиенің педагогикалық қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру.



  • Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік "жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;

  • Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелері жүйесі дамытылады;

  • Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;

  • Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;

  • Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграциялау жүзеге асырылады;

  • Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент басталды;

  • Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады.

Орта білімнің екінші сатысы

Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқгалады. Жалпы білім маңызды бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім).

Бұл білім деңгейі екінші сатының екінші деңгейінде немесе жаңа, төртінші деңгейде ұсынылатын бағдарламаларға қарғанда мазмұны едәуір тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.

Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі: оқудың жалпы ұзақгығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген); ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже, екінші дәреже, үшінші дәреже).

Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім туралы, Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді қажет етеді.

Ақпараттандыру дегеніміз мемлекеттік үкімет органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың құқықтық сұранысын қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызатын ғылыми-техникалық және әлеуметтік экономикалық процесс. Сондай - ақ, ақпараттандыру сол ресурстарды пайдалану және қалыптастыру процесі болып есептеледі.

Ақпараттандырудың даму заңдылығы - әлеуметтік кеңістіктегі, оның технологиялық білімдерін дамыту және жетілдіру. Білім беруді ақпараттандыру - Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық процестерді ақпараттандырудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Оқытуды жетілдірудегі болашақ мамандар анықтаған білім мен дағдылар, болашақта қоғамды дамытудың даму жолдарын жетілдіруге көмектеседі және пайдасын тигізеді.

Білім беруді ақпараттандыру өз кезегінде экономиканы, мәдениетті және ғылымды жедел дамытудың аса маңызды буыны және негізгі көзі болып табылады.

Білім берудің дамыған өркениетті елдердегі үлгісіне қарап, мемлекетімізге сай ұлттық сана мен халықтың дәстүр және даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың жаңаша түрлі жүйесінің бағдарламасы қолға алынғаны - алға қарай талпыныс, бүгінгі күннің талабы.

Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

1997 жылдың 16-қыркүйегінде мемлекет басшысы Резиденсиясында Елбасының білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасына қол қойған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сөзінде бұл бағдарламаның қабылдануын сол кездің өзінде-ақ біздің еліміздің бюджеті үшін өте қымбат шешім деп атаған еді, бірақ, сонымен қатар: «Бізге бұдан да өте қымбатқа түседі, егер біз Қазақстанның келешегі-өскелең ұрпақтың сапалы білімі туралы ойламасақ» -деп атап көрсетті.

Білім жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған Концепциясы Үкіметтің қаулысымен бекітілді, онда оның негізгі бағыттары анықталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4, 3, 1,9-тармақтарына сәйкес әзірленген және білім беру жүйесін дамытудың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарын айқындайтын «Білім» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінде де:


  • Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу және одан әрі дамыту, мамандықтардың мемлекеттік жіктегішін жетілдіру;

  • Білім беру бағдарламасын жетілдіру жолымен мамандарды даярлаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;

  • Студенттерді даярлауда, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу;

  • Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу: дистанттық білім беруді дамыту;

  • Академиялық және салалық ғылымды жоғары біліммен кезең-кезеңмен интеграциялау.

Арақашықтықта оқыту - өз бетінше білім алудың бір түрі. Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла, А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар кабельдік және спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.

Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде - Қазақстан Республикасының білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық жүйе ретінде қарастыруға болады.

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дистанционды оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Білімді ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жүмыс істеп, өмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады.

Арақашықтықта оқыту өз бетінше білім алудың бір түрі:

Дистанттық философиялық білімді толығырақ өз еңбектерінде В.Белла, А.Тоффлера, Р.Ф.Абдеева атап өткен. Қазіргі уақытта дистанттық білім термині нақты анықталмаған. АҚШ мамандары дистанттық білімді былай түсіндіреді: білім программасын мынадай технологиялар арқылы жеткізуді атап көрсетеді, олар кабельдік жэне спутникті телевидение, видео және аудио жазбалар, факстар, модемдер, видео конференцияларды оқу орындарынан тыс жерлерде оқыту.

Сонымен қатар дистанттық білімді екі аспектіде –Қазақстан Республикасының білім беру системасының бір бөлшегі ретінде және педагогикалық система ретінде қарастыруға болады.

Күнделікті сабаққа бейне; аудио, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратгы көшіріп алып (дискетаға немесе аудио-бейне таспаларға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі- білім беру жүйесінің ақпараттандыру, оқытудың жаңа технолгиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу.

Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.

1.Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай өзінің өмірлік іс -әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

2.Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканы құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

З.Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперементалды іскерлігін дамыту.

4.0қу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В.Глушковтың анықтауынша, ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеу мен байланысты үрдістер болып табылады.

Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары (ЖАТ) ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша, ЖАТ-мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Абдірәсілова болса, жаңа ақпараттық технологияны оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Н.Апатованың анықтауынша, ЖАТ-қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер.

Осыған қарағанда жаңа ақпараттық технологияға дидактикаға мәселелерін есептеуіш техника көмегімен шешетін педагогикалық технология деген анықтама беруге болады. Осыған байланысты оқытуды компьютерлендірудің концептуалды аспектісін жасау-басты міндеттері болып табылады. Бұл багытта дүрыс шешім қабылдау үшін нақты стратегиялық бағдарлама қажет. Біздің ойымызша, оқытуды ақпараттандыруда келесі негізгі сәттерді ескеру қажет.

1.Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде тек бағдарламалау тілін немесе дербес компьютердің ақпараттық құралдарын емес, компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда, экономикалық жағдайларда моделдеуге үйрету.

2.Компьютерлендіру мұғалімді оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушы мен неғұрлым тиімді жұмыс жасауына жағдай жасау қажет. Осылайша білім негіздерін топтық түрде бере отырып, оқытуды даралауды да күшейтіп оқушылардың білім сапасынның көтерілуіне мүмкіндік жасауға болады.

З.Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда ғана пайдалану қажет, яғни мақсатқа сәйкестік ұстанымын ескеру қажет.


4.Оқытуды компьютерлендіруді оқушыны өз бетімен ойлап, шығармашылық белсенділік танытып, дербес компьютерді саналы түрде пайдаланатындай етіп, ойластырған жөн.

5.Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарда теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тесттері, анықтамалықтар, т.б болуы тиіс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет