І. Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану негіздері


Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану



бет6/16
Дата06.01.2022
өлшемі414,5 Kb.
#16315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.3.Оқытудың ақпараттық технологиялары және білім беру жүйесінде қолдану

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табылатын өнер», - деп тәлімгер-ғалым Ж.Аймауытов көрсеткендей, пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің рөлі зор.

Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жеке меңгерту – әр мұғалімнің басты міндеті. Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар тереңдігіне ден салу керек.

Қазіргі таңда қолданылатын әдістер мен технологиялар оқушының жан-жақты дамып, пәнді терең түсінуіне ықпал етеді. Ал, оқытудың ақпараттық технологиясы – заман талабы. Жалпы алғанда, оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

Оқытудың ақпарттық технологиясын қолдану пәнді жеңіл түсіндіріп қана қоймай, оқушылардың білімді игеруін жетілдіруге қол жеткіземіз.

Әрбір топта шетел тілі пәнінің оқытылуын жетілдіру, оқыту әдісінің тиімділігін арттыру, тілді үйренуге қызығушылығын ояту – әрбір сабаққа қойылатын мақсат. Сол себепті, оқыту үрдісінде оқытудың ақпараттық технологиясының алатын орыны ерекше. Шетел тілінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

3. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

4. Бейне материалдарды көрсете отырып, оқушылардың көре отырып есте сақтауларын дамыту.

5. Дыбыстық жазбалар арқылы шетел тілінде сөйлеу мәнерін, дыбыстардың шығарылуының нақтылығын қалыптастыру.

Оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіне жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.

Шетел тілі пәнінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың негізгі мақсаттары:

1. ақпараттық технологиясын қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру;

2. оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;

3. коммуникативтік қабілеттерді дамыту.

Компьютерді білу, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу, презентациялар, электронды кітаптар, сабақта оқу фильмдерін көру, ғаламтор желілерін пайдалану сабақтың нәтижелілігін көтереді және оқытылып отырған пәнге қызығушылықты арттырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану:

Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда; бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

Aktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, білімділер қатары көбейері анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет